Ірі мәмілелер және мүдделілігі бар мәмілелер туралы мәліметтер

Ірі мәмілелер

Есепті кезеңде Директорлар кеңесі және (немесе) Акционерлердің жалпы жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес ірі болып танылатын мәмілелерҚазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес нәтижесінде құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің 25% және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәміле немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығы ірі мәміле деп танылады. бойынша шешімдер қабылдамады.

Мүдделілік бар мәмілелер

Есепті кезеңнің 3-ші тоқсанында ҚМГ Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделілік бар мәмілелер деп танылатын және құны ҚМГ активтерінің жалпы баланстық құнының 10% және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алумен немесе иеліктен шығаруға байланысты бір мәміле бойынша шешім қабылдады.. Бұл шешім «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ арасында сатып алу-сату шартын жасасу арқылы «ҚазТрансГаз» АҚ-ның («QazaqGaz» ҰК АҚ) 100% жай акцияларын иеліктен шығару болып табылады. 2021 жылғы 9 қарашада «QazaqGaz» ҰК АҚ жай акциялары «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына толық берілді. Иеліктен шығарылатын активтің сомасы пайыздық қатынаста ҚМГ активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің 13%-ын құрайды.