Өнім берушілермен өзара іс-қимыл
Сатып алу жүйесінің тиімділігі
Орнықты даму қағидаттарына сәйкес келуге ұмтыла отырып, тиімді сатып алу қызметін қамтамасыз ету стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін ҚМГ қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.
ҚМГ компаниялары тобының сатып алу қызметінің негізгі қағидаттары заңнамалық және ішкі талаптарды сақтау, сатып алудың ашықтығы, адал бәсекелестікті дамыту және контрагенттер үшін тең мүмкіндіктер ұсыну болып табылады. Сонымен қатар ҚМГ қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу бағдарламасын іске асыру шеңберінде отандық өндірушілерді қолдау үшін сатып алу қызметінде бірқатар бастамаларды жүзеге асырады.
ҚМГ компанияларында сатып алу қызметін басқару үш құжат негізінде жүзеге асырылады:
- Қордың Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 3 шілдедегі №161 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібі. Бұл құжат сатып алудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін, сатып алу қызметін басқарудың жалпы тәртібін, сатып алу қызметін басқару саласындағы Қордың және Сатып алу жөніндегі қор операторының құзыретін, сатып алу қызметінің процестеріне қойылатын негізгі талаптарды, сатып алудың қолданылатын тәсілдерін айқындауды, бір көзден сатып алуды, бәсекелі келіссөздер мен холдингішілік кооперация жүргізу арқылы тендерді қолдану үшін негіздерді белгілейді.
- Қор Басқармасының 2019 жылғы 9 қыркүйектегі №31/19 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың сатып алу қызметін басқару стандарты. Бұл құжат сатып алу санаттарын басқару, сатып алуды жоспарлау, жеткізушілерді басқару және таңдау, жеткізу шарттары мен тауарлық-материалдық құндылықтардың қорларын басқару бойынша сатып алу қызметінің процестерін
нақтылайдыНақтылауға мерзімдер, құжаттаманың мазмұнына және жүргізілетін рәсімдерге қойылатын талаптар сияқты мәселелер жатады. . - Қордың бірінші деңгейдегі еншілес ұйымдары және Қордың бірінші деңгейдегі еншілес ұйымдарына елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар үшін Тәртіптің 4-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және бекітілген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың сатып алу қызметін басқару қағидалары (ҚМГ Басқармасының 2020 жылғы 26 наурыздағы №11 шешімі). Бұл құжат мүдделі тұлғалардың жауапкершілік аймағын айқындай отырып, сатып алу қызметін нақтылауға, экономикалық әсерді және кросс-функционалдық өзара іс-қимылды барынша арттыру мүддесінде сатып алу жөніндегі іс-шараларды аралас процестермен интеграциялауға, сондай-ақ бизнес-процестерді жүргізу үшін мерзімдерді айқындауға бағытталған.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы №550-IV Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ әзірлеген және сатып алудың тиімділігін арттыру және ашықтығын қамтамасыз ету үшін бірқатар бастамаларды іске асыруға бағытталған сатып алудың жаңа моделі енгізілді.
ҚМГ компаниялары тобының сатып алу рәсімдеріндегі ең озық халықаралық стандарттар мен технологиялар негізінде ашықтық пен тиімділік деңгейін қамтамасыз ету және арттыру үшін барлық мүдделі тұлғаларға сатып алу туралы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуді (жекелеген жағдайларды, бірінші кезекте, мемлекеттік құпиямен байланысты жағдайларды қоспағанда), сатып алудың барлық қатысушылары үшін мүмкіндіктердің теңдігін қамтамасыз ететін «Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі» (бұдан әрі - ЭСАЖ) порталы қолданылады.
ЭСАЖ сатып алу циклінің барлық рәсімдерін автоматтандыруға және стандарттауға (жоспарлау процесінен бастап шарттарды басқаруға дейін), міндеттерді орындау кезінде уақытты қысқартуға және адам факторының әсер ету дәрежесін әлсіретуге мүмкіндік береді. Электрондық сатып алу нарыққа қол жеткізуді жеңілдетеді және осылайша тиімділікті арттыруға, бәсекелестіктің өсуіне және әкімшілік жүктеме мен операциялық шығыстардың төмендеуіне ықпал етеді.
Сауда-саттыққа қатысуға шақыру және шарттар жасасу талаптары туралы ақпаратты қоса алғанда, сатып алу рәсімдері мен сатып алуға арналған келісімшарттарға қатысты сатып алу туралы ақпаратты жария таратудан басқа, ЭСАЖ іріктеу критерийлері мен сауда-саттықты өткізу қағидаларын және оларды жариялауды қоса алғанда, бәсекелі сатып алуға қатысу үшін талаптарды алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, ЭСАЖ нормативтік құжаттарда белгіленген қағидалар мен рәсімдер сақталмаған жағдайда, сатып алу нәтижелеріне шағым жасауды қоса алғанда, тиімді ішкі бақылау жүйесін қамтамасыз етеді.
Сатып алудың жалпы көлемі
2021 жылы сатып алудың жалпы көлемі, ҚҚС-ты есептемегенде, 1 082 226 млн теңгені құрады.
ҚМГ сатып алу қызметінің маңызды аспектілерінің бірі - бір көзден сатып алуды қысқарту және бәсекелі сатып алу үлесін арттыру болып табылады. Осыған байланысты, ҚМГ және еншілес және тәуелді қоғамдардың (ЕТҰ) басшы қызметкерлерінің жауапкершілігі, оның ішінде басшылар ҚТК картасында мақсатты индикаторды белгілеу арқылы көзделген.
Бәсекелестік сатып алу ашық тендер, баға ұсыныстарын сұрату және бәсекелестік келіссөздер арқылы жүзеге асырылады. 2021 жылдың қорытындылары бойынша ҚМГ компанияларының тобы бойынша жылдық сатып алу жоспарының жасалған шарттары бойынша бәсекелі сатып алу сомасы 447 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, соңғы үш жылда бәсекелі сатып алу үлесі 42%-ды құрады, бұл ҚМГ-ның адал бәсекелестікті және орнықты даму мақсаттарын қамтамасыз етуге ұмтылысын куәландырады.
Бәсекелестік нарықты дамыту ұмтылысына қарамастан, холдингішілік кооперация шеңберінде және (немесе) бір көзден сатып алу жүзеге асырылатын бәсекелесемес сатып алу үлесі айтарлықтай басым.
Есепті кезеңде жеткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің жалпы сомасы (жылдық және ұзақ мерзімді сатып алуды ескергенде) 1 216 млрд теңгені құрады, оның 78%-ы жергілікті қамту үлесіне тиесілі.
2020 жылмен салыстырғанда тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесінің 14%-ға төмендеуі 2021 жылдың басында ҚМГ құрылымынан «ҚазТрансГаз» АҚ-ның (газ сатып алу) шығуына байланысты болды.
Жыл | Тауарлар | Жұмыстар мен қызметтер | Жиыны | |||
---|---|---|---|---|---|---|
Жалпы сомасы (млрд теңге) | Жергілікті қамту үлесі, % | Жалпы сомасы (млрд теңге) | Жергілікті қамту үлесі, % | Жалпы сомасы (млрд теңге) | Жергілікті қамту үлесі, % | |
2019 | 473 | 63 | 1 659 | 83 | 2 132 | 81 |
2020 | 472 | 71 | 1 354 | 86 | 1 826 | 82 |
2021 | 273 | 57 | 943 | 85 | 1 216 | 78 |
Жыл | Тауарлар | Жұмыстар мен қызметтер | Жиыны | |||
---|---|---|---|---|---|---|
Сомасы | Үлесі, % | Сомасы | Үлесі, % | Сомасы | Үлесі, % | |
2018 | 137 | 7 | 375 | 19 | 511 | 26 |
2019 | 169 | 12 | 326 | 23 | 495 | 36 |
2020 | 168 | 15 | 252 | 23 | 420 | 38 |
2021 | 162 | 15 | 285 | 27 | 447 | 42 |
Әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу
Сатып алу қызметі саласындағы халықаралық практика әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеуді жүргізу тетігінің кеңінен дамуын көрсетеді. Қазақстандық және халықаралық практиканың талаптары мен стандарттарын ескере отырып, сатып алу қызметін үнемі жетілдіру ҚМГ үшін басым міндеттердің бірі болып табылады.
Алдын ала біліктілік іріктеу (АБІ) — әлеуетті өнім берушілерді стандартқа сәйкес айқындалған біліктілік талаптарына сәйкес келу тұрғысынан бағалау процесі, ол сауалнама жүргізу және аудит арқылы жүзеге асырылады.
Мыналар АБІ негізгі мақсаттары болып табылады:
- өнім берушілерді белгіленген біліктілік критерийлері бойынша бағалаудың қарапайым, ашық және тиімді процесін ұйымдастыру;
- нақты жергілікті өндірушілерді қолдау;
- сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (ТЖҚ) сапасын арттыру;
- өткізу мерзімдерін қысқарту және сатып алу рәсімдерін оңайлату.
Бүгінгі таңда ҚМГ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары 15 (он бес) санат бойынша ашық тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді АБІ рәсімінен өткен әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүргізеді.
Санаттық сатып алу
Сатып алу санаттарын басқару басым санаттарға енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қызметіне және пайдалануға байланысты шығындарды азайтудың кешенді тәсілін әзірлеу процесі болып табылады.
Санаттау сатып алу нысанасының және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бірыңғай нарығының жалпы белгілері бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу санатына біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Санаттар тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бір және бірнеше атауын қамтуы мүмкін. Басымдықтар ретінде шығындар деңгейі жоғары, сыни, үнемдеу және басқару әлеуеті бар санаттар анықталады.
Санаттық басқару санаттық сатып алу стратегиясын әзірлеу және бекіту арқылы егжей-тегжейлі талдау арқылы үнемдеу әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл стратегия ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді перспективада пайданы барынша көбейтуге негізделген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың оңтайлы тәсілін анықтайды. Санаттық сатып алу стратегияларында мақсаттар мен міндеттер, ішкі және сыртқы ортаны талдау, сатып алу санаттарын басқару тәсілдері, жеткізушілерді дамытуға қойылатын талаптар, пайданы есептеу және іске асыру жоспары болуы тиіс.
Санаттық басқару стратегиялық жоспарлауды қолдану, сатып алынатын тауарлар мен қызметтерді егжей-тегжейлі талдау және меншіктің жалпы құнын есептеу арқылы, сондай-ақ бизнестің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерімен кросс-функционалды өзара іс-әрекет жасау арқылы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу және пайдалану шығындарын едәуір төмендетеді. Жеткізудің бұл әдісі тиімді, өйткені ол сенімді өндірушілермен және жеткізушілермен жұмыс жасай отырып, сапаны, сондай-ақ анық бағаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сатып алу санаттарын басқару мыналарды қамтиды:
- сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді санаттау және сатып алудың басым санаттарын айқындау;
- басым санаттар бойынша сатып алу категориялық стратегияларын әзірлеу (өзектендіру) және бекіту;
- санаттық сатып алу стратегияларын іске асыру;
- санаттық сатып алу стратегияларын іске асыру мониторингі;
- жеткізушілерді дамыту.
2021 жылы санаттық сатып алу көлемі 117 436,49 млн теңгені құрады. Осы әдісті қолдану кезінде 6 494,76 млн теңге сомасында басым санаттарға енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде экономикалық тиімділікке қол жеткізу жоспарлануда.
Көрсеткіш | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|
Санаттық сатып алу көлемі, млн теңге | 231,88 | 13 948,38 | 41 531,68 | 49 716,04 | 117 436,49 |
Сатып алуды санаттық басқарудың пайдасы, млн теңге | 85,07 | 1 565,01 | 4 101,81 | 7 011,23 | 6 494,76 (план) |
Тұрақты сатып алуды ұстану
ҚМГ-ның орнықты даму саласындағы қағидаттары заңдылық пен ашықтық, шарттардың талаптарын сақтау, сатылмайтындық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік негізінде контрагенттермен өзара іс-қимылды жүзеге асыруда, сондай-ақ үздік баға, сапа және шарттар, контрагенттің іскерлік беделі сияқты факторлардың негізінде контрагенттерді іріктеуде көрініс тапты.
Бұл ретте, ҚМГ өз кезегінде контрагенттерге қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау, қызметкерлерге әділ қарым-қатынас жасау, балалар еңбегін пайдаланбау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және этикалық мінез-құлықтың өзге де қағидаттарын ұстану бойынша қарсы міндеттемелер белгілейді.
Бұл талаптар ҚМГ-ның контрагенттермен Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек құқықтарын сақтау және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, балалардың құқықтарын қорғау және экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында жасалатын шарттарының талаптарына енгізілген. Компанияның пікірі бойынша, бұл шаралар ҚМГ-мен ынтымақтасатын компаниялардың заңсыз қызмет ету жағдайларының санын азайтуға көмектеседі.
ҚМГ тауарларды сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификаттарын беру туралы талаптарды да белгілейді.
Импортты алмастыру
Мұнай-газ саласында мемлекеттің мүдделерін білдіретін Компания бола тұра, ҚМГ оффтейк-шарттар жасасу арқылы жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде импортты алмастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты жаңа өндірістерге бастамашы болған жеке кәсіпкерлерді қолдау, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында сұранысқа ие өнімдерді шығару мақсатында технологиялық қайта жарақтандыру болып табылады.
Оффтейк-шарттардың тетігі жобаны іске асыру нәтижесінде өндірісі жолға қойылатын тауарларды сатып алу мен жеткізуді кейінге қалдыру шартымен импортты алмастыру жобаларының іске асырылуын көздейді.
2021 жылдың қорытындылары бойынша ҚМГ-ның еншілес ұйымдары отандық өндірушілермен жалпы сомасы 882 млн. теңгеге 49 оффтэйк-шарт жасасты.
2020 жылмен салыстырғанда импорттық тауарлар үлесінің 7%-ға ұлғаюы 2021 жылдың басында ҚМГ құрылымынан «ҚазТрансГаз» АҚ-ның (газ сатып алу) шығуымен байланысты болды.
Жыл | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|---|
Сомасы, млрд теңге | 173 | 104 | 94 | 73 |
Қазақстанда шығарылған СТ-КZ сертификатынсыз жеткізілген тауарлардың | 21 | 22 | 20 | 27 |