Басқарманың жұмысы туралы есеп

Басқарманың қызметі Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңында, ҚМГ Жарғысында және Басқарма туралы ережеде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында регламенттелген. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және ҚМГ Жарғысымен Компанияның басқа да органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Компания қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы. ҚМГ Басқармасын Акционерлердің жалпы жиналысы тағайындайтын (сайлайтын) Басқарманың төрағасы басқарады. Өз кезегінде, Басқарманың қалған мүшелерін тағайындау ҚМГ Директорлар кеңесінің құзыретіне кіреді.

Мыналар Басқарма құзыретінің аса маңызды мәселелері болып табылады:

  • ҚМГ Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыру;
  • бизнес-жоспарды орындауды және инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, Компанияның ағымдағы қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
  • ҚМГ мен ЕТҰ-ның орнықты дамуы бойынша іс-шараларды іске асыру;
  • мүдделер қақтығысы мен корпоративтік қақтығыстарды реттеуге қатысу және олардың мониторингін жүргізу;
  • осы Жарғымен Компания Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, ҚМГ ЕТҰ қызметінің мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
  • ҚМГ міндеттемелерін ұлғайту және материалдық шегіне сәйкес мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару.

ҚМГ Басқармасын Директорлар кеңесі Басқарма төрағасының ұсыныстары негізінде қалыптастырады. 2021ж.31.12 жағдай бойынша Басқарманың құрамына ҚМГ-ның негізгі жеті басшысы кірді. Басқарманың отырыстары іштей және сырттай нысанда өтеді және қажеттілігіне қарай шақырылады.

2021 жыл ішінде басқарма жасалуына мүдделілік бар ҚМГ мәмілелері бойынша 41 шешім қабылдадыҚМГ Жарғысына сәйкес Директорлар кеңесі мен басқарманың мәселелерді қарауының аражігін ажырату бойынша материалдылық шегі бар..

2021 ЖЫЛЫ ӨТКІЗІЛГЕН
47 отырыс
ҚАРАЛДЫ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
611 шешім қабылданды
2021 ЖЫЛ ІШІНДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН БАСҚАРМАНЫҢ НАҚТЫ ШЕШІМДЕРІНІҢ ЖАЛПЫ САНЫНАН
167 сұрақ қарастырылды
БЕЛГІЛЕНГЕН ТӘРТІППЕН ҚМГ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚАРАУЫНА ШЫҒАРЫЛДЫ
Отырыстар саны, бірл.
Қаралған мәселелердің саны, бірлік
Сенімгерлік басқарудың акционері / құрылтайшысы ретіндегі 26 шешім

2021 жылы Басқарма шешімдерімен төмендегі құжаттар бекітілді:

  • Еншілес және тәуелді ұйымдарға қатысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дивидендтік саясаты;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2028 жылға дейінгі қаржы стратегиясы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының жобаларын басқару жөніндегі басшылық;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның ішкі бақылау жүйесі бойынша 2021 және 2022 жылдарға арналған жұмыстардың күнтізбелік жоспар-кестесі;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспары (жеке);
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2022 жылға арналған бюджеті;
  • бес ереже;
  • 24 қағида және т. б.

Бұдан басқа, 27 шешіммен ҚМГ-ның жекелеген ішкі құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Басқарма акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналыстарында дауыс беруге арналған ұстанымды айқындау үшін мынадай шешімдер қабылдады:

Қатысушы/жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің сенімгерлік басқарушысы ретінде 111 шешім;
ҚМГ ЕТҰ-ның жалғыз акционері/барлық дауыс беретін акцияларын иеленетін тұлға ретінде 24 шешім;
Қатысушы/жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің сенімгерлік басқарушысы ретінде 111 шешім;
ҚМГ ЕТҰ-ның барлық қатысу үлестерін иеленетін жалғыз қатысушы/құрылтайшы/тұлға ретінде 200 шешім.

Басқарма құрамы

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Басқарманың құрамы.
Айдарбаев А.С. Басқарма төрағасы
Қарабаев Д.С. Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Тиесов Д.С. Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай-химия жөніндегі орынбасары
Берлібаев Д.Ә. Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және "Сарыарқа" газ құбырын салу жөніндегі орынбасары
Абдулғафаров Д.Е. Басқарма төрағасының стратегия, инвестициялар және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары
Сәулебай М.О. Басқарма төрағасының орынбасары
Марабаев Ж.Н.Ж.Н. Марабаевтың өкілеттіктері ҚМГ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №1/2022 хаттамасына сәйкес шешімімен тоқтатылды. Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары
Жылдық есепті бекіту кезіндегі (2022 жылғы 6 сәуір) Басқарманың құрамы
Айдарбаев А.С. Басқарма төрағасы
Есқазиев Қ.О. Қ.О. Есқазиев Басқарма құрамына ҚМГ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 6 сәуірдегі шешімімен енді. Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары
Қарабаев Д.С. Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Тиесов Д.С. Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай-химия жөніндегі орынбасары
Берлібаев Д.Ә. Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және "Сарыарқа" газ құбырын салу жөніндегі орынбасары
Абдулғафаров Д.Е. Басқарма төрағасының стратегия, инвестициялар және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары
Сәулебай М.О. Басқарма төрағасының орынбасары

Басқарма құрамына 2018 жылдан бастап кіреді (ақпарат «Директорлар кеңесінің құрамы» бөлімінде берілген).

Басқарма құрамына 2022 жылдың сәуірінен кіреді.

Туған күні: 1965 жылғы 11 мамыр

Білімі:

  • В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, мамандығы «геолог-тау-кен инженері»;
  • Томск политехникалық университеті, біліктілік дәрежесі «геология-минералогия ғылымдарының кандидаты»
  • Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті. И. М. Губкина "геология-минералогия ғылымдарының докторы" ғылыми дәрежесін алды.

Марапаттары мен құрметті атақтары

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетінің «Мұнай мен газды іздеу-барлау» кафедрасының профессоры, Ресей табиғи ғылымдар академиясының академигі.

«Құрмет» орденімен, «ҚР Жер қойнауының Үздік барлаушысы» және «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» белгілерімен марапатталып, «Атырау облысының құрметті азаматы» атағы берілді.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1985ж. «Эмбанефть бірлестігінде Балықшы барлау бұрғылау басқармасының оператор-коллекторы болып бастап, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры лауазымына дейін өндірістің барлық сатыларынан өтті.

2006-2008 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ геология және игеру департаменті директорының орынбасары, кейіннен департамент директоры болып жұмыс істеді.

2008-2015жж. - «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геология және келешек жобалар жөніндегі орынбасары, операциялық емес активтер бойынша басқарушы директор (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ), геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды.

2015ж. қыркүйегінен 2018ж. дейін - «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы).

2018-2020жж. - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервис жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

С 2020 года по февраль 2022 года - генеральный директор (председатель Правления) АО «Разведка и Добыча «КазМунайГаз».

2020ж. бастап 2022ж. ақпанына дейін - «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы).

2022 жылдың ақпанынан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары.

Басқарманың құрамына 2016 жылдан бастап кіреді.

Туған күні: 1978 жылғы 11 маусым

Білімі

  • Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы – «халықаралық экономикалық қатынастар»
  • Texas A&M университеті, қаржы саласындағы ғылымдар магистрі
  • CFA халықаралық кәсіби сертификатының иегері.

Еңбек жолы

Еңбек қызметін 2001 жылы «АБН АМРО Қазақстан банкі» АҚ-да кредиттік талдаушы болып бастады. 2003 жылы банкте кредиттік басқарма бастығы болып тағайындалды.

2004 жылдан бастап «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-та басқарушы директор болды. 2007 жылдан бастап 2016 жылдың маусымына дейін «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды. 2016 жылғы қыркүйекке дейін McKinsey & Company Inc. компаниясында жобаның тәлімгері болды. 2017 жылдан бастап, Лондондық қор биржасында листингтелген «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Директорлар кеңесі төрағасы болып табылады.

ҚМГ-ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.

Басқарманың құрамына 2016 жылдан бастап кіреді.

Туған күні: 1970 жылғы 6 желтоқсан

Білімі

  • Атырау мұнай және институты, инженер-технолог;
  • Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, заңгер.

Еңбек жолы

Еңбек қызметін 1994 жылы «Манас» МП менеджері, одан кейін «Бата» ЖШС-да менеджер және «Абыз» ЖШС-да атқарушы директор болды. Әртүрлі жылдарда «АМӨЗ» ЖШС бірінші вице-президентінің көмекшісі, Директорлар кеңесінің хатшысы, «Қазақойл» ҰМК ЖАҚ-та бас менеджер, «АМӨЗ» ЖШС қайта жаңарту жобаларын басқару тобының бас менеджерінің орынбасары, АМӨЗ жобаны басқару департаментінің ағымдағы қызметті бақылау секторын меңгеруші, ағымдағы қызметті корпоративтік басқару және мониторингі секторының бас маманы, мұнай, газ және мұнай-химия өңдеу департаменті директорының орынбасары, ал одан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-химияны дамыту департаменті директорының орынбасары, «АМӨЗ» ЖШС күрделі құрылыс басқармасының бастығы, Салынатын кәсіпорын дирекциясының бас директоры, қаржы директоры болып жұмыс істеді.

Әр жылдарда «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының өңдеу және мұнай-химия жөніндегі орынбасары, мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі басқарушы директоры, мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз – Өңдеу және маркетинг» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аға вице-президенті, мұнай тасымалдау, өңдеу және маркетингі жөніндегі атқарушы вице-президенті болып жұмыс істеді.

ҚМГ-ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.

Басқарманың құрамына 2019 жылдан бастап кіреді.

Туған күні: 1968 жылғы 21 желтоқсан

Білімі

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті, заңгер.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1991-1994 жж. ҚазКСР Ғылым академиясында кіші ғылым қызметкері болып бастады, одан кейін «Барикон» кәсіпорнының заң бөлімінің заң консультанты, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді. Әр жылдарда Шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің жобаларды бағалау басқармасының бас маманы, Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінің жанындағы Шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің шетелдік инвестициялар басқармасы бастығының орынбасары, заң департаментінің құқықтық сараптама басқармасының бастығы, ал одан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік экспорттық-импорттық банкінің («Эксимбанк») заң департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚМГ компанияларының тобында жұмыс істеп жатыр. «ҚазТрансОйл» НКТН» ЖАҚ инвестициялық жобалар департаментінің бастығы, корпоративтік қаржыландыру департаментінің бастығы, қаржы жөніндегі атқарушы директоры, экономика және қаржы жөніндегі кеңесшісі болып жұмыс істеді. Әртүрлі жылдарда «ҚазТрансГаз» ЖАҚ вице-президентінің, бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, бірінші вице-президенті, «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК ЖАҚ бас директорының бірінші орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының корпоративтік даму жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржы және экономика жөніндегі басқарушы директоры, «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК ЖАҚ бас директоры болып жұмыс істеді. 2005-2007 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры болды.

Әр жылдарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тасымалдау және өңдеу жөніндегі вице-президент, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ газ жобалары жөніндегі басқарушы директоры, бас директоры, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ жобалары жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасының Корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.

ҚМГ-ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.

Басқарманың құрамына 2020 жылғы ақпаннан бастап кіреді.

Туған күні: 1974 жылғы 16 желтоқсан

Білімі

  • О.А. Жаутықов атындағы республикалық физикалық-математикалық мектеп;
  • Қазақстандық құқық және халықаралық қатынастар институты, мамандығы – «халықаралық құқық», заңгер;
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясы, мамандығы – «халықаралық экономика және құқық»;
  • ENI Корпоративтік университеті, Милан қ., мұнай бизнесі магистрі;
  • Мәскеулік Сколково басқару мектебі, мамандығы – «қаржы және инвестициялар», Executive MBA.

Еңбек жолы

ҚМГ компанияларының тобындағы жұмыс тәжірибесі 18 жылдан астам, оның ішінде, 14 жыл – басшы лауазымдарда.

Әр жылдарда халықаралық келісімшарттар департаментінің заңгері, жаңа жобаларды дамыту департаментінің бас менеджері, жаңа жобаларды дамыту департаментінің директоры, жаңа теңіз жобаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, одан кейін директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ-та жобаларды басқару тобының жетекшісі, бас директордың кеңесшісі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлау және өндіру бизнесін сүйемелдеу жөніндегі басқарушы директоры, аппарат басшысы – дамыту жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

ҚМГ-ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.

Басқарманың құрамына 2020 жылдан бастап кіреді.

Туған күні: 1975 жылғы 7 мамыр.

Білімі

  • О.А. Жаутықов атындағы республикалық физикалық-математикалық мектебі;
  • Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы «экономист»;
  • Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, мамандығы «заңгер»;
  • И.М. Губкин атындағы Ресейлік мемлекеттік мұнай және газ университеті, Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі (үздік).

Еңбек жолы

Жалпы жұмыс тәжірибесі 26 жыл.

Еңбек жолын 1995 жылы бастады, 2000 жылға дейін банк саласында: «Қазпочтабанк» департаментінің жетекші экономисі, директорының орынбасары, «Альфа банк»-те аға бухгалтер-бақылаушы, «Транс Азия Сауда банкі» ААҚ-да басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

2000-2005 жылдары прокуратура органдарында: Астана қ. Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры, Қазақстан Республикасының Бас прокурор орынбасарының көмекшісі, Астана қ. прокуратурасының, Орталық өңірлік көлік прокуратурасының басқарма бастығы болып жұмыс істеді. «Прокуратура үздігі» омырауға тағатын белгісі, 2005 жылы біліктілік емтиханын сәтті тапсырып, судьялар резервіне кірді.

2005 жылдан бастап 2006 жылға дейін «Қазақстандық Ипотека компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінде басқарма бастығы болды.

2006 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ активтерді басқару департаментінің директоры болып тағайындалды. 2007-2009 жылдары «ҚазТрансОйл-Сервис» АҚ бас директоры, 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін «ҚазМұнайГаз-Өңдеу Маркетинг» АҚ-та (бас директордың кеңесшісі, құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор), 2011 жылдан бастап 2016 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-та (құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі, аппарат басшысы – Басқарма мүшесі), 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ-та (сыртқы және корпоративтік байланыс жөніндегі вице-президент), 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ-та (тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі) болып жұмыс істеді.

2019 жылғы мамырдан бастап 2021 жылдың желтоқсан айына дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды, 2020 жылғы ақпанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының құрамына сайланды. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.

ҚМГ-ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.