Жауапкершілік туралы мәлімдеме

Директорлар кеңесі мен Басқарма Кодекске сәйкес Компанияның жылдық есебі мен қаржы есептілігінің дұрыстығына жауап береді.

Директорлар кеңесі және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі Жылдық есеп пен есептілікті дайындау және келісу үшін өздерінің жауапкершілігін түсінетінін мәлімдейді және Жылдық есеп пен есептілікті тұтастай алғанда, әділ, теңдестірілген және түсінікті деп есептейді, сондай-ақ акционерлерге Компанияның жағдайын, қызмет нәтижелерін, бизнес-моделін және стратегиясын бағалау үшін қажетті ақпаратты қамтиды.

Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі өзінде бар ақпаратты негізге ала отырып, мыналарды растайды:

  • ХҚЕС-ке сәйкес дайындалған қаржы есептілігі Компанияның активтері, міндеттемелері, қаржылық жағдайы, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері, Компанияның еншілес кәсіпорындарымен біріктірілген балансы туралы шынайы және сенімді көрініс береді;
  • Басқарманың есебі Компания мен оның еншілес кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің дамуы және көрсеткіштері мен қаржылық жай-күйі туралы сенімді деректерді, сондай-ақ олар тап болатын аса маңызды тәуекелдер мен белгісіздіктерді сипаттауды қамтиды.

Директорлар кеңесі Кодекске сәйкес директорлардың тәуелсіздік фактісін белгіледі және Уолтон Кристофер Джон, Холланд Филип Малкольм және Миллер Тимоти Глен мінез-құлқы бойынша және шешім қабылдауда тәуелсіз деп есептейді. Директорлар кеңесі осы директорлардың тәуелсіз шешімдеріне айтарлықтай әсер ететін немесе әсер ете алатын қандай да бір болмасын қатынастардың немесе мән-жайлардың жоқ екенін анықтады.