2021 жылғы негізгі қаржы көрсеткіштеріСомалар қолайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2021 және 2020 жылдардағы орташа бағамдар, тиісінше, 426,06 және 413,46 теңге/АҚШ долларын құрады, 2021 жылғы 31 желтоқсанға және 2020 жылғы 31 желтоқсанға бағамдар, тиісінше, 431,80 және 420,91 теңге/АҚШ долларын құрады).
Более подробная информация представлена в разделе «Финансовая отчетность»
Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | 2021 | 2020 |
---|---|---|---|
Мұнай | $/барр | 70,91 | 41,84 |
Орташа бағам | теңге / АҚШ долл. | 426,06 | 413,26 |
Кезең соңындағы бағам | теңге / АҚШ долл. | 431,80 | 420,91 |
Түсім | млрд теңге | 5 839 | 3 625 |
млн АҚШ долл. | 13 704 | 8 767 | |
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі | млрд теңге | 769 | 281 |
млн АҚШ долл. | 1 804 | 679 | |
Таза | млрд теңге | 1 197 | 172 |
млн АҚШ долл. | 2 810 | 416 | |
Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезеңдегі таза пайда | млрд теңге | 1 216 | 273 |
млн АҚШ долл. | 2 853 | 661 | |
| млрд теңге | 1 609 | 810 |
млн АҚШ долл. | 3 776 | 1 960 | |
Түзетілген EBITDA | млрд теңге | 1 256 | 664 |
млн АҚШ долл. | 2 947 | 1 607 | |
Еркін ақша | млрд теңге | 669 | 50 |
млн АҚШ долл. | 1 570 | 121 | |
| млрд теңге | 3 746 | 4 078 |
млн АҚШ долл. | 8 676 | 9 690 | |
| млрд теңге | 2 204 | 2 594 |
млн АҚШ долл. | 5 104 | 6 162 |
Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | 2021 | 2020 | Өзгеріс |
---|---|---|---|---|
Түсім және өзге де кіріс | ||||
Түсім | млн теңге | 5 838 793 | 3 624 964 | 2 213 829 |
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі, нетто | млн теңге | 768 733 | 280 815 | 487 918 |
Қаржылық кіріс | млн теңге | 84 599 | 87 987 | (3 388) |
Бірлескен кәсіпорындардың шығуынан түсетін кіріс | млн теңге | 19 835 | 0 | 19 835 |
Басқа операциялық кіріс | млн теңге | 30 779 | 19 020 | 11 759 |
Түсімнің және өзге де кірістің жиыны | млн теңге | 6 742 739 | 4 012 786 | 2 729 953 |
Шығыстар мен шығындар | ||||
Сатып алынатын мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және өзге де материалдардың өзіндік құны | млн теңге | (3 596 491) | (1 901 236) | (1 695 255) |
Өндірістік шығындар | млн теңге | (693 031) | (656 178) | (36 853) |
Табыс салығынан басқа салықтар | млн теңге | (428 639) | (254 322) | (174 317) |
Тозу, сарқылу және амортизация | млн теңге | (322 068) | (317 427) | (4 641) |
Тасымалдау және өткізу бойынша шығыстар | млн теңге | (131 912) | (137 144) | 5 232 |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | млн теңге | (148 478) | (146 625) | (1 853) |
Негізгі құралдардың, барлау және бағалау жөніндегі активтердің, материалдық емес активтер мен сатуға арналған деп жіктелген активтердің құнсыздануы | млн теңге | (20 724) | (243 893) | 223 169 |
Барлау бойынша шығыстар | млн теңге | (79 083) | (19 807) | (59 276) |
Бірлескен кәсіпорынға және қауымдасқан компанияға салынған инвестициялардың құнсыздануы | млн теңге | (64) | (30 654) | 30 590 |
Қаржылық шығындар | млн теңге | (249 265) | (265 372) | 16 107 |
Оң/(теріс) бағамдық айырма, нетто | млн теңге | 17 781 | (16 189) | 33 970 |
Өзге де шығыстар | млн теңге | (24 510) | (28 094) | 3 584 |
Шығыстар мен шығындар жиыны | млн теңге | (5 676 484) | (4 016 941) | (1 659 543) |
Табыс салығын есепке алғанға дейінгі пайда/(шығын) | млн теңге | 1 066 255 | (4 155) | 1 070 410 |
Табыс салығы бойынша шығыстар | млн теңге | (221 393) | (85 276) | (136 117) |
Жалғасып жатқан қызметтен бір жыл ішіндегі пайда/(залал) | млн теңге | 844 862 | (89 431) | 934 293 |
Тоқтатылған қызмет | ||||
Салық салынғаннан кейіні тоқтатылған қызметтен түскен пайда | млн теңге | 352 478 | 261 328 | 91 150 |
Бір жыл ішіндегі таза пайда | млн теңге | 1 197 340 | 171 897 | 1 025 443 |
Бір жылдағы таза пайда/(шығын) | ||||
Бас компанияның акционерлеріне тиесілі | млн теңге | 1 215 561 | 273 237 | 942 324 |
Бақыланбайтын қатысу үлесіне тиесілі | млн теңге | (18 221) | (101 340) | 83 119 |
млн теңге | 1 197 340 | 171 897 | 1 025 443 |
Түсім
2021 жылғы түсім 5 839 млрд теңгені (13 704 млн АҚШ доллары) құрады.), бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 61,1%-ға жоғары. Brent маркалы мұнай бағасының жылдан жылға 69,5%-ға өсуі, АҚШ долларына шаққанда, орташа айырбас теңгенің жылдан жылға 3,0%-ға әлсіреуі және KMG International N. V. (KMGI) мұнай және мұнай өнімдері трейдингі көлемдерінің ұлғаюы түсім қарқынына негізгі оң әсерін тигізді. Түсімнің өсуі OPEC+ келісіміне сәйкес жекелеген кен орындарында өндірудің, сондай-ақ газ бен мұнай өнімдерін сату көлемдері азайғандықтан, түсімнің төмендеуімен шектелді.
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі
2021 жылы бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес кем дегенде екі есе өсіп, 769 млрд теңгені (1 804 млн АҚШ долл.) құрады, бұл, негізінен, «Теңізшевройл» ЖШС пайдасының 268 млрд теңгеге (617 млн АҚШ долл.), «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШҚ 95 млрд. теңгеге (224 млн. АҚШ долл.), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 63 млрд теңгеге (148 млн АҚШ долл.) және "ҚазРосГаз" ЖШС 20 млрд теңгеге (47 млн АҚШ долл.) өсу нәтижесінде болды.
Өзіндік құн
2020 жылмен салыстырғанда есепті кезеңде сатып алынатын мұнайдың, газдың, мұнай өнімдері мен өзге де материалдардың өзіндік құны 89,2%-ға артып, 3 596 млрд теңгені (8 441 млн АҚШ долл.) құрады. Өзіндік құнның ұлғаюы, негізінен, мұнайдың орташа бағасының өсуіне және АҚШ долларына шаққанда, теңгенің орташа айырбас бағамының әлсіреуіне байланысты.
Басқа да шығыстар
2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы өндірістік шығындар аздап ұлғайып, 693 млрд теңгені (1 627 млн АҚШ доллары) құрады.
Тасымалдау және сату бойынша шығындар 132 млрд теңгені (310 млн АҚШ долл.) құрап, 2020 жылғы көрсеткіштен 3,8%-ға төмен болды.Жалпы және әкімшілік шығындар 1,3%-ға 148 млрд теңгеге дейін (348 млн АҚШ долл.) өсті.
2021 жылы табыс салығынан басқа салықтар, негізінен, мұнай бағасының өсуі салдарынан ренталық салық, экспорттық кедендік баж және пайдалы қазбалар өндіру салығы бойынша шығыстардың артуы нәтижесінде 68,5%-ға ұлғайып, 429 млрд теңгені (1 006 млн АҚШ доллары) құрады.
2021 жылы жалақы бойынша шығындар 386 млрд теңгені (907 млн АҚШ доллары) құрады және жылдан жылға 4,2%-ға ұлғайғанын көрсетіп, өндірістік шығыстардың, тасымалдау және өткізу жөніндегі шығыстардың және жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте жалпы және әкімшілік шығыстардың құрамында көрсетілді.
2021 жылғы қаржылық шығындар 249 млрд теңгені (585 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2022 және 2023 жылдары өтеу мерзімімен облигациялардың мерзімінен бұрын толық өтелуіне байланысты 6,1%-ға аз болды.
Активтердің құнсыздануы
2021 жылы жүргізілген бағалау нәтижесінде активтердің құнсыздануынан шығын 21 млрд теңгені (49 млн АҚШ долл.) құрады, бұл 2020 жылы танылған 244 млрд теңге (590 млн АҚШ доллары) сомасындағы құнсызданудан 92%-ға төмен. Құнсыздану бойынша шығын сомасы KMG International активтерінің 8 млрд теңгеге (19 млн АҚШ долл.), «Сұңқар», «Барыс» және «Бүркіт» өздігінен жүретін баржаларының 4,5 млрд теңгеге (10 млн АҚШ долл.) және өзгелердің 8 млрд теңгеге (19 млн АҚШ долл.) құнсыздануын қамтиды. 2021 жылы активтердің құнсыздануы бойынша залал есепті кезеңде "Ембімұнайгаз" АҚ-ның материалдық емес активтері мен барлау және бағалау бойынша активтерінің негізгі құралдарының құнсыздану белгілерінің анықталмауына байланысты, айтарлықтай төмендегенін көрсетті.
Таза пайда
2020 жылғы 172 млрд теңге (416 млн. АҚШ долл.) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда Компанияның есепті кезеңдегі таза пайдасы 1 197 млрд теңгені (2 810 млн АҚШ долл.) құрап, орташа мұнай бағасының өсуі, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске жататын түсім мен кірістердің ұлғаюы, сондай-ақ 2021 жылғы негізгі құралдардың құнсызданбауы аясында елеулі ұлғаюды көрсетті.
Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезеңдегі таза пайда 1 216 млрд теңгені (2 853 млн АҚШ долл.) құрады.
Күрделі шығындар
2021 жылы Компанияның күрделі шығындары (есептеу әдісі бойынша, сегменттік есептілікте ашылған) 2020 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға төмендеп, 414 млрд теңгені (972 млн АҚШ доллары) құрады.
EBITDA
2020 жылдағы 810 млрд теңгемен (1 960 млн АҚШ долл.) салыстырғанда EBITDA шоғырландырылған көрсеткіші жылдан жылға 98,6%-ға ұлғайып, 1 609 млрд теңгені (3 776 млн АҚШ долл.) құрады.
EBITDA түзетілген көрсеткіші 2020 жылдағы 664 млрд теңгемен (1 607 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 89%-ға ұлғайып, 1 256 млрд теңгені (2 947 млн АҚШ долл.) құрады.
ҚМГ-ның тігінен интеграцияланған қызметіне байланысты біз EBITDA көрсеткішін төменде берілген сегменттерді бөліп талдаймыз. Біз сегменттік ақпаратты ХҚЕС негізінде талдаймыз және ашамыз. Сегменттердің пайдасы кіріс және таза пайда көрсеткіштері негізінде қарастырылады. ҚМГ компаниялары тобының операциялық сегменттері өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлеріне сәйкес келетін жеке құрылымға және басқаруға ие, бұл ретте, барлық сегменттер әртүрлі өнім түрлерін ұсынатын және әртүрлі нарықтарға қызмет көрсететін бизнестің стратегиялық бағыттарын білдіреді. ҚМГ қызметі мынадай операциялық сегменттерді қамтиды: мұнай мен газды барлау және өндіру, мұнай тасымалдау, газды өткізу және тасымалдау, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және өткізу, ҚМГ корпоративтік орталығының қызметі және т.б. (мұнай-сервис және өзге де маңызды емес ұйымдар). Компания корпоративтік орталықтың қызметін ерекшелейді, өйткені ҚМГ бас компанияның функцияларын орындайды, сонымен қатар операциялық (шикі мұнайды АМӨЗ және ПМХЗ-да өңдеп, одан әрі алынған мұнай өнімдерін ішкі және экспорттық нарықтарға өткізе отырып) қызметті жүзеге асырады.
2021 жыл ішінде сегменттер бойынша EBITDA ұлғаюының негізгі факторы «Мұнай мен газ барлау және өндіру» сегментінде EBITDA-ның мұнай бағасының өсуі аясында 652 млрд теңгеге (1 501 млн АҚШ долл.) ұлғаюы болып табылады.
Сегмент | Өлшем бірлігі | 2021 | 2020 | Δ |
---|---|---|---|---|
Мұнай және газ барлау және өндіру | млн теңге | 1 041 811 | 390 221 | 651 590 |
млн АҚШ долл. | 2 445 | 944 | 1 519 | |
% | 65 | 48 | 17 т.т. | |
Мұнай тасымалдау | млн теңге | 211 356 | 226 838 | (15 482) |
млн АҚШ долл. | 496 | 549 | (53) | |
% | 13 | 28 | 15 т.т. | |
Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және сату | млн теңге | 289 422 | 214 839 | 74 583 |
млн АҚШ долл. | 679 | 520 | 160 | |
% | 18 | 27 | –9 т.т. | |
Корпоративтік орталық | млн теңге | 71 449 | (25 077) | 96 526 |
млн АҚШ долл. | 168 | (61) | 228 | |
% | 4 | –3 | 8 т.т. | |
Өзгесі | млн теңге | 13 359 | (5 346) | 18 705 |
млн АҚШ долл. | 31 | (13) | 44 | |
% | 1 | –1 | 2 т.т. | |
Элиминация | млн теңге | (18 422) | 8 799 | (27 221) |
млн АҚШ долл. | (43) | 21 | (65) | |
% | –1 | 1 | –2 т.т. | |
EBITDA | млн теңге | 1 608 975 | 810 274 | 798 701 |
млн АҚШ долл. | 3 776 | 1 960 | 1 817 |
Ақша қаражатының қозғалысы
Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | 2021 | 2020 | Өзгеріс |
---|---|---|---|---|
Операциялық қызметтен түскен таза ақша ағындары | млн теңге | 1 078 497 | 446 533 | 631 964 |
Инвестициялық қызметте пайдаланылған таза ақша ағындары | млн теңге | (988 694) | (205 611) | (783 083) |
Қаржы қызметінде пайдаланылған таза ақша ағындары | млн теңге | (282 533) | (245 227) | (37 306) |
Айырбастау бағамдарындағы өзгерістердің ақша қаражаты мен олардың баламаларына тигізетін әсері | млн теңге | 22 851 | 85 341 | (62 490) |
Күтілетін кредиттік шығындарға арналған резервтегі өзгеріс | млн теңге | (136) | 376 | (512) |
Ақша қаражаты мен оның баламаларындағы таза өзгеріс | млн теңге | (170 015) | 81 412 | (251 427) |
млн АҚШ долл. | (399) | 197 | (596) |
Ақша қаражаты мен олардың баламалары
Шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары, оның ішінде депозиттер түріндегі ақша қаражаты 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 3,9%-ға өсіп, 1 542 млрд теңгені (3 572 млн АҚШ долл.) құрады. Ақша қаражаты мен оның баламаларының ұлғаюы, негізінен, операциялық қызметтен алынған 1 078 млрд теңге (2 531 млн АҚШ доллары) сомасына оң көріністегі таза ақша ағынымен байланысты. Бұл «ҚазТрансГаз» ҰК АҚ-ның 380 438 млн теңге мөлшерінде шоғырландырылуына байланысты ақшалай қаражаттың шығуымен ішінара теңдестірілді. Долларлық мәнде шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы 3 528 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 1,3%-ға, яғни 3 572 млн АҚШ долларына дейін өсті.
Алынған дивиденд
ҚМГ компаниялар тобы үшін ҚМГ бас компания болып табылады және өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарынан, бірлескен кәсіпорындарынан және қауымдасқан компанияларынан дивиденд алады. Компания 2021-2020 жылдары ішінде тиісінше 415 млрд теңге (976 млн АҚШ долл.) және 135 млрд теңге (326 млн АҚШ доллары) мөлшерінде дивиденд алды. 2021 жылы «Теңізшевройл» ЖШС-нен түскен дивиденд 177 млрд теңгені (416 млн АҚШ доллары), Каспий құбыр желісі консорциумынан 96 млрд теңгені (226 млн АҚШ доллары), «ҚазРосГаз» ЖШС-нен 46 млрд теңгені (107 млн АҚШ долл.) құрады.
Төленген дивиденд
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2021 жылғы 4 мамырдағы шешіміне сәйкес ҚМГ 56 млрд теңге (131 млн АҚШ долл.) сомасында дивиденд, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Ұлттық банкіне 50 млрд теңге (117 млн АҚШ долл.) сомасында дивиденд төледі.
Баптың атауы | Өлшем бірлігі | 2021 | 2020 | Өзгеріс |
---|---|---|---|---|
Активтер | ||||
Негізгі құралдар | млн теңге | 3 405 980 | 4 369 745 | (963 765) |
Ұзақ мерзімді банктік салымдар | млн теңге | 56 058 | 56 528 | (470) |
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға инвестициялар | млн теңге | 6 550 384 | 6 471 021 | 79 363 |
Басқа да ұзақ мерзімді активтер | млн теңге | 533 303 | 1 279 570 | (746 267) |
Қысқа мерзімді банктік салымдар | млн теңге | 510 513 | 282 472 | 228 041 |
Ақша қаражаты және оның баламалары | млн теңге | 975 849 | 1 145 864 | (170 015) |
Өзге де қысқа мерзімді активтер | млн теңге | 1 619 379 | 1 001 569 | 617 810 |
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтер | млн теңге | 795 | 46 518 | (45 723) |
Активтер жиыны | млн теңге | 13 652 261 | 14 653 287 | (1 001 026) |
Активтер жиыны | млн АҚШ долл. | 31 617 | 34 813 | (3 196) |
Капитал және міндеттемелер | ||||
Капитал жиыны | млн теңге | 8 158 681 | 8 636 679 | (477 998) |
Капитал жиыны | млн АҚШ долл. | 18 895 | 20 519 | (1 624) |
Міндеттемелер | ||||
Ұзақ мерзімді қарыздар | млн теңге | 3 261 347 | 3 716 892 | (455 545) |
Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер | млн теңге | 859 949 | 966 341 | (106 392) |
Қысқа мерзімді қарыздар | млн теңге | 484 980 | 361 556 | 123 424 |
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер | млн теңге | 887 304 | 971 819 | (84 515) |
Міндеттемелер жиыны | млн теңге | 5 493 580 | 6 016 608 | (523 028) |
Міндеттемелер жиыны | млн АҚШ долл. | 12 723 | 14 294 | (1 572) |
Капитал мен міндеттемелер жиыны | млн теңге | 13 652 261 | 14 653 287 | (1 001 026) |
Капитал мен міндеттемелер жиыны | млн АҚШ долл. | 31 617 | 34 813 | (3 196) |
Борышты басқару
Компанияның қаржы міндеттемелері облигациялар мен қарыздардан тұрады. Борыштық портфель, негізінен басты кіріс валютасы – АҚШ долларымен жасалады. Cәйкесінше туынды қаржы құралдарын пайдаланбай валюталық тәуекелді органикалық хеджирлеу әсеріне қол жеткізіледі.
Жалпы борыш
Жалпы борыш Кепілдемелік міндеттемелерді қоспағанда 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы борыш 3 746 млрд теңге (8 676 млн АҚШ доллары) болды. Бұл «ҚазТрансГаз» АҚ-ны деконсолидациялануы нәтижесінде 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгелік мәнде 8,1%-ға азайғанын (долларлық мәнде 10,5%-ға азайғанын) көрсетті.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кепілдік міндеттемелерді ескергенде, жалпы борыш 3 748 млрд теңге (8 680 млн АҚШ доллары) болды және 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда, теңгелік мәнде 13,2%-ға төмен екендігін (долларлық мәнде 15,4%-ға төмендеу) көрсетті.
Компанияның борыш жүктемесіндегі валюталық тәуекелді азайту мақсатында қарызды қайта қаржыландыру бойынша бірқатар мәміле жасалды. Есепті кезең ішінде АМӨЗ шетел валютасында деноминалданған мынадай қарыздарды қайта қаржыландырды:
- 2021 жылғы қаңтарда АМӨЗ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 54 млрд теңгеге қарыз тарту арқылы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-дан 126 млн АҚШ доллары сомасындағы қарызды мерзімінен бұрын толық өтеуді жүргізді;
- 2021 жылғы қарашада АМӨЗ 38 млрд рубль сомасында ДСБ ЖАҚ қарыз алу арқылы 2022 жылғы қаңтарда 518 млн АҚШ долл. сомасындағы Export-Import Bank of China (Eximbank) қарызын мерзімінен бұрын толық өтеу үшін соманы резервтеуді жүргізді;
- 2021 жылғы желтоқсанда АМӨЗ «Қазақстан Халық банкі» АҚ 56 млрд теңгеге қарыз тарту арқылы 119 млн АҚШ доллары сомасына Japan Bank for International Cooperation (JBIC) қарызын мерзімінен бұрын толық өтеуді жүргізді.
2022 жылғы қаңтарда Export-Import Bank of China (Eximbank) қарызын мерзімінен бұрын толық өтеуді есепке алғандағы жалпы борыш 3 524 млрд теңгені (8 158 млн АҚШ долл.) құрады.
KMGI айналым капиталын қаржыландыру үшін Cargill-ден 50 млн. АҚШ доллары сомасына, Banque de Commerce et de Plasements-тен 46 млн. АҚШ. долларына қысқа мерзімді қарыздар алды. Сондай-ақ KMGI, сыйақыны қоса алғанда, ING Bank NV-дан 71 млн. АҚШ долл. сомасындағы қысқа мерзімді қарызды ішінара өтеді.
Таза борыш
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша таза борыш 2 204 млрд теңгені (5 104 млн АҚШ долл.) құрады, бұл 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгелік мәндегі көрсеткіштен 15%-ға төмен.