ҚМГ басшылығының тұрақты даму саласындағы ҚТК

Атқарушылық деңгейде орнықты даму жөніндегі стратегиялық міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында, Басқарма төрағасының орнықты даму жүйесін енгізуге байланысты 2021 жылға арналған мынадай мотивациялық ҚТК (корпоративтік ҚТК) бекітілді:

  • Инвестициялық жобаларды іске асыру, оның ішінде тұрақты даму жобалары Tazalyq және Кендірлі кентінде теңіз суын тұщыландыру зауытын салу;
  • ESG рейтингі бойынша көрсеткіш.

Бұл ретте, Басқарма төрағасының орнықты дамуды енгізумен байланысты 2022 жылға арналған мотивациялық ҚТК (корпоративтік ҚТК) 2021 жылмен салыстырғанда, анағұрлым өршіл міндеттер белгіленді:

  • Инвестициялық, оның ішінде Компанияның орнықты дамуына бағытталған жобаларды іске асыру;
  • ESG рейтингі бойынша тәуекел көрсеткіші - 28,2;
  • Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар коэффициентін (LTIR) 5%-ға төмендету;

Басқарма төрағасының орынбасарлары деңгейіндегі функционалдық ҚТК ішінде 2022 жылға төмендегі ҚТК жоспарланған:

  • ҚМГ-ның 2022-2031 жылдар кезеңіне арналған төменкөміртекті дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту;
  • «Жетекшілік ететін бизнес-бағыт бойынша ҚМГ 2022-2031 жылдар кезеңіне арналған төменкөміртекті дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу»;
  • Тұрақты даму аспектілерінің енгізілуіне байланысты инвестициялық жобаларды іске асыру;
    • Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу;
    • Астрахань-Маңғышлақ су құбырын қайта жаңарту және кеңейту (1-ші кезек); «Кендірлідегі қуаты тәулігіне 50 000 м3 теңіз су тұщыту зауытын салу»;
    • Кендірлі қаласында қуаты тәулігіне 50 мың м3 теңіз суын тұщыту зауытын салу;
    • TAZALYQ