Мұнай өңдеу және маркетинг

Бүгінгі таңда Компанияның Қазақстан Республикасы мен Румыниядағы МӨЗ-дерін жаңғырту бойынша ірі жобалары аяқталды. Орта мерзімді перспективада Компания келесі бағыттарға назар аударуды жоспарлап отыр:

  • Қазақстан Республикасындағы МӨЗ-дер бойынша - шығындарды төмендету, бизнес-процестерді трансформациялау және МӨЗ-дерді цифрландыру арқылы операциялық тиімділікті арттыру, сондай-ақ технологиялық қажеттіліктерге арналған шығындар мен отынды төмендету есебінен мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайту;
  • Румыниядағы МӨЗ-дер бойынша - өндірістік процестерді оңтайландыру және цифрландыру және мұнай өнімдерін өткізу маржасын арттыру мақсатында мұнай өнімдерінің оңтайлы себетін қамтамасыз ету есебінен қайта өңдеуге арналған шығындарды бір мезгілде азайта отырып, анағұрлым бағалы мұнай өнімдерінің шығуын ұлғайту арқылы тиімділікті арттыру, сондай-ақ ҚМГ Корпоративтік орталығына дивидендтер төлеу;
  • мұнай-химия кешенін дамыту - ҚМГ сенімгерлік басқару шарттарында екі ірі инвестициялық жобаны іске асыруда:
    • 2021 жылы іске қосу жоспарланып отырған, қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіру жөніндегі алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу,
    • қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіру зауытын салу жобалау сатысында тұр.

Мұнай және конденсат маркетингі

2021 жылы ҚМГ өзі өндірген мұнай мен конденсатты өткізу көлемі 21 661 мың тоннаны құрады, оның ішінде мұнай экспорты — 13 745 мың тонна, ішкі мұнай жеткізу көлемі — 7 916 мың тонна. Ішкі жеткізілім көлемі Қазақстандағы ҚМГ-ның МӨЗ-деріне жеткізуді толығымен қамтиды: 3 549 мың тонна — АМӨЗ-де, 3 028 мың тонна — ПМХЗ-да, 875 мың тонна - ПҚОП-та және 464 мың тонна - Caspi Bitum-да. Көрсеткіштердің төмендеуі негізінен коронавирустық инфекцияның таралуына және ОПЕК+ шеңберіндегі келісімге сәйкес мұнай өндіру мен тұтынудың төмендеуіне байланысты.

Мұнай және конденсатты сату, мың тонна
Активтер 2019 2020 2021
Экспорт Ішкі нарық Барлығы Экспорт Ішкі нарық Барлығы Экспорт Ішкі нарық Барлығы
Операциялық активтер«Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ПетроҚазақстан Инк.» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Амангелді Газ» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС. 8 472 7 137 15 609 7 524 6 849 14 373 6 126 7 916 14 042
Оның ішінде ЕТҰ«Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС. 5 325 3 453 8 778 4 911 3 517 8 428 3 805 4 458 8 262
Мегажобалар«ҚМГ Қашаған Б.В.», «ҚМГ Қарашығанақ», «Теңізшевройл» ЖШС. 8 215 1 8 216 7 637 2 7 639 7 619 0 7 619
Жиыны 16 688 7 138 23 826 15 161 6 851 22 012 13 745 7 916 21 661

Өңдеуші активтер

ҚМГ активтерінің құрылымында КСШ негізінен мұнайды өңдеуді Қазақстанда төрт МӨЗ және Румынияда екі МӨЗ жүзеге асырады.

Перспективалық жобалар мен жаңа технологиялар

2021 жылы «Цифрлық егіз» үшін АМӨЗ және ПМХЗ базасын – «3D бас жоспар» инженерлік деректерді басқару жүйесін енгізу аяқталды. Бұл зауыттарға 3D технологияларын пайдалану арқылы өзгертілген процестерге көшуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ цифрлық трансформация бағдарламасы аясында АМӨЗ және ПМХЗ технологиялық қондырғылардың нақты инженерлік модельдері енгізілуде. HYSYS арнайы бағдарламасында технологиялық процестердің «Цифрлық егіз» әзірленеді. Нақты есептеулер қондырғылардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

ПМХЗ-да қуаты жылына 100 мың тонна «СКГ тазарту қондырғысын салу» жобасын іске асыру үшін мердігермен ЕРС-келісімшартқа (жобалау, сатып алу, құрылысын жүргізу) қол қойылды, іске асыру мерзімі 2023 жыл. Сондай-ақ МӨЗ-де қуаттылығы жылына 160 000 қысқы дизельдік отынын құрайтын «Парафинсіздендіру блогын интеграциялай отырып, дизельдік отынын гидротазарту қондырғысын қайта жаңарту» жобасын іске асыру жоспарлануда, іске асыру мерзімі 2024 жылға дейін. Қазіргі уақытта базалық жобалар, ТЭН әзірленді және EPC – мердігерді таңдау бойынша тендерлік рәсімдерді өткізу жоспарлануда.

ҚМГ мұнай өңдеу зауыттары
Көрсеткіш Қазақстан Румыния
Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) Шымкент мұнай өңдеу зауыты (ПКОП) Caspi Bitum Петромидия Вега
Орналасқан жері Атырау Павлодар Шымкент Ақтау Нэводарь Плойешть
Пайдалануға беру жылы 1945 1978 1985 2013 1979 1905
Өңдеудің жобалық қуаты, млн тонна 5,5 6,0 6,0 1,0 6,0 Жобалық қуатқа жылына 5 млн тонна көлемінде мұнай өңдеу және жылына 1 млн тонна көлемінде өзге де КСШ кіреді. 0,5
2021 жылы КСШ өңдеу көлемі, млн тонна 5,5 5,4 5,1 0,9 4,6 4,86 млн тонна — жалпы өңдеу көлемі, оған шикі мұнай (3,98 млн тонна), өзге де баламалы шикізатты (0,88 млн тонна) өңдеу көлемі кіреді. 0,3
2021 жылғы жүктеме, % 100 90 85 92 77 «Петромидия» МӨЗ жүктемесі — Соломон әдісі бойынша 97,5% (Solomon Associates). 60
ҚМГ иелік ету үлесі, % 99,53 100,00 49,72 50,00 54,63 54,63
Нельсон индексі 13,9 10,5 8,2 10,5
2021 жылы ашық мұнай өнімдерін шығару, % 63 69 80 80
МӨЗ-дің тең иелері CNPC CITIC Румыния Үкіметі Румыния Үкіметі

2021 жылы Атырау қаласында Air Liquide Advanced Technology компаниясымен бірлесіп «Сутегі отынында сутегі құю станциясын салумен автомобиль паркін құру» пилоттық жобасын іске асыру басталды.2022 жылдың 4-ші тоқсанында іске асыру мерзімімен бір мобильді және бір стационарлық сутегі құю станциясын салу жоспарлануда. Air Liquide Advanced Technology мобильді станциясы жүк көтергіштігі 7,5 тонна шассиі бар жүк автомобиліне орнатылады, екі тарату желісі бар - 35 және ИҚ байланысы бар 70 МПа, 76,5 Мпа қысыммен толтырылған тасымалдау модулінен тұрады. Мобильді станцияның сыйымдылығы 12,8 кг, жанармай құю уақыты автомобиль түрі байланысты 5-тен 20 минутқа дейін созылады. Стационарлық сутегі құю станциясының құрылысы екі кезеңнен тұрады. Біріншікезеңде Air Liquide компаниясы АМӨЗ-дің 2-ші сутегіні өндіру және тазарту қондырғысында сутегі өндіру блогына кірістіру және жеке өңдеуді қайта тазарту блогын монтаждау арқылы көмірқышқыл газының құрамы бойынша талап етілетін сапаға дейін сутегінің тазалығын қамтамасыз етеді. Екінші кезеңде АМӨЗ компаниясы «Air Liquide Ресеймен» стационарлық сутегі құю станциясын салу бойынша ЕРС-келісімшарт жасасады. Бұдан кейін Air Liquide жанармай құю станциясын сатып алуды қарастырады.

Тарифтік саясат

Қазақстанның МӨЗ-дер белгіленген тарифтер бойынша (бизнестің процессингтік схемасы) мұнайды қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді ғана көрсетеді, мұнайды қайта өңдеу үшін сатып алмайды және алынған мұнай өнімдерін сатпайды. Мұнай жеткізушілер дайын мұнай өнімдерін өздері сатады. МӨЗ-дер тек өндірістік мәселелермен айналысады, нәтижесінде өңдеу қызметі оңтайландырылады және шығындар азаяды.

Қазақстан Республикасының МӨЗ-дерінің мұнайды өңдеу қызметінің тарифтері өндіріске арналған нақты операциялық шығындардан және инвестициялық құрамдас бөліктен (өндірістің ағымдағы деңгейін қолдауға арналған күрделі салымдар, жаңғыртуға тартылған қарыздарды төлеу) түзіледі.

Бір тонна алыс-беріс шикізатын өңдеуге және тиісті шығындарға арналған орташа өлшемді тарифтер, бір тоннаға теңгемен
Зауыт 2019 2020 2021
АМӨЗ 37 436 41 168 42 434
ПМХЗ 19 805 20 904 23 033
ПКОП 24 485 30 783 35 191
Caspi Bitum 18 010 18 003 18 472
ҚМГ үлесіне көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі, мың тонна
Зауыт 2019 2020 2021
АМӨЗ 5 388 5 016 5 473
ПМХЗ 5 290 5 004 5 407
ПКОП (50%) 2 701 2 397 2 582
Caspi Bitum (50%) 443 433 464 443 433 464
Жиыны 13 822 12 849 13 927
ҚМГ үлесіне мұнай өнімдерін өндіру көлемі, мың тонна
Мұнай өнімдері 2019 2020 2021
АМӨЗ 4 892 (100 % ) 4 525 (100 % ) 4 867 (100 % )
  • Ашық түстіБензин, дизель отыны, әуе отыны және сұйытылған газ.
2 998 (61 % ) 2 737 (60 % ) 3 169 (65 % )
  • Қара түстіМазут, вакуумдық газойль және битум.
1 590 (33 % ) 1 383 (31 % ) 1 499 (31 % )
  • Мұнай химиясы Бензин мен параксилол.
166 (3 % ) 250 (6 % ) 52 (1 % )
  • Өзгелері
138 (3 % ) 155 (3 % ) 147 (3 % )
ПМХЗ 4 794 (100 % ) 4 609 (100 % ) 4 935 (100 % )
  • Ашық түсті
3 600 (75 % ) 3 438 (75 % ) 3 736 (76 % )
  • Қара түсті
894 (19 % ) 896 (19 % ) 862 (18 % )
  • Өзгелері
300 (6 % ) 275 (6 % ) 337 (7 % )
ПКОП (50%) 2 477 (100 % ) 2 145 (100 % ) 2 352 (100 % )
  • Ашық түсті
2 028 (82 % ) 1 970 (92 % ) 2 035 (87 % )
  • Қара түсті
447 (18 % ) 172 (8 % ) 313 (13 % )
  • Өзгелері
2 3 4
Caspi Bitum (50%) 439 (100 % ) 428 (100 % ) 460 (100 % )
  • Қара түсті
185 (42 % ) 185 (43 % ) 203 (44 % )
  • Өзгелері
254 (58 % ) 243 (57 % ) 257 (56 % )
Жиыны 12 602 11 707 12 614

Қазақстанда мұнай өңдеу

Көмірсутек шикізатын өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру

2021 жылы Қазақстанның МӨЗ-дерінде КСШ өңдеу көлемі 13 927 мың тоннаны, ал мұнай өнімдерін өндіру — 12 614 мың тонна (ҚМГ үлесіне) дайын өнімді құрады. 2020 жылмен салыстырғанда есепті кезеңде КСШ өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіштері тиісінше 8,4%-ға және 7,7%-ға өсті. Өсімге өңдеудің пандемияға дейінгі көрсеткіштеріне жету және орташа жылдық көрсеткіштерге оралу оң ықпал етті.

ҚМГ-ның өз мұнайынан мұнай өнімдерін өндіру және маркетинг

ҚМГ өз мұнайынан мұнай өнімдерін өндіруге арналған шикізат АМӨЗ, ПМХЗ және ПКОП-қа ӨМГ, ЕМГ, ҚТМ және ӨО компанияларынан жеткізіледі. Өңдеуден кейін мұнай өнімдері көтерме нарық бағаларымен ішкі нарыққа және экспортқа сатылады.

2021 жылы ӨМГ, ЕМГ, ҚТМ және ӨО өңдеу үшін 4 458 мың тонна мұнай, оның ішінде 2 781 мың тонна АМӨЗ, 1 527 мың тонна ПМХЗ және 150 мың тонна ПҚОП жеткізді. МӨЗ-дер 4 419 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл ретте ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру 59%, қара түсті мұнай өнімдерін өндіру — 23%, мұнай-химия өнімдерін өндіру - 0,6% және өзге де мұнай өнімдерін өндіру 17%-ды құрады.

ӨМГ, ЕМГ, ҚТМ және ӨО-дан сатып алынған мұнайды өңдегеннен кейін өндірілген мұнай өнімдері ҚР МӨЗ-нен көтерме саудада өткізіледі. 2021 жылы 4 454 мың тонна мұнай өнімдері сатылды, олардың негізгі бөлігін ақшыл мұнай өнімдері мен мазут (77%) құрады.

Мұнай өнімдерінің басым бөлігі ішкі нарықта сатылды (4 454 мың тоннаның 3 577 мыңы немесе 80%-ы), ал қалған бөлігі экспортқа жөнелтіледі (877 мың тонна). 2020 жылмен салыстырсақ, ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салуына байланысты мұнай өнімдерін экспортқа жеткізу үлесі - 12%-ға төмендеді.

2021 жылы МӨЗ-де өз мұнайынан мұнай өнімдерін өндіру, мың тонна
Мұнай өнімдері АМӨЗ ПМХЗ ПКОП Барлығы 2021 жылғы 12 айдағы мұнай өнімдерінің орташа көтерме бағалары, бір тоннаға теңгемен>
Ашық түсті 1 538 964 105 2 606 165 873,50
Қара түсті 764 248 20 1 032 122 543,60
Мұнайхимиясы 27 0 0 27 253 532,90
Өзгелері 416 318 21 755 33 628,95
Барлығы 2 744 1 530 146 4 419 134 191,43
ҚМГ үлесіне КСШ өңдеу көлемі, мың тонна
Зауыт 2019 2020 2021
Петромидия 6 331 4 864 4 586
Вега 436 364 321
Жиыны 6 767 5 228 4 907
ҚМГ үлесіндегі мұнай өнімдерін өндіру көлемдері, мың тонна
Зауыт 2019 2020 2021
Петромидия 6 172 4 749 4 470
Ашық түстіБензин, дизель отыны, әуе отыны және сұйытылған газ 5 225 4 009 3 590
Қара түстіМұнай коксы, мазут, газолин 736 575 530
Өзгелері 211 165 152
Вега 442 361 320
Қара түсті 120 123 93
Өзгелері 321 238 226
Жиыны 6 614 5 110 4 790
Румынияда мұнай өңдеу

ҚМГИ негізгі қызметі КСШ өңдеу және мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізу болып табылады. Шикізатты бастапқы өңдеумен ҚМГИ жеке "Петромидия" МӨЗ-і, ал қайталама өңдеумен — "Вега" МӨЗ-і айналысады. "Петромидия" және "Вега" зауыттары мына схема бойынша жұмыс істейді: зауыт өзінің балансына КСШ сатып алады, оны өңдейді, содан кейін өзінің ЖМҚС бөлшек желісі арқылы көтерме немесе бөлшек саудада өткізеді.

Сондай-ақ ҚМГИ тығыздығы жоғары және төмен полипропилен мен полиэтилен (LDPE және HDPE) өндіретін ірі мұнай-химия кешеніне тиесілі. Аталған ҚМГИ ЕТҰ-дан басқа - "ҚМГ Трейдинг АГ" ҚМГИ МӨЗ-дерінде өндірілген, сондай-ақ үшінші тараптар өндірген шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің трейдингімен айналысады.

2021 жылы Румыниядағы МӨЗ-дерде көмірсутек және өзге де шикізатты өңдеу көлемі 4 907 мың тоннаны, ал мұнай өнімдерін өндіру 4 790 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштер 2020 жылмен салыстырғанда орта есеппен 6%-ға төмендеді, өткен жылмен салыстырғанда шикі мұнайды өңдеу көлемінің төмендеуі 2021 жылғы шілде айының басында Петромидия МӨЗ-де болған оқиғамен байланысты, ол дизельдік отынын гидротазарту қондырғысының жануына әкеп соқты. Жедел шаралар қабылданып, барлық қондырғылар тоқтатылды. МӨЗ 24 қыркүйекте шектеулі режимде іске қосылды.

2021 жылы URALS сұрпының шикі мұнайына бағаның белгіленуі және өндірілген мұнай өнімдеріне (бензин, дизель, нафта, сұйытылған газ, авиаотын, мазут, пропилен, күкірт және мұнай коксы) бағаның белгіленуі арасындағы айырма ретінде есептелген «Петромидия» МӨЗ-ның өңдеу маржасы бір баррельге 1 АҚШ долларын құрады, өткен жылғы минус көрсеткіштермен салыстырылып беріліп отыр. (жүріп-тұруға карантиндік шектеулерді алып тастағаннан кейін мұнай өнімдеріне деген сұраныстың біртіндеп қалпына келуіне байланысты).

ҚМГИ трейдингтік операциялары аясында 2021 жылы қайта сатуға арналған шикі мұнай көлемі 8,3 млн тоннаны құрады. Көрсеткіштердің 2,4%-ға төмендеуі негізінен COVID-19 пандемиясы салдарынан сұраныстың азаюымен байланысты.

ҚМГИ бөлшек сауда желісі

Румынияның ритейл нарығы - бұл ҚМГИ мұнай өнімдерін өткізудің ең табысты нарығы. 2021 жылы Румынияның бөлшек сауда желісін дамыту мақсатында Қазақстан - Румын инвестициялық қоры аясында 25 жаңа ЖМҚС салу бағдарламасы аяқталды.

2021 жылы Румыниядағы ҚМГИ бөлшек сауда нарығының үлесі 16,3%-ды құрайды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,6%-ға жоғары (2020 жылғы 15,7%-ға қарсы 2021 жылғы 16,3%) және 2019 жылғы деңгейден жоғары (14,8%).

2021 жылдың соңында ҚМГИ бөлшек желісіне мыналар кірді:

  • Румыния: 295 ЖМҚС және 918 сату пункттері (DOEX, RBI және Cuves). Келесі станциялар ашылды: 3 CODO, 8 DODO, 10 DOEX ,45 шағын резервуар (RBI) және 86 CUVE;
  • жақын шетел елдері: 280 ЖМҚС және сату пункттері, оның ішінде Болгарияда — 60 ЖМҚС, Грузияда — 121 ЖМҚС (негізгі өңірлерде 13 станция ашылды), Молдовада — 99 ЖМҚС (бөлшек сауда желісін 2020 жылмен салыстырғанда 7 жаңа DOCO станцияларына ұлғайту, бірақ сату бойынша 6 станцияға төмендету 2022 жылғы жоспармен салыстырғанда ауылдық аудандардағы кейбір станциялардың шығындылығына байланысты).
«Петромидия» МӨЗ-нің өңдеу маржасы
Өлшем бірлігі 2019 2020 2021
Бір тоннаға АҚШ долларымен 31,7 –5,0 7,2
Бір баррель үшін АҚШ долларымен Тоннаны баррельмен есептеу үшін 7,6 коэффициенті пайдаланылды. 4,2 –0,7 1,0
Қайта сатылатын шикі мұнай, мың тонна
2019 2020 2021
Қайта сатуға арналған шикі мұнай 10 911 8 522 8 342