Әлеуметтік саясат басымдықтары

Оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламалары

«Цифрлық трансформацияны басқару» тақырыбы бойынша оқыту

Инновациялық технологияларды өндіріске енгізу ҚМГ-ның басым міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда ҚМГ тобының өндірістік кәсіпорындарының базасында өндірістік циклге цифрлық трансформацияны енгізудің бірыңғай тәсілі қалыптастырылды және ол белсенді түрде іске асырылуда.

Топ-менеджменттің цифрлық трансформациясы тақырыбын жан-жақты зерделеу мақсатында ҚМГ «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебімен бірлесіп, «СИБУР» ЖАҚ, «Северсталь» ЖАҚ, «Газпром» ЖАҚ сияқты ірі ресейлік өндірістік компанияларды цифрландыру бағытының басшылары қатарынан спикерлерді тарта отырып, «Цифрлық трансформацияны басқару» атты оқу бағдарламасын іске асырды.

Оқыту қорытындылары бойынша бағдарламаның келесі мақсаттарына қол жеткізілді:

  • Цифрлық трансформация тақырыбын жете түсіну (қажеттілік пен құндылықты түсіну);
  • Цифрландыруға байланысты сала алдында тұрған негізгі сын-тегеуріндерді, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау;
  • Озық бенчмарк-компаниялардың практикасын және цифрлық трансформацияның өзекті құралдарын зерделеу.
Қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті оқыту

2021 жылдан бастап қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өрт-техникалық минимум бойынша міндетті оқытуды ҚМГ Корпоративтік орталығының қызметкерлері «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-ның платформасында өткізеді.

ISO бойынша оқыту

Белгілі болғандай, ҚМГ-де ISO халықаралық стандарттарына сәйкес төрт менеджмент жүйесі жұмыс істейді: сапа менеджменті жүйесі (ISO 9001); экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001); Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі (ISO 45001) және ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі (ISO 27001).

Көрсетілген менеджмент жүйелері сертификаттаудан өтті, осылайша ҚМГ өзінің мүдделі тараптарына көрсетілетін қызметтердің сапасы, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік мәселелері басқарылатын жағдайларда, ұйымның бақылауында болатыны туралы мәлімдейді.

ҚМГ-ның әрбір құрылымдық бөлімшесінде менеджмент жүйелерін жұмыс күйінде ұстау үшін, сондай-ақ интеграцияланған басқару жүйесі мен ақпараттық қауіпсіздік менеджментінің жүйесі мәселелері бойынша жауапты қызметкерлер белгіленді. Барлығы 46 қызметкер қатысты.

«Комплаенс-бақылау жүйесін ұйымдастыру және комплаенс тәуекелдерді басқару»

Комплаенс тәуекелдерді барынша азайту, сондай-ақ Компания мен оның қызметкерлерінің комплаенс саласындағы заңнамалық және этикалық нормаларды сақтауының сапасын жүйелі түрде бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде корпоративтік орталықтың барлық қызметкерлері үшін «Комплаенс-бақылау жүйесін ұйымдастыру және комплаенс тәуекелдерді басқару» тақырыбына оқыту ұйымдастырылды.

Оқыту бағдарламасы мынадай негізгі тақырыптарды қамтыды: комплаенс бақылау жүйесіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға қысқаша кіріспе (Қазақстан Республикасының Заңы, UKBA, FCPA, Sapin II); мүдделер қақтығысы (декларациялау, реттеу); мемлекеттік органдармен және саяси маңызды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау; іскерлік беделін жоғалту тәуекелі; комплаенс тәуекелдер және бизнес-процестердегі бақылау (сатып алу, HR, M&A, маркетинг және т.б.); Компаниядағы жедел желі және басқалары.

Приоритеты социальной политики