Комплаенс қызметі

ҚМГ бизнесті жүргізудегі ұқыптылық, адалдық және ашықтық қағидаттарын ұстанады және біздің әріптестеріміз бен серіктестеріміздің оларды сақтауына ерекше назар аударады. Компанияда Іскерлік этика кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Құпия ақпараттандыру саясаты, Мүдделер қақтығысын реттеу саласындағы саясат, Контрагенттердің сенімділігін тексеру саясаты және Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және инсайдерлердің ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігін болдырмау үшін ішкі бақылау қағидалары бекітілді. Ішкі құжаттарды әзірлеуден басқа, ҚМГ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа директивалары мен нормативтік актілерін сақтау бойынша уақытылы шараларды енгізеді және жүргізеді. 2021 жылы мәдениетті арттыру және комплаенс-рәсімдер трендтерін түсіну ҚМГ қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясатқа және сыйлықтарды алуға тыйым салу, өзгертілген заңнамаға сәйкес жақын туыстарының бірлескен жұмысы, жедел желі операторын ауыстыру бөлігінде құпия ақпарат беру саясатына түзетулер енгізілді. Сонымен қатар, ҚМГ компаниялар тобы контрагенттерінің сенімділігін тексеру жөніндегі саясат бекітілді. Осыған ұқсас саясат Компанияның 35 ЕТҰ-да бекітілді.

Корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін негізге ала отырып, Компания тұрақты негізде қолданыстағы корпоративтік стандарттарды жақсартуға ұмтылады.

Қызметкерлерге Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптары, реттеуші ортадағы өзгерістер туралы ("Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер) және Компанияда жедел желінің жұмыс істеуі туралы еске салуды қамтитын ақпараттық таратуды жүзеге асыру арқылы корпоративтік коммуникацияны күшейтуге ерекше назар аударылды. Осылайша, жедел желіге келіп түскен өтініштер саны 76 хабарламаны құрап, 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, 1,5 есе азайды (118 өтініш). Бұл көрсеткіштің төмендеу жедел желі операторының ауысуына, кейбір еншілес ұйымдардың ҚМГ құрамынан шығыуына байланысты болды. Жедел желі арналары арқылы келіп түсетін релевантты өтініштерді қарау және тергеу жүргізу нәтижелері бойынша түзету іс-шаралары, сондай-ақ қажет болған жағдайда еңбек шартын бұзуды қоса алғанда, тәртіптік жаза қолданылады. Компания тұрақты негізде Жедел желінің мүмкіндіктерін пайдалануға қызметкерлер мен өзге тұлғалардың тартылуына ықпал ететін жедел алдын алу шараларын жүргізеді.

ЕТҰ-мен жүргізілетін жұмысқа қатысты, Компания жергілікті жерлерде функцияларды енгізіп және кәсіпорынның ерекшелігін ескере отырып, комплаенс-бағдарламалар қалыптастыра отырып, кәсіпорындар процестерін корпоративтік мәдениетке біріктіреді. Осылайша, 14 кәсіпорында (ҚМГ, Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Павлодар мұнай-химия зауыты, Атырау мұнай өңдеу зауыты, ҚазТрансОйл, Қазақтеңізкөлікфлоты, ҚМГ-Инжиниринг, ӨзенМұнайСервис, Oil Service Company, KLPE, KPI, Қазақойл Ақтөбе, ҚМГ-Құмкөл) комплаенс тәуекелдеріне бағалау жүргізілді. Тәуекелдерді талдау және бағалау қорытындылары бойынша тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралар қалыптастырылды. Сонымен бірге, бухгалтерлік операцияларды тестілеу; туыстық байланыстарды талдау; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және комплаенс саласындағы саясаттың орындалуына мониторинг жүргізілді.

Жергілікті жерлерде комплаенс қызметтерін енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді, кәсіпорындардың ерекшелігін ескере отырып комплаенс-бағдарламалар қалыптастырылды, сондай-ақ ЕТҰ комплаенс-офицерлері үшін "Үлкен төрттік" компанияларының бірі ұйымдастырған комплаенс және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласында онлайн-тренингтер өткізілді. Қазіргі уақытта ҚМГ компанияларының тобында комплаенс қызметін жүзеге асыратын 41 қызметкер бар. Оқыту халықаралық аудиторлық ұйымның форензик сарапшыларының қатысуымен жүргізілді және оған контрагенттердің сенімділігін тексеру, мүдделер қақтығысын анықтау және басқару, сұхбат жүргізу, Компания қызметкерлерін тексеру, тергеуді жоспарлау және жүргізу, тергеу нәтижелері туралы есеп дайындау сияқты бағыттар кірді.

Мүдделер қақтығысын басқарудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ сақталуы жеке мүдделер мен байланыстардың ықпалымен шешімдер қабылдау тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін қызметкерлердің мінез-құлқына қойылатын талаптарды айқындау аясында 2020 жылдан бастап Компанияда ҚМГ компаниялар тобының барлық қызметкерлері бойынша мүдделер қақтығысын жалпыға бірдей декларациялау жүргізіледі.

Көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың кірісі мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру бойынша мемлекеттің мақсатын қолдай отырып, 2021 жылы жалпыға бірдей салықтық декларациялаудың бірінші кезеңі енгізілді.

«Жедел желіні» насихаттау аясында «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдерімен және Ақтау қаласындағы мердігерлік ұйымдармен кездесулер өткізілді. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Oil Services Company» ЖШС, «Исатай Оперейтинг» ЖШС әкімшілік-басқару персоналымен комплаенс мәселелері бойынша кездесулер өткізілді.

Комплаенс саласында үздік әлемдік тәжірибені енгізу мақсатында, ЕТҰ комплаенс офицерлері үшін Теңізшевройл қатысуымен воркшоп сессиясы ұйымдастырылды.

Комплаенс қызметі ҚМГ компаниялар тобы мамандарының кәсіби құзыреттерін дамытуды және комплаенс біліктілігін арттыруды қолдайды. Бүгінгі таңда комплаенс командаларында Association of Certified Fraud Examiners және International Compliance Association беделді бейінді халықаралық сертификаттарына ие мамандар бар және олардың саны үнемі өсіп келеді.

2021 жылы Sustainalytics халықаралық агенттігі Компанияның ESG рейтингін бағалау кезінде пара алу мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың жоғары деңгейін атап өтіп, ҚМГ бағытына комплаенс бойынша ең жоғары баға бергенін атап өтеміз.