![](/images/main/people.png)
ҚМГ – Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. Біз барлық өндірістік циклдің - көмірсутекті барлау мен өндіруден бастап, оны тасымалдау, өңдеу және сервистік қызметтерді көрсетуге дейінгі активтерді басқарамыз. Қосылған құнды қалыптастыру тізбегінің барлық кезеңдеріндегі толық интеграция – ұзақ мерзімді тұрақты дамуымыздың берік негізі.
#1 ҚАЗАҚСТАНДА
- мұнай өндіру бойынша
- мұнай тасымалдау бойынша
- мұнай өңдеу бойынша
Біз болашаққа нық сеніммен қараймыз: жаңа мақсат-міндеттер қоя білеміз, басқару жүйесін заманға сай жетілдіреміз, қаржы тұрақтылығымызды сақтаймыз және құнды қалыптастырудың әрбір кезеңінде тұрақты даму қағидаттарын ескереміз.
![Walton](/images/main/walton.png)
Кристофер Уолтон,
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
2021 жыл Компания ішінде, сондай-ақ ел ауқымындағы және жаһандық деңгейдегі оқиғаларға толы болды. Пандемия шектеулері жеңілдетіліп, біз жаһандық экономика мен мұнай-газ саласының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне оң әсер еткен әлемдік іскерлік белсенділіктің қайта қалпына келуінің куәгері болдық.
Толығырақ оқу