Денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау

Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

Жаңа экологиялық талаптар мен жаһандық үрдістерге сәйкес шаралар қабылдау мақсатында Компания 2021 жылды Экология жылы деп жариялады. ҚМГ орнықты даму қағидаттарын қолдайтындығын және қатысатын өңірлерде қоршаған орта және әлеуметтік тұрақтылық мәселелері бойынша жауапты.

Орнықты даму қағидаттары Компанияның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік дамуына әсер етеді. ҚМГ үшін негізгі ESG-сын-тегеуріндердің бірі - операциялық қызметтен көміртек шығарындылары және Компанияның өнімін пайдаланудан шығарындылар болып табылады.

2016 жылғы Париж келісіміне сәйкес, Қазақстан 1990 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылы 15%-ға қысқарту бойынша өзіне ерікті әрі шартсыз міндеттемелерді алды. ҚР Президенті 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртек бейтараптығына қол жеткізуі қажеттілігі туралы айтты. 2021 жылы Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына және ҚМГ-ның ішкі құжаттарына сәйкес келетін төмен көміртекті даму бағдарламасын әзірледі. "Көміртекті бейтараптыққа" көшу корпоративтік басқарудың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады және Компанияның көміртек ізін азайту саласындағы қызметін жүйелейді. Компанияда шығарындыларды басқару саясаты бекітілді. Сегіз негізгі қағидаттан тұратын саясат, олардың алтауы климаттың өзгеруіне тікелей қатысты, тұрақты алауды толығымен тоқтатуға бағытталған. ПГ шығарындыларын қысқарту стратегиялық мақсаттардың бірінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Бастамалар мен бағдарламаларға қатысу
WORLD BANK GROUP

WORLD BANK GROUP

Дүниежүзілік банктің бастамасы "2030 жылға қарай ілеспе газды жағу практикасын толық тоқтатқаны үшін"

SUSTAINABLE DEVELOPMENT GOALS

SUSTAINABLE DEVELOPMENT GOALS

БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы 17 мақсатының бастамасы

CDP

CDP

CPD Климаттық бағдарламасы

Global Methane Initiative

Global Methane Initiative

Метан деңгейін төмендету бойынша жаһандық бастама

CEPI
Caspian Environmental Protection Initiative — CEPI

Негізгі көрсеткіштер

Әлеуметтік көрсеткіштер
Көрсеткіш 2019 2020 2021
Жұмыс уақытын жоғалтумен жазатайым оқиғалар коэффициенті (LTIR) 0,34 0,29 0,31
Өлім жағдайларының коэффициенті (FAR) 1,48 0,00 2,93
Өлім жағдайларының саны 2 0 1
Экологиялық көрсеткіштер
Көрсеткіш 2019 2020 2021
NOx шығарындылары, КСШ өндірудің 1 мың тоннасына шаққанда, тонна 0,21 0,22 0,24
Sox шығарындылары, КСШ өндірудің 1 мың тоннасына шаққанда, тонна 0,20 0,23 0,22
ІМГ жағу қарқындылығы, КСШ өндірудің 1 мың тоннасына шаққанда, тонна 2,95 2,20 2,10

Денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша менеджмент жүйесі

Денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша менеджмент жүйесі (СМ) Қазақстан Республикасы заңнамасының, ISO 14001 және ISO 45001 салалық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес, үздік әлемдік практикалар мен тәсілдерді, Мұнай және газ өндірушілердің халықаралық қауымдастығының (IOGP) ұсынымдарын пайдалана отырып әзірленген, көшбасшылық, мақсатқа қол жеткізу, тәуекелдерді басқару және тұрақты жетілдіру сияқты іргелі қағидаттарға негізделетін 10 негізгі элементті қамтиды.

2006 жылдан бастап, ҚМГ-де ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 талаптарына сәйкес сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында біріктірілген басқару жүйесі енгізілді. Энергия тұтынудың елеулі деңгейі бар ЕТҰ ISO 50001 стандартына сәйкес келу мәніне сертификатталған. Басқарудың интеграциялық жүйесінің тиімділігін тәуелсіз аудиторлар үнемі растап отырады.

ҚМГ менеджмент жүйесін жетілдіру мақсатында Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі бойынша ISO 45001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келу мәніне сертификатталды.