Стратегиялық мақсат
№1 стратегиялық мақсат
Компанияның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық қор
Компания 2045 жылға қарай мұнай 28,1% әлемдік сұраныс үлесімен үстем отын түрі болып қала береді деген әлемдік мұнай нарығының талдамалық зерттеулерін ескере отырып, көмірсутектерді өндіру жөніндегі дәстүрлі қызметін жалғастырады.Дереккөздер: ОПЕК әлемдік мұнай өндірісінің 2045, 2021 жылдарға арналған болжамы.
Осы стратегиялық мақсат аясында ҚМГ органикалық және бейорганикалық өсу арқылы дәстүрлі қызмет үшін, сондай-ақ перспективалы бағыттар үшін де жеткілікті қорлардың өсуін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасында жаңа қорларды барлау мен әзірлеуді ҚМГ, оның ішінде халықаралық мұнай-газ компанияларымен стратегиялық серіктестік арқылы іске асырады.
Қосымша жаңа активтерді іздеу мен сатып алуды ҚМГ M&A мәмілелері, олардың құны және нарықтың жалпы конъюнктурасы бойынша ұсыныстар болған кезде жүзеге асыратын болады.
ҚМГ АВС1 мұнайының жиынтық қорын 299 млн тоннаға, оның ішінде органикалық өсу есебінен 253 млн тоннаға арттыруға ұмтылады.
№2 стратегиялық мақсат
Компанияның құн тізбегінің тиімділігін арттыру
Осы мақсат шеңберінде ҚМГ мұнай өндіру, өңдеу, тасымалдау және маркетинг бойынша қызметтен түсетін пайданы барынша арттыру және барлық басты сегменттердегі операциялық қызметті жақсарту мақсатында негізгі қызметке назар аударады.
Операциялық активтердегі өндіру деңгейінің табиғи төмендеуін орнын толтыру мақсатында Компания мұнайды алу коэффициентін және жөндеуаралық кезеңнің көрсеткіштерін ұлғайту, сондай-ақ ұңғымалардың ең жоғары өнімділігіне қол жеткізу үшін өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру жөніндегі басқа да шараларды іске асыру бойынша жұмысты жалғастырады. Сондай-ақ Компания бірқатар жаңа кен орындарын іске қосуды жоспарлап отыр. ҚМГ алдағы 10 жылда 240 млн тонна мұнай өндіруді қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған ірі жобалары бойынша Компания өндіру деңгейлерін кеңейту, ұзарту және қолдау жобаларын табысты іске асыруға назар аударады.
Компания экспорттық және транзиттік бағыттарды ұлғайту үшін құрылған мұнай-көлік инфрақұрылымын тиімді пайдалануға бағытталған.
ҚМГ маңызды міндеті - МӨЗ-дердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда мемлекет аумағында МӨЗ-дерді жаңғырту арқылы Компания еліміз үшін осы стратегиялық мақсатты орындайды және мұнай өнімдерінің бір бөлігін экспортқа шығарады. Бұл ретте ҚМГ өз МӨЗ-дерінде мұнай өңдеу тереңдігін 89%-ға дейін ұлғайтуға бағытталған.
Компания ақша ағынын ұлғайту мақсатында тұрақты негізде барлық бизнес бағыттар бойынша операциялық шығындарды оңтайландыруға және жеткізу тізбегінің тиімділігін арттыруға шоғырланған.
Холдингтің тиімді жұмыс істеуі үшін Компания бейінді емес және стратегиялық емес бизнестен шығу үшін жекешелендіру және дивестициялар бағдарламаларын іске асырады.
№3 стратегиялық мақсат
Бизнесті әртараптандыру және өнімдер портфелін кеңейту
Арзан шикізатқа қолжетімділіктің болуы мұнай-газ химиясы саласын жаңа мұнай-газ-химия өндірістерін құру арқылы ҚМГ-ның жаңа өсу кезеңін айқындайды.
ҚМГ ҚР Үкіметінің қолдауын ескере отырып, отандық мұнай-газ химиясы саласын дамыту процесіне белсенді түрде тартылатын болады.
Компания мұнай-газ химиясы жобаларын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді перспективада мұнайға әлемдік сұранысты қайта бөлу жағдайында жаңа бөліністер өнімін шығару үшін қолда бар қосымша көмірсутек ресурстарын пайдаланатын және тартатын болады.
2022 жылы полипропилен өндіретін KPI зауытының құрылысын аяқтау және іске қосу және орта мерзімді перспективада халықаралық мұнай-газ компанияларымен стратегиялық серіктестік арқылы бутадиен мен полиэтилен өндіру жөніндегі жобаларды іске асыру жоспарлануда.
№4 стратегиялық мақсат
Тұрақты даму және өндірістегі көміртек көлемін үдемелі азайту
ҚМГ өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға әсерінің маңыздылығын сезінеді және экономикалық, экологиялық және әлеуметтік басымдықтардың, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы міндеттердің келісімділігін қамтамасыз ету мақсатында Компанияның негізгі бизнес-процестерін тұрақты даму қағидаттарымен біріктіруді жалғастырады.
Компания барлық ESG көрсеткіштері мен ESG-дің стратегиялық және орта мерзімді тиімділік жүйесіндегі интеграцияланған мақсаттары үшін жоғарғы квартильде болуға тырысады. ҚМГ қызметкерлермен және кәсіподақтармен әріптестік қағидаттарына негізделген жоғары әлеуметтік бағдарлау нормаларына ұмтылады.
2021 жылы ҚМГ Sustainalytics халықаралық рейтингтік агенттігінің бағалауынан сәтті өтті. Компанияның ESG-тәуекел-рейтингі 28,4 балл деңгейінде бағаланды. ҚМГ тәуекелдің орташа деңгейінің диапазонына ауысты.
ҚМГ үшін негізгі ESG-сын-тегеуріндер операциялық қызметтегі көміртегі шығарындылары және Компания өнімін пайдаланудан шығарындылар, сондай-ақ қызметін жүргізетін өңірлеріндегі жергілікті қоғамдастықтармен өзара қарым-қатынастар болып табылады. ҚМГ мақсаты - 2031 жылға қарай ESG-тәуекел-рейтингінің орташа деңгейі диапазонындағы позицияларды нығайту.
Пандемия салдарынан туындаған соңғы жаһандық қиындықтарды, Компанияның халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосу басымдылығын ескере отырып, Компанияның жеке бағыты қызметкерлердің денсаулығын қорғауға бағытталған.
ҚМГ климаттық жай-күйінің стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, 2022-2031 жылдарға арналған Төменкөміртекті дамыту бағдарламасын әзірледі. Бұл құжат Компанияның климаттық амбицияларын, көміртек ізін төмендету бойынша негізгі тәсілдер мен шараларын айқындайды.
ҚМГ 2031 жылға қарай СО2 тікелей және жанама шығарындыларын 2019 жылғы деңгейден 15%-ға төмендету бойынша нысаналы бағдармен өндірістің көміртек сыйымдылығын төмендетуге сараланған тәсілді таңдайды. Сонымен қатар, Компанияда жалпы қуаты кемінде 300 МВт ЖЭК жобаларын, сондай-ақ өндірістің көміртегі мен энергия сыйымдылығын 10%-дан да көп төмендету жөніндегі шараларды іске асыру жоспарланып отыр.
Стратегиялық мақсаттарды іске асыру активтерді басқарудың холдингтік моделін ескере отырып, бизнес-процестерді оңтайландыру, жобалық басқару, технологиялық даму, цифрландыру, IT, HR және тәуекелдерді басқару саласындағы толассыз міндеттерді шешуге негізделеді.
Компания инвестициялық жобаларды мұқият іріктейді және басымдық береді. Тек жоғары тиімді және стратегиялық маңызды жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады.
ҚМГ акционерлер үшін барынша көп пайданы қамтамасыз етуге және мұнай-газ секторында мемлекеттің мүдделерін сақтауға назар аудара отырып, капиталды бөлудің орынды саясатына адалдығын сақтайды.
Компания қарыздың теңгерімді деңгейін ұстап тұру және өтімділіктің мықты позициясын қамтамасыз ету мақсатында консервативті қаржы саясатын ұстануға тырысады.
Белгіленген төрт стратегиялық мақсатты іске асыру нәтижесінде ҚМГ ұлттық экономиканы әртараптандыруға және ҚР көміртегі ізін азайтуға үлес қосады, осылайша Компанияның өсуіне және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ болашақ ұрпақ үшін экологияның сақталуына ықпал етеді.