Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі ҚМГ-ның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің шешімдері заңнамада және ҚМГ Жарғысында белгіленген тәртіппен қабылданады. Заңнамада және ҚМГ Жарғысында белгіленген шешімдерді қабылдау үшін қажетті кворумға және Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысына қарамастан, Компания анағұрлым маңызды мәселелер бойынша шешімдердің іштей отырыстарда қабылдануына, шешімдерді қабылдауға Директорлар кеңесінің барлық мүшелерінің қатысуына ұмтылады және шешімдерді дайындау мен келісу үшін олар Директорлар кеңесінің барлық мүшелерінің пікірін ескере отырып, қабылданатындай барлық ықтимал күш-жігерді жұмсайды.
Директорлар кеңесі, өзгелерден басқа, ҚМГ қызметінің басым бағыттарын белгілейді және ҚМГ даму стратегиясын бекітеді, әлеуетті сатып алу мәселелері және қаржылық сипаттағы басқа да елеулі мәселелер (оның ішінде ҚМГ облигациялары мен туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары туралы), сомасы бойынша елеулі мәмілелер және жасалуына мүдделілік бар мәмілелер жасасу, жер қойнауын пайдалану құқығын алу, беру (қайта табыстау) мәселелері бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру үшін стратегиялық әріптестермен бірлескен қызмет туралы, ҚМГ мен ҚМГ еншілес ұйымдарының қатысуымен инвестициялық жобаларды келісу туралы шарттар (келісімдер) жасасуды жүзеге асырады, Компанияның корпоративтік басқару практикасының тиімділігін бақылауды жүзеге асырады.
Компанияның Директорлар кеңесінің қызметі Компанияның Жарғысымен, корпоративтік басқару кодексімен және Директорлар кеңесі туралы ережемен реттеледі және ұтымдылық пен тиімділік қағидаттарына сүйене отырып, жыл сайын әзірленетін жұмыс жоспарына және отырыстар өткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда, Директорлар кеңесі жұмыс жоспарына енгізілмеген мәселелерді қарай алады.
Директорлар кеңесінің төрағасы және оның рөлі
Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесіне жалпы басшылық жасауға жауап береді, Директорлар кеңесінің негізгі функцияларын толық және тиімді іске асыруды және Директорлар кеңесінің мүшелері, ірі акционерлер мен Басқарма арасында конструктивті диалог құруды қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директор болып табылады.
Тәуелсіз директорлар және олардың рөлі
Директорлар кеңесінің жұмысында тәуелсіз директорлардың орны маңызды болып табылады. Олардың саны Директорлар кеңесінің комитеттерінде көп және сол комитеттердің төрағалары болады. Тәуелсіз директорлар тәуелсіздіктің барлық заңнамалық шарттарына, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында Директорлар кеңесінің құрамын жасақтау ережелеріне және Кодекске сәйкес келеді.
Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес тәуелсіз және объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсібилігі мен дербестігі бар, жекелеген акционерлердің, атқарушы органның және өзге де мүдделі тараптардың ықпалынан еркін адам тәуелсіз директор деп танылады. Тәуелсіз директорлар мүдделер қақтығысы бола алатын мәселелерді (қаржы және қаржы емес есептілігін дайындау, жасалуына мүдделілік бар мәмілелер жасасу, атқарушы органның құрамына кандидаттар ұсыну, атқарушы органның мүшелеріне сыйақы белгілеу) талқылауға белсенді қатысуы тиіс. Тәуелсіз директор тәуелсіздік мәртебесінің жоғалу ықтималдығын қадағалауға және осындай жағдайлар болғанда Директорлар кеңесінің төрағасын алдын ала хабардар етуі тиіс. Директорлар кеңесі мүшесінің тәуелсіздігіне әсер ететін мән-жайлар болған жағдайда, Директорлар кеңесінің төрағасы тиісті шешім қабылдау үшін осы ақпаратты дереу акционерлердің назарына жеткізеді.
Үздік халықаралық тәжірибені ұстана отырып, Компания өзінің тәуелсіз директорларын жоғары стандарттарға сәйкестендіруге тырысады және директордың тәуелсіздігін нашарлататын немесе нашарлағандай болып көрінетін жағдайлардың жоқ екендігін мәлімдейді.
Директорлар кеңесіндегі сабақтастықты жоспарлау, лауазымға енгізу және біліктілікті арттыру
Компания Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету саясаты мен сабақтастық жоспарын әзірлеп, бекітті. 2021 жылы ҚМГ-де жүргізілген корпоративтік басқару диагностикасының аясында «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС тәуелсіз консультанты ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерінің сабақтастығы мен мерзімдері туралы мәселелер бойынша бірқатар ұсынымдар берді, оларды 2022 жылы іске асыру жоспарланып отыр. Консультант ұсынған ҚМГ-ның корпоративтік басқаруын жетілдіру жөніндегі жоспарда мынадай ұсынымдар атап өтілді:
- акционерлердің өкілдері мен тәуелсіз директорларды Компанияның Директорлар кеңесіне ұзақ уақыт сақтау мақсатында Акционермен тәсілді талқылау мүмкіндігін қарастыру. Өкілдердің өкілеттіктер мерзімін Компанияның таңдалған Стратегиясының кезеңіне сәйкес келтіру туралы мәселені зерделеу қажет, бұл егер Компания халықаралық листингті жоспарласа, Компанияның инвестициялық қоғамдастықтағы корпоративтік жадының сабақтастығын және беделін сақтауды ескере отырып, Компанияның артықшылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
- кандидаттар тізбесін, олардың құзыреттерін, мүдделілік ықтималдығын, артықшылықты сыйақыны және қазіргі директорлардың өкілеттіктер мерзіміне және талап етілетін дағдылар матрицасына негізделетін ықтимал өкілеттіктер мерзімін қоса алғанда, Директорлар кеңесі үшін ресми сабақтастық жоспарын әзірлеу мүмкіндігін қарастыру.
ҚМГ-де Директорлар кеңесі 2017 жылы бекіткен ҚМГ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін лауазымға енгізу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) қолданылады. Директорлар кеңесінің 2020 жылғы маусымдағы шешімімен Бағдарлама Компанияның функционалдық блоктарының басшыларымен кездесулер, сондай-ақ Директорлар кеңесі комитеттерінің төрағаларымен кездесулер өткізу қажеттілігі туралы тармақпен толықтырылды. Корпоративтік хатшы Бағдарламаның орындалуына, яғни Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерінің онда көзделген барлық іс-шаралардың іс жүзінде өтуіне мониторинг жүргізеді. Бағдарлама аясында құжаттарды өзектендіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. 2021 жыл ішінде Бағдарламаға сәйкес лауазымға енгізу рәсімінен ҚМГ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері Б.О. Ақшолақов пен М.Ө. Тәжіғалиев өтті.
2021 жылғы сәуірде ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелерін оқытудың 2021 жылға арналған жоспары бекітілді. Бұл ретте Директорлар кеңесінің мүшелері өз біліктілігін үздіксіз жетілдіріп отырады және өткен тренингтер туралы мәліметтерді ұсынады. Ол жөніндегі ақпарат Компанияның веб-сайтында орналастырылады.
Өкілеттіктер мерзімі
Директорлар кеңесінің өкілеттіктер мерзімі үш жылды құрайды. Директорлар кеңесінің мүшелері Директорлар кеңесінің құрамын сапалы жаңарту қажеттілігін ескере отырып, ерекше қарау кезінде қатарынан алты жылдан астам мерзімге қайта сайлануы мүмкін. Ерекше жағдайларда тоғыз жылдан астам мерзімге сайлауға жол беріледі (бұл жағдайда тәуелсіз директорлар үшін Компания барлық мүдделі тараптарға ашатын осындай қажеттіліктің егжей-тегжейлі және сенімді негіздемесі дайындалатын болады).
Бұл ретте, 2021 жылы ҚМГ-де жүргізілген корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасының нәтижелері бойынша Компания акционерлердің өкілдері мен тәуелсіз директорларды Компанияның Директорлар кеңесінде анағұрлым ұзақ сақтау мақсатында Акционермен тәсілді талқылау мүмкіндігін қарау туралы ұсыным алды. Сондай-ақ, өкілдердің өкілеттіктер мерзімін Компанияның таңдалған Стратегиясының кезеңіне сәйкес келтіру мәселесін зерделеу қажеттілігі туралы ұсыныс берілді. Тәуелсіз консультанттың пікірі бойынша, көрсетілген артықшылықтар: ұзақтығы бес-алты жылға созылатын жекелеген директорлардың өкілеттіктер мерзімі және олардың әртүрлі жылдардағы ротациясы Компанияның қызметі және оның корпоративтік басқару процестері туралы білімнің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесінде ұзақ уақыт болу орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға және Компанияның стратегиясын іске асыру жолында табысты ілгерілеуі үшін жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Директорлар кеңесінің құрамы
Компания Директорлар кеңесінің құрамындағы тәуелсіз директорлар саны бойынша Кодекстің талаптарына сай келеді, оған сәйкес тәуелсіз директорлар саны Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының 50%-ын құрайды.
"Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының 2020 жылғы 17 тамыздағы шешімімен (№30/20 хаттама) үш тәуелсіз директорды қоса алғанда, жеті адамнан тұратын Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директор болып табылады.
2021 жыл | 2022 жылғы 6 сәуірге дейін | Өкілеттіктің аяқталу күні | |
---|---|---|---|
Тәуелсіз директорлар | |||
| 3-ші мерзім | 3-ші мерзім | |
| 1-ші мерзім | 1-ші мерзім | |
| 1-ші мерзім | 1-ші мерзім | |
"Самұрық-Қазына"АҚ өкілдері | |||
| | | |
| — | 1-ші мерзім | |
| — | 1-ші мерзім | |
| 1-ші мерзім | 2021 жылғы наурыз айы | |
| 1-ші мерзім | 2022 жылғы ақпан айы | |
| 1-ші мерзім | 2022 жылғы ақпан айы | |
Атқарушы директор (Басқарма Төрағасы) | |||
| 1-ші мерзім | 1-ші мерзім |
ДК құрамына кірген жылы | ||
Тәуелсіз директорлар | Уолтон К.Д., төраға | 2014 |
Холланд Ф.М. | 2020 | |
Миллер Т.Г. | 2020 | |
«Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері | Қарабалин Ұ.С. | 2016 |
Манкеев М.Н. | 2021 | |
Ақшолақов Б.О. | 2021 | |
Атқарушы директор (Басқарма төрағасы) | Айдарбаев А.С. | 2018 |
ДК құрамына кірген жылы | ||
Тәуелсіз директорлар | Уолтон К.Д., төраға | 2014 |
Холланд Ф.М. | 2020 | |
Миллер Т.Г. | 2020 | |
«Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері | Қарабалин Ұ.С. | 2016 |
Жанәділ Е.Б. | 2022 | |
Ауғанов Ғ.Қ. | 2022 | |
Атқарушы директор (Басқарма төрағасы) | Айдарбаев А.С. | 2018 |
Директорлар кеңесінің жасы бойынша құрылымы:
- 30 жастан 50 жасқа дейін - екі адам;
- 50 жастан 60 жасқа дейін — бір адам;
- 60 жастан 75 жасқа дейін — төрт адам.
2019 жылы Директорлар кеңесінің құрамы тоғыз адамнан тұрды және олардың өкілеттіктерінің мерзімі 2020 жылдың 28 маусымында аяқталды. «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын 2020 жылдың 17 тамызында жеті адам санында белгіледі. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 26 сәуірінде Директорлар кеңесі мүшелері А.М. Сатқалиев пен Э. Эспинаның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды, олардың орнына осы шешіммен «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері Б.О. Ақшолақов пен М.Ө. Тәжіғалиев сайланды. Бұл ретте М.Ө. Тәжіғалиевтің өкілеттіктері «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2021 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен мерзімінен бұрын тоқтатылды, оның орнына М.Н. Манкеев сайланды. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 18 ақпандағы №12/22 шешімімен М.Н. Манкеев пен Б.О. Ақшолақовтың өкілеттіктері тоқтатылды, олардың орнына осы шешіммен «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері Е.Б. Жанәділ мен Ғ.Қ.Ауғанов сайланды.
Сондай-ақ ҚМГ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 18 мамырдағы шешімімен (№7/2021 хаттама) Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақылар; Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитеттерінің жаңа құрамдары2022 жылғы 2 ақпанда Директорлар кеңесінің аудит; тағайындау мен сыйақылар; стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитеттердің жаңа құрамдары сайланды. сайланды.
Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсыну және іріктеу тәртібі ҚМГ-ның Жарғысында және өзге де нормативтік құжаттарда белгіленеді, Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің төрағасымен және Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасымен бірлесіп жүзеге асырады және кандидатураларды іздеу мен жалдауды жүзеге асыру кезінде ашықтық, әділдік және кәсібилік қағидаттарымен негізделген.
Директорлар кеңесінің мүшелері акционерлердің және өзге де тұлғалардың өкілдері ретінде сайлауға ұсынылған адамдардан сайланады, Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттар лауазымдық функцияларды орындау және Компанияның ұзақ мерзімді құны мен орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті білімге, дағдыларға және тәжірибеге ие болуы тиіс, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделге ие болуы тиіс.
Директорлар кеңесінің төрағасын Акционерлердің жалпы жиналысы сайлайды.
Тәуелсіз директорлар «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен (№ 35/16 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының директорлар кеңесінің құрамдарын қалыптастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес іріктеледі.
Құзыреттер бойынша Директорлар кеңесінің құрылымы
Директорлар кеңесінің мүшесі | Негізгі құзыреттері |
---|---|
Уолтон К.Д. | Көлік, мұнай-газ саласы, стратегия, қаржы, корпоративтік басқару, IPO тәжірибесі |
Айдарбаев А.С. | Мұнай-газ саласы |
Холланд Ф.М. | Мұнай-газ саласы, жобаларды бағалау, денсаулық сақтау және қауіпсіздік |
Миллер Т.Г. | Мұнай-газ саласы, тәуекел-менеджмент, денсаулық сақтау және қауіпсіздік |
Қарабалин Ұ.С. | Мұнай-газ саласы, стратегия |
| Мұнай-газ саласы, экономика, адам ресурстарын басқару |
Жаңәділ Е.Б. | Қаржы, экономика, инвестициялар |
Директорлар кеңесінің әртүрлі бағыттар бойынша құрылымы кәсіби білім мен дағдылар тұрғысынан құрамның теңдестірілгенімен сипатталады.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2014 жылдан бастап кіреді.
Туған күні: 1957 жылғы 19 маусым.
Білімі:
- Батыс Австралия университеті, өнер бакалавры (саясаттану);
- Батыс Австралия университеті, Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі (МВА), қаржы;
- Корольдік авиациялық қоғамның құрметті мүшесі;
- Директорлар институтының құрметті мүшесі.
Жұмыс тәжірибесі
Кристофер Уолтон Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады, сонымен қатар ол Ұлыбританияның Сүңгуір қайықтарды жеткізу агенттігінің аудит төрағасы және Корольдік Әскери-теңіз флоты үшін стратегиялық кеме жасау кеңесінің атқарушы емес мүшесі (ағыл.The Royal Navy ' s National Shipbuilding Strategy Client Board) лауазымдарын қоса атқарады. Сондай-ақ ол Лондондағы Қайырымдылық қорының Еркін азаматтар гильдиясының қамқоршысы болып табылады.
Бұрын Asia Resource Minerals PLC ("Азия минералдық ресурстары") көмір өндіруші компаниясы, Goldenport Shipmanagement Ltd кеме операторлық холдингі және Lothian муниципалды автобус компаниясы сияқты компанияларда басқарма төрағасы лауазымын атқарған. Сонымен бірге, Rockhopper Exploration Plc мұнай өндіру компаниясының аға тәуелсіз директоры және аудит жөніндегі комитетінің төрағасы, "Қазақстан Темір Жолы" АҚ-тағы аудит жөніндегі комитетінің төрағасы және Ұлыбританияның Мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және спорт департаментінің Аудит және тәуекелдер жөніндегі комитетінің атқарушы емес мүшесі лауазымдарын атқарды. 2002 жылдан бастап 2005 жылға дейін Англия Банкінің (ағыл. SE England & Anglia) өңірлік экономикалық консультативтік кеңесінің мүшесі болды.
EasyJet PLC қаржы директоры лауазымын атқарды, онда компанияның IPO-сын табысты басқарды. Австралияның ірі авиакомпанияларында жоғары қаржылық және коммерциялық қызметтерде жұмыс істеді: Qantas, Air New Zealand, Australia Post және Australian Airlines. Австралия қарулы күштерінің резервінде қызмет етті.
Директорлар институтының және Корольдік авиациялық қоғамның құрметті мүшесі болып табылады.
Қоса атқаратын қызметі:
The Guild of Freemen of the City of London - директор (қайырымдылық басқармасы);
Guild of Freemen of the City of London's Charity - қамқоршы;
Submarine Delivery Agency (a government department) — атқарушы емес директоры;
National Shipbuilding Strategy Client Board - тәуелсіз мүшесі.
ҚМГ-ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанама түрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2018 жылдан бастап кіреді.
Туған күні: 1963 жылғы 19 мамыр.
Білімі:
- В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, мамандығы - "Мұнай және газ кен орындарын игерудің технологиясы және кешенді механизациясы".
Жұмыс тәжірибесі
1985 жылдан бастап 1995 жылға дейін "Жетібаймұнай" МГӨБ-те оператор-технолог, одан кейін "Маңғышлақмұнай" бірлестігінің "Жетібаймұнай" МГӨБ қабат қысымын сақтау цехы бастығының орынбасары, қабат қысымын сақтау учаскесінің бастығы, Мұнай және газ өндіру цехының бастығы, "Оңтүстікқаз-мұнайгаз" МАҚ бас директорының орынбасары және бірінші вице-президенті болып жұмыс істеді.
Әр жылдары "Торғай-Петролеум" АҚ бас директоры, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директоры, ҚМГ Барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры, Маңғыстау облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
ҚМГ-ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанама түрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2016 жылдан бастап кіреді.
Туған күні: 1947 жылғы 14 қыркүйек.
Білімі:
- И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институты, мамандығы - "тау-кен инженері";
- И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтының аспирантурасы;
- техника ғылымдарының кандидаты;
- техника ғылымдарының докторы;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі.
Жұмыс тәжірибесі
Әр жылдары "Қазмұнайгазбарлау" басқармасының Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясында, Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық-барлау мұнай институтында, "Каспий маңы геология" аумақтық басқармасында, В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалында. Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің өнеркәсіп бөлімінде жұмыс істеді.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлігінің Мұнай және газ бас басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" ЖАҚ бірінші вице-президенті және президентінің міндетін атқарушы, "ҚазТрансГаз" ЖАҚ президенті, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ президенті, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директоры, "Қазақстан мұнай және газ институты" АҚ бас директоры, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
"Қазтрансойл" ЖАҚ, "Мұнай және газ тасымалдау" ҰК ЖАҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК ЖАҚ және "ҚазМұнайГаз "Барлау Өндіру" АҚ директорлар кеңестерінің төрағасы, KAZENERGY қауымдастығы үйлестіру кеңесінің төрағасы, "ҚазРосГаз" ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Атырау Мұнай және газ университеті» Директорлар кеңесінің төрағасы, "ҚМГИ" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) қызметтерін атқарған.
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның 9 655 жай акцияларын иемденеді.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2020 жылдан бастап кіреді.
Туған күні: 1954 жылғы 25 желтоқсан.
Білімі:
- Лидс университеті (Ұлыбритания), азаматтық құрылыс саласындағы ғылым бакалавры;
- Крэнфилд технологиялық институты (Ұлыбритания), "инженерия/құрылысты басқару" мамандығы бойынша ғылым магистрі.
Жұмыс тәжірибесі
1976 жылы Лидс университетін бітіріп, 1980 жылы Ұлыбритания мен Сауд Арабиясында жұмыс істегеннен кейін, Әлемнің түрлі елдеріндегі ірі мұнай-газ жобаларын басқара отырып, Bechtel Corporation-ға қосылды. 2004 жылы Shell компаниясында Shell Global Solutions жобалар жөніндегі вице-президент лауазымында жұмыс істей бастады. 2009 жылы Shell жаңадан құрылған жобалар және технологиялық бизнес жөніндегі бөлімшесінде даунстрим жобалары жөніндегі атқарушы вице-президент болды. 2010 жылы Қазақстандағы екінші сатыдағы Қашаған жобасының директоры болып тағайындалды. Одан әрі «Әл-Қараана» Shell\QP мұнай-химия жобасында жұмысын жалғастырды. 2013 жылдан бастап жобаларды басқару бойынша тәуелсіз кеңесші болып жұмыс істеді.
Velocys PLC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ EnQuest PLC компаниясының атқарушы емес директоры және қауіпсіздік, климат және тәуекелдер жөніндегі комитетінің төрағасы болып табылады.
ҚМГ-ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанама) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
2020 жылдан бастап ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына кіреді.
Туған күні: 1959 жылғы 13 қараша.
Білімі:
- Техас технологиялық университеті (Лаббок, Техас, АҚШ), машина жасау саласындағы ғылым бакалавры.
Жұмыс тәжірибесі
2000 жылдан бастап Saudi Arabian Texaco, Inc. Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеді (Бейтарап аймақ — Кувейт), Texaco Exploration and Production. 2003 жылдан бастап 2010 жылға дейін Chevron корпорациясының бөлімшелерінде түрлі лауазымдарды атқарды: басқару жөніндегі демеуші (Сан-Рамон, Калифорния, АҚШ), Бразилия бойынша елдік менеджер (Рио-де-Жанейро, Бразилия), Шығыс Калимантан бағыты бойынша аға вице-президент (Баликпапан, Индонезия).
2010 жылы «Теңізшевройл» ЖШС (Атырау, Қазақстан) бас директоры болып тағайындалды және осы лауазымда бес жыл бойы жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап Chevron корпорациясына «Еуразия» бизнес-бөлімшесінің б басқарушы директоры (Алматы, Қазақстан) лауазымына оралды. 2018 жылы Chevron компаниясындағы жұмысын аяқтағаннан кейін, Chevron корпорациясының «Еуразия» бизнес-бөлімшесі бойынша операциялық компания президентінің кеңесшісі болды (Фриско, Техас, АҚШ).
2019 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Integrated Global Services атқарушы директоры (Қазақстан Республикасы) және жаһандық операциялар жөніндегі аға кеңесшісі (Ричмонд, Вирджиния, АҚШ).
Өзге де қызметтері/лауазымдары:
2010-2018 жылдары Қазақстандағы Американдық сауда палатасының директорлар кеңесінің құрамына кірді);
2019 жылдан бастап ValvTechnologies, Inc. (Хьюстон, Техас, АҚШ) —, 2020 жылдан бері PSI-Clough бірлескен кәсіпорны (Алматы, Қазақстан) Директорлар кеңесінің құрамына кіреді;
әр жылдары шақырылған дәріскер болды: KAZENERGY аясында мұнай-газ саласындағы мансап бойынша мастер-класс, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі, Халық шаруашылығы университеті, Техас A&M университетінің Mays School of Business, Қазақстан-Британ техникалық университеті.
ҚМГ-ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанама түрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2022 жылдың ақпанынан кіреді.
Туған күні: 1988 жылғы 6 маусым.
Білімі:
- Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, «Қаржы және есеп» факультеті, мамандығы «қаржы»;
- М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, мамандығы «мұнай-газ ісі»;
- Гуманитарлық-техникалық академия, мамандығы «экономика және бизнес магистрі».
Жұмыс тәжірибесі:
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Инженерлік орталық» филиалының еңбекті жоспарлау және нормалау бөлімінің инженері;
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекақы төлеу және нормалау департаментінің жетекші маманы;
«Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті» жекеменшік университетінің еңбекті жоспарлау және нормалау департаментінің жетекші маманы;
«Қазгермұнай» БК» ЖШС адам ресурстарын басқару департаментінің еңбекті нормалау жөніндегі жетекші инженері;
«Ембімұнайгаз» АҚ персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаменті директорының орынбасары;
«Қаражанбасмұнай» АҚ персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры;
«Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры;
Қоса атқаратын қызметі және ДК мүшелігі:
«Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі;
ҚМГ-ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанама түрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2022 жылдың ақпанынан кіреді.
Туған күні: 1984 жылғы 15 желтоқсан.
Білімі:
- Іскерлік Әкімшілендіру Бакалавры, Бухгалтерлік Есеп және Қаржы, Қазақстандық менеджмент, Экономика және болжамдау институты (ҚМЭБИ), Қазақстан;
- Магистр, Қаржы, Манчестер Бизнес Мектебі, Манчестер Университеті, Ұлыбритания;
- Executive MBA-Global, Лондон Бизнес Мектебі мен Колумбия бизнес мектебінің бірлескен бағдарламасы, Ұлыбритания және АҚШ.
Жұмыс тәжірибесі:
Phillip Morris Kazakhstan, «ЭлитСтрой» ЖШС, PricewaterhouseCoopers халықаралық аудиторлық фирмасында жұмыс істеген.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да Ішкі аудит қызметін басқарды, Қаржылық бақылаушы лауазымын атқарды.
Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор / тең басқарушы директор - Басқарма мүшесі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (11.2016-04.2021).
Инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директор - Басқарма мүшесі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (04.2021-01.2022).
Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директор (01.2022 - қазіргі уақытқа дейін).
Қоса атқаратын қызметі және ДК мүшелігі:
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (26.04.2021 бастап);
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (22.06.2021 бастап).
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары:
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, 2019 жылғы желтоқсан.
CMA сертификаты, Халықаралық басқарушы бухгалтерлер институты, АҚШ;
IPMA сертификаты, Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығы, Швейцария;
ACCA сертификаты, Артықшылықты бухгалтерлер қауымдастығы, Ұлыбритания;
Аудиторлық лицензия, Қазақстан аудиторлар палатасы, Қазақстан.
ҚМГ-ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
Директорлар кеңесінің 2021 жылдағы жұмысы
2021 жылы Директорлар кеңесі ҚМГ-ның даму стратегиясын өзектендіру, қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды басқару және тұрақты даму проблематикасы, корпоративтік басқаруды жетілдіру, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару мәселелері, менеджмент қызметінің негізгі көрсеткіштерін әзірлеу, цифрлық трансформация мәселелері, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әл-ауқаты мәселелеріне ерекше назар аударды.
2021 жылы Директорлар кеңесі қараған мәселелер, санаттар бойынша
Есептер | Стратегиялық мәселелер | Корпоративтік басқару мәселелері | Мәмілелер жасасу мәселелері |
|
|
|
|
Еншілес және тәуелді ұйымдардың мәселелері | Ішкі нормативтік құжаттарды бекіту | Тағайындаулар және сыйақы | Директорлар кеңесі бөлімшелерінің мәселелері |
|
|
|
|
2021 жылғы стратегиялық сессиялар
2021 жылы Директорлар кеңесінің стратегия бойынша екі отырысы өткізілді.
2021 жылдың 28 мамырында кесте бойынша жоспарланған отырыс өткізілді, оның аясында ҚМГ-ның 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясының тұжырымдамалары және төменкөміртекті дамыту бағдарламасын әзірлеу тәсілдері келісілді. Директорлар кеңесінің осы отырысы аясында ҚМГ қорының тапсырмасы бойынша ҚМГ қаржы стратегиясының жобасы, сондай-ақ бірқатар жобаларды әлеуметтік жобалар ретінде белгілеу қажеттілігі туралы мәселе әзірленгені айтылды. Сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелері ҚМГ-ның мұнай-газ компаниясы ретіндегі бейінін сақтауды қолдады, дегенмен, экология мәселелері назардан тыс қалмайды.
2021 жылғы 3 қарашада ҚМГ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 28 мамырдағы стратегия бойынша әзірлеген түсіндірмелері мен ұсынымдарын ескере отырып, ҚМГ-ның 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын қарау және бекіту мақсатында, ҚМГ Директорлар кеңесінің стратегия бойынша екінші отырысы өткізілді (№8/2021 хаттама). Директорлар кеңесінің төрағасы құттықтау сөзінде айтарлықтай өзгерістер болатынын атап өтті: ҚМГ IPO-ға шығуы тиіс, энергетикалық ауысуға және климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерге шоғырлануға байланысты өзгерістер болады. Отырыс барысында ҚМГ-ның 2022-2031 жылдарға арналған стратегиясы және ҚМГ-ның 2021-2031 жылдарға арналған Төменкөміртекті дамыту бағдарламасы егжей-тегжейлі талқыланды.
Директорлар кеңесінің тұрақты даму мәселелері бойынша отырысы
2021 жылдың 7 маусымында ҚМГ Директорлар кеңесінің тұрақты даму мәселелері жөніндегі жыл сайынғы отырысы өтті, оның барысында мынадай өзекті мәселелер талқыланды:
- 2020 жылғы ҚМГ-ның тұрақты дамуы туралы есебі туралы,
- Тұрақты дамудың басым мақсаттарын ҚМГ-де енгізу,
- Төменкөміртекті дамыту бағдарламасы.
Компанияның негізгі мәселелерінің іске асырылуын бақылау
ҚМГ-ның стратегиялық бастамаларын бақылауды жүзеге асыру және уақтылы түзету шараларын қабылдау мақсатында Директорлар кеңесі ҚМГ Басқармасы төрағасының қызметтің негізгі өзгерістері бойынша есебін, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпаратты, қаржы-шаруашылық қызметтің алдын ала нәтижелері бойынша есепті, COVID-19 жөніндегі есепті, жасалуына мүдделілік бар, Басқарма шешім қабылдаған жасалған мәмілелер туралы есепті, Даму стратегиясын орындау мәртебесіне шолуды, ҚТК және инвестициялық жобаларды тұрақты түрде тыңдайды, ҚМГ-ның шоғырландырылған даму жоспарын іске асыру туралы есеп, тәуекелдер жөніндегі есеп, Директорлар кеңесі комитеттері төрағаларының есептері, Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуы туралы есеп, сондай-ақ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің жұмысы туралы есептер.
Директорлар кеңесінің Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитеті әрбір отырыста ірі мұнай-газ жобаларын (Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз кен орындарында) іске асыру, трансформация, жекешелендіру туралы есептерді қарайды және талқылайды.
Директорлар кеңесі мүшелерінің 2021 жылы Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің отырыстарына қатысуыБірінші цифр Директорлар кеңесінің мүшесі қатысқан отырыстардың санын, екіншісі — Директорлар кеңесінің мүшесі қатысуға мүмкіндігі болған отырыстардың жалпы санын көрсетеді.
Директорлар кеңесінің мүшесі | 2021 жылы болған отырыстар | ||||
---|---|---|---|---|---|
Директорлар кеңесі | Аудит жөніндегі комитет | Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет | Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитет | Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму комитеті | |
Уолтон Кристофер Джон | 19/19 | 21/21 | 7/7 | 5/5 | 5/5 |
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы | 18/19 | — | — | 5/5 | 5/5 |
Сәтқалиев Алмасадам | 5/5 | — | — | — | — |
Эспина | 5/5 | — | 2/2 | 2/2 | — |
Айдарбаев Алик Серікұлы | 19/19 | — | — | — | — |
Холланд Филип Малкольм | 19/19 | 21/21 | 7/7 | 5/5 | — |
Миллер Тимоти Глен | 19/19 | 21/21 | — | 5/5 | 5/5 |
Ақшолақов Болат | 14/14 | — | — | 3/3 | — |
Тәжіғалиев Мұхтар | 14/14 | — | 5/5 | — | — |
Директорлар кеңесінің қызметін бағалау
Кодекске сәйкес, Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесінің комитеттері мен мүшелері Директорлар Кеңесі бекіткен құрылымдалған процестің аясында жыл сайынғы негізде бағалануы тиіс. Бұл процесс "Самұрық-Қазына" АҚ әдіснамасына сәйкес келуі тиіс. Бұл ретте, бағалау үш жылда кем дегенде бір рет тәуелсіз кәсіби ұйым тартыла отырып жүргізіледі.
2021 жылы ҚМГ-ні қоса алғанда, "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 11 портфельдік компаниясында "ПрайсуотерхаусКуперс" ЖШС командасы 2020 жылдың 1 қаңтары мен 2021 жылдың 31 мамыры аралығындағы кезеңде корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасын жүргізді. Көрсетілген диагностика аясында келесі бес бағыт бойынша қызмет бағаланды: Директорлар кеңесі және атқарушы органның тиімділігі; тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит; орнықты даму; акционерлердің құқықтары; ашықтық. Осыған байланысты, 2021 жылы Директорлар кеңесінің қызметіне дербес тәуелсіз бағалау жүргізілген жоқ.
Бұл ретте, 2021 жылы Кодекстің талаптарына сәйкес, Директорлар кеңесі мүшелерінің өзін-өзі бағалауы 2020 жылдың қорытындылары бойынша сауалнама жүргізу жолымен жүргізілді. Өзін-өзі бағалауға арналған сауалнаманы Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет пен Директорлар кеңесінің төрағалары бірлесіп әзірледі. Сауалнама екі бөлімнен тұрды — "Құрам және процестер", "Мінез-құлық және іс-әрекеттер" - және 30 сұрақ. Өзін-өзі бағалау нәтижелері Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитетте алдын ала қаралды, оның барысында Директорлар кеңесінің төрағасына Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасымен бірлесіп, Директорлар кеңесінің отырысы аясында, 2020 жылдың қорытындылары бойынша Директорлар кеңесінің қызметін өзін-өзі бағалау нәтижелерін талқылау кезінде мынадай аспектілерді талқылау бойынша ұсыным әзірленді:
- ҚМГ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің төрағасын тағайындау;
- барлық аспектілерде әртүрлілік;
- Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастық жоспары және оларды сайлау процесі;
- ҚМГ-ның стратегиясы;
- кәсіптік дамыту және оқыту.
2020 жылдың қорытындылары бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің қызметін өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша есеп (бұдан әрі - Есеп) Директорлар кеңесінің жабық отырысында ұсынылды және талқыланды, оған Директорлар кеңесінің мүшелері мен Корпоративтік хатшы ғана қатысты. Есепті талқылау аясында Директорлар кеңесі мүшелерінің өзін-өзі бағалау нәтижелерін талдау көрсетілді және төрт балдан (ең жоғары бес балдан) (бұдан әрі - жетілдіруге арналған салалар) төмен бағаланған дағдылар мен құзыреттер көрсеткіштері қаралды. Осыған байланысты, жетілдіруге арналған салаларға қатысты Директорлар кеңесінің қызмет жетілдіру мақсатында ҚМГ Директорлар кеңесінің қызметін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) әзірленді, сондай-ақ алдыңғы Жоспардың орындалу мәртебесі қаралды.
2021 жылғы қарашада Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің отырысында 2021 жылдың қорытындылары бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің қызметін бағалауға қатысты мәселе қаралды, оның аясында Директорлар кеңесінің төрағасы ҚМГ-дегі корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасы жүргізілгенін, ол сондай-ақ Компанияның Директорлар кеңесінің қызметін бағалауды қамтитынын айтты, алайда 2021 жылдың қорытындылары бойынша өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсынды. Жыл сайынғы негізде өзін-өзі бағалауды жүргізудің мақсаты Директорлар кеңесі мүшелерінің сауалнамаларды толтыру қорытындылары бойынша динамиканы анықтау болып табылады. ҚМГ Директорлар кеңесі назар аударуды қажет ететін жағдайларды анықтау және бұрын алынған нәтижелермен салыстыру мақсатында 2021 жылдың қызмет қорытындысы бойынша өзін-өзі бақылау жүргізу туралы шешім қабылады.
2022 жылдың 1-ші тоқсанында Директорлар кеңесін, Директорлар кеңесінің комитеттерін, Директорлар кеңесінің мүшелерін және Корпоративтік хатшыны 2021 жылдың қорытындысыры бойынша өзін-өзі бағалау тәсілімен бағалау процесін аяқтау жоспарлануда. Осыған байланысты Директорлар кеңесі оның қызметінде нені жақсартуға болатынын әлі де талқылайды.
Корпоративтік хатшы
Корпоративтік хатшының негізгі міндеті ҚМГ мен акционер, акционерлер мен Директорлар кеңесі, Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі, Омбудсмен, Басқарма және ҚМГ-ның өзге де органдары арасындағы жүйелі коммуникацияларды қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Корпоративтік хатшының міндеттері Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің қызметін толық қамтамасыз етуді, акционерлер тарапынан корпоративтік шешімдердің уақытылы және сапалы қабылдануына жәрдемдесуді, Директорлар кеңесінің мүшелері үшін олардың қызметінің және Кодекс ережелерін қолданудың барлық мәселелері бойынша кеңесші рөлін орындауды, сондай-ақ Кодекстің іске асырылуына мониторинг жүргізуді қамтиды. Корпоративтік хатшы ҚМГ-дегі корпоративтік басқару практикасын жетілдіру процесіне жауап береді. Корпоративтік хатшы өз міндеттерін тәуелсіз негізде жүзеге асыратын және Директорлар кеңесіне есеп беретін Компанияның қызметкері болып табылады.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1980 жылғы 22 қаңтар.
Білімі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультеті, мамандығы - халықаралық құқық";
Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, «Іскерлік әкімшіліктендіру шебері» бағдарламасы (MBA), мамандығы – «менеджмент»;
сертификатталған корпоративтік хатшы; корпоративтік хатшыларға арналған корпоративтік басқару саласындағы сертификатталған тренер; «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті" жекеменшік университетінің тренері.
Жұмыс тәжірибесі
2001 жылдан бастап 2007 жылға дейін Атырау облысындағы Теңіз кен орнында әртүрлі лауазымдарда; 2007 жылдан бастап 2012 жылға дейін — «Қазақстанның Даму банкі» АҚ; 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін — ҚМГ және ҚТГ-да жұмыс істеді.
2015 жылдың 5 қаңтарынан бастап ҚМГ Корпоративтік хатшысы болып табылады.
2019 жылдың 1 ақпанынан бастап «Атамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің корпоративтік хатшылар комитетінің құрамына сайланды.