ESG ашылымдар жинағы

Бөлім Есептілік элементі Ақпарат және дереккөзге сілтеме
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ
Климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктер мәселелері бойынша Компанияның корпоративтік басқару саласындағы ақпаратты ашу (КТжМ) Директорлар кеңесі жүзеге асыратын КТжМ бақылаудың сипаттамасы Басшылықтың КТжМ бағалау және басқару процесіндегі рөлінің сипаттамасы Қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті Директорлар кеңесіне төмендегі мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұсыну арқылы көмек көрсету мақсатында іс-әрекет етеді:
  • қауіпсіздікті, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
  • ҚМГ стратегиялық жоспарлау мен әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрақты даму қағидаттарын енгізу;
  • жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар аясында ҚМГ әлеуметтік міндеттемелері мен бағдарламалары;
  • ҚМГ экологиялық тиімділігінің мониторингі.
Толығырақ "Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму жөніндегі комитеті" бөлімінен қараңыз
СТРАТЕГИЯ
Корпоративтік басқару саласындағы ақпаратты ашу (КТжМ) Директорлар кеңесі жүзеге асыратын КТжМ бақылаудың сипаттамасы CDP Көміртекті есептілік жөніндегі Климаттық бағдарламасы аясында ҚМГ 2019 жылдан бастап парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының көлемі туралы деректерді, парниктік газдар шығарындыларын басқару мәселелерін, Румыния мен Грузиядағы халықаралық активтерді қоса алғанда, ҚМГ-ның барлық активтері бойынша негізгі тәуекелдер мен мүмкіндіктерді ашады.
2021 жылғы шілдеде 2020 жылдың қорытындылары бойынша ҚМГ-ның климаттық сауалнамасы жарияланды. Есепке сәйкес, 2020 жылдың нәтижелері бойынша ҚМГ компанияларының тобында СО2 тікелей шығарындыларының көлемі 8,7 млн тоннаны (2019 жылы 9,7 млн тонна) құрады. СО2 баламасындағы деректер IPCC Fifth Assessment Report жаһандық жылыну әлеуетінің коэффициенттері (метан – 28, азот оксиді – 256) қолданылып ұсынылған.
Парниктік газдардың тікелей шығарындылары жөніндегі деректер әрбір ЕТҰ бойынша тіркелген тәуелсіз ұйымдардың қорытындыларымен расталған. 2021 жылғы ақпарат CDP есебінде 2022 жылдың 3-ші тоқсанында ашылатын болады. Ақпаратты ашу кезінде ҚМГ дәйектілік және салыстырмалылық қағидатын ұстанады, ақпараттың толық ашылуын арттыру және үшінші деңгейдегі жанама шығарындылар бойынша есептілік аясын кеңейту бойынша жұмысты үздіксіз жүргізеді.
КТжМ Компанияның қызметіне, стратегиясына және қаржылық жоспарлауына тигізетін іс жүзіндегі және ықтимал әсері туралы ақпаратты осы ақпарат маңызды болатын жағдайларда ашу Компания қысқа, орташа және ұзақ мерзімді перспективада анықтаған КТжМ сипаттамасы Компания көміртек ізін төмендетудің ағымдағы мүмкіндіктерін (энергия тиімділігін арттыру және ресурс үнемдеу), сондай-ақ декарбонизациялау үшін қызметтің қосымша бағыттарын (ЖЭК, СО2 ұстау, пайдалану және сақтау, орман көміртегі жобалары, сутегі өндірісі) қамтитын 2022-2031 жылдарға арналған Төменкөміртекті дамыту бағдарламасын әзірледі.
КТжМ Компанияның қызметіне, стратегиясына және қаржылық жоспарлауына тигізетін әсерінің сипаттамасы Есепте әлемдік экономиканың дамуына байланысты әртүрлі сценарийлер сипатталған:
  • 2050 жылға қарай таза нөлдік шығарындылар сценарийі (NZE) – бұл 2050 жылға қарай CO2 шығарындыларының нөлдік деңгейіне жету үшін EIA нормативтік сценарийі, ал дамыған елдер, басқаларға қарағанда, шығарындылардың нөлдік деңгейіне ертерек жетеді. Сондай-ақ бұл сценарий БҰҰ-ның энергетика саласындағы Тұрақты дамуының негізгі мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келеді.
  • Жарияланған саясаттардың сценарийі (STEPS) тек үкіметтер қабылдаған немесе жариялаған нақты саясатты ескереді. Сценарий бойынша, егер CO2 жылдық шығарындылары ағымдағы траекторияны сақтап қалса, бұл 2100 жылға қарай температураның шамамен 2,7°C көтерілуіне әкеледі (50%-дық ықтималдықпен).
  • Жарияланған міндеттемелер сценарийінде (APS) шығарындылардың нөлдік деңгейі бойынша барлық жарияланған ұлттық міндеттемелер қазіргі уақытта белгілі бір саясатпен бекітілгеніне қарамастан, толық және уақытылы орындалады деп болжанады. Сценарий бойынша, егер CO2 жылдық шығарындылары ағымдағы траекторияны сақтап қалса, бұл 2100 жылға қарай температураның шамамен 2,1°C көтерілуіне әкеледі (50% ықтималдылықпен).
  • Тұрақты даму сценарийі (SDS) Париж келісімімен белгіленген нәтижелерге «2°C деңгейінен төмен» жолды білдіреді.

Толығырақ «Жаһандық үрдістер және олардың ҚМГ стратегиясының іске асырылуына әсері» бөлімінен қараңыз.
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ
Компания климаттық тәуекелдерді (КТ) анықтайтын және бағалайтын және басқаратын процестердің сипаттамасы Компанияда бар климаттық тәуекелдерді анықтау және бағалау процестерінің сипаттамасы Компания өз қызметінде климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерге тап болады, олар мыналарды қамтиды:
нарықтық тәуекелдер - сұраныс пен тұтынушылық қалаудың өзгеруіне байланысты тәуекелдер;
саяси-құқықтық және реттеушілік тәуекелдер - жаһандық экономиканың төмен көміртекті даму жолына көшуіне және парниктік газдар шығарындыларын реттеуді күшейту бойынша Компания қатысатын елдерде қолданылатын шараларға байланысты тәуекелдер;
беделдік тәуекелдер - мүдделі тараптар тарапынан Компанияның төменкөміртекті экономикаға көшуге қатысуы немесе мұндай қатысудан бас тартуы мәселелерін қабылдауына байланысты тәуекелдер;
технологиялық тәуекелдер - төменкөміртекті технологиялардың дамуы мен тиімділігінің артуына байланысты жаһандық экономиканың төменкөміртекті дамыту жолына көшуін жеделдетуге байланысты тәуекелдер;
физикалық тәуекелдер - жабдықтың сенімділігі мен адам денсаулығына әсер ете алатын (табиғи апаттар мен мәңгі аяздың таралу қаупін қоса алғанда) Компания қызметін жүзеге асыратын өңірлердегі ауа-райы-климаттық жағдайлардың және табиғи ортаның басқа да сипаттамаларының өзгеруіне байланысты тәуекелдер.
Толығырақ «Негізгі тәуекелдер» бөлімінен қараңыз.
Климаттық тәуекелдерді анықтау мен бағалау және басқару процестері компанияның тәуекелдерді басқарудың жалпы жүйесіне қалай интеграцияланғанын сипаттау 2021 жылғы ақпарат CDP есебінде 2022 жылдың 3-ші тоқсанында ашылатын болады.
КӨРСЕТКІШТЕР МЕН НЫСАНАЛЫ МАҚСАТТАР
Берілген ақпарат маңызды болған кезде тиісті КТжМ бағалау және оларды басқару кезінде қолданылатын көрсеткіштер мен мақсатты мәндер туралы ақпаратты ашу Компания стратегиясы мен тәуекелдерді басқару процесіне сәйкес тиісті КТжМ бағалау кезінде қолданатын көрсеткіштер туралы ақпаратты ашу 2021 жылғы ақпарат CDP есебінде 2022 жылдың 3-ші тоқсанында ашылатын болады.
1, 2 Қамту саласындағы парниктік газдар шығарындылары және 3 Қамту саласы және олармен байланысты тәуекелдер туралы ақпаратты ашу
Компания КТжМ басқару үшін қолданатын мақсаттардың, сондай-ақ мақсатты көрсеткіштермен салыстырғанда, нәтижелердің сипаттамасы
«БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын және Тұрақты дамудың 17 жаһандық мақсатын ұстану» бөлімін қараңыз.