Директорлар кеңесінің жанындағы комитеттер
Директорлар кеңесінің мүшелері Комитеттердің жұмысына қатыса отырып, өзара байланысты функцияларды, мәселелер мен бағыттарды егжей-тегжейлі қарауға және талдауға шоғырланады. Комитеттердің отырыстары шақырылған сарапшылардың, бизнес-көшбасшылардың және өзге де мүдделі тұлғалардың қатысуымен өтеді, Комитеттер тиісті шешім қабылдау үшін Директорлар кеңесіне ұсынымдар енгізеді. Директорлар кеңесінің комитеттері атқарушы емес директорлардан тұрады, олардың көпшілігі - тәуелсіз директорлар, сондай-ақ тәуелсіз директорлар да төрағалары болып табылады.
Директорлар кеңесі комитеттерінің функциялары мен міндеттері
Комитет | Міндеттер |
---|---|
Стратегия және портфельді басқару комитеті | Комитет Директорлар кеңесіне төмендегі мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұсыну арқылы көмек көрсету мақсатында іс-әрекет етеді:
|
Тағайындау және сыйақы комитеті | Комитет Директорлар кеңесіне төмендегі мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұсыну арқылы көмек көрсету мақсатында іс-әрекет етеді:
|
Аудит жөніндегі комитет | Комитет Директорлар кеңесіне төмендегі мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұсыну арқылы көмек көрсету мақсатында іс-әрекет етеді:
|
Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті | Комитет Директорлар кеңесіне төмендегі мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұсыну арқылы көмек көрсету мақсатында іс-әрекет етеді:
|
Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет
Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет төрағасының үндеуі
2021 жылы Комитеттің қызметі тиімді кадр саясатын, сабақтастықты жоспарлауды, еңбекақы және сыйақы төлеу жүйесін, әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге және Компанияны бірыңғай корпоративтік мәдениетке келтіруге бағытталды. Комитет ҚМГ компаниялар тобының негізгі позицияларына сабақтастық жоспарын қалыптастыру бойынша "МАНСАП" жобасын іске асыру мәртебесі жөніндегі мәселелерді тұрақты негізде қарады. Сонымен қатар, ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету саясаты және ҚМГ Директорлар кеңесінің сабақтастық жоспары әзірленіп, бекітілді.
ҚМГ-ның 2022-2031 жылдарға арналған жаңа стратегиясын талқылау аясында ҚМГ қызметінің құрылымы өзгеретіні және қызметі жаңартылатын энергия көздерін дамытуға көбірек назар аударатыны түсінікті болды, бұл, өз кезегінде, Компанияның құрылымына ғана емес, сондай-ақ корпоративтік мәдениетке де өзгерістер енгізу қажеттілігін талап етеді. Осыған байланысты, өз міндеттерін тиімді орындап қана қоймай, сыртқы сын-қатерлерге қарсы тиімді шаралар қабылдай алатын қызметкерлер пулын қалыптастыруға назар аудару керек. Мақсаты - ресурстық күйден адами капиталға көшу болып табылады.
Сонымен бірге, есепті кезеңде Комитет әлеуметтік мәселелерді талқылау кезінде, оның ішінде құрылымды қайта ұйымдастыру, еңбекақы және сыйақы төлеу, сондай-ақ Компанияның беделдік тәуекелдерін барынша азайту кезінде Компанияның менеджментімен белсенді өзара іс-қимыл жасады. ҚМГ-ның кадр саясатын іске асыру туралы есеп беру барысында өңірлерде әлеуметтік шиеленістің туындауы және оларды шешу нұсқалары туралы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, Комитет адами ресурстарды басқару блогының қызмет бағыттарын, атап айтқанда, персоналды тиімді басқару жүйесін, қызметкерлер санын басқару бағдарламасын, мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл және сабақтастық жоспарын талқылауға қатысты.
Комитет өз қызметінде Комитет назарының негізгі бағыты сақталатын Компаниядағы әлеуметтік тұрақтылықты қолдау мақсатында дәйекті және салмақты шешімдерді қабылдау қағидатын ұстанады.
Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің құрамына (2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) кіретіндер:
- Холланд Филип Малкольм - 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет төрағасы;
- Уолтон Кристофер Джон - 2017 жылдың тамызынан бастап Комитет мүшесі;
- Тәжіғалиев Мұхтар Өтепқалиұлы - 2021 жылдың мамырынан бастап Комитет мүшесі.
Кадр мәселелері Компанияның тиімді жұмыс істеуінің маңызды бөлігі болып табылады. Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет Директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін Компания қызметкерлерін тиісті тағайындау мен сыйақылары, сондай-ақ оларды даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша ұсынымдарды Директорлар кеңесіне береді. Тағайындау үшін негізгі қағидаттар - кандидат құзыреттерінің лауазымның тиісті міндеттерін орындау үшін қажетті жоғары талаптарға сәйкес келуі, кандидаттың дағдыларының сәйкестігі және Компанияның өз бағытындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру мүмкіндігі.
Комитет 2021 жылы қараған қызметтің негізгі бағыттары бойынша мәселелер
Сабақтастықты жоспарлау |
|
Қызметті тұрақты және тиімді бағалауды қамтамасыз ету |
|
Тиімді кадр саясатын, еңбекақы төлеу және сыйақы жүйесін қамтамасыз ету |
|
Комитет отырысының нөмірі мен күн | Ұзақтығы | Холланд Ф.М. | Уолтон К.Д. | Эспина Э. | Тәжіғалиев М.Ө. | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
1/2021 | 09.02 | | | + | + | + | + |
2/2021 | 06.04 | 13:56–15:23 | 79 минут | + | + | + | + |
3/2021 | 08.06 | 14:10–15:59 | 169 минут | + | + | Құрамнан шығарылды | + |
4/2021 | 07.09 | 13:59–15:15 | | + | + | + | |
5/2021 | 27.09 | | 30 минут | + | + | + | |
6/2021 | 02.11 | | 111 минут | + | + | + | |
7/2021 | 07.12 | | 60 минут | + | + | + | |
Қатысу үлесі, % | 100 | 100 | 100 | 100 |
Стратегия және портфельді басқару комитеті
Стратегия және портфельді басқару комитеті төрағасының үндеуі
2021 жылы Комитеттің қызметі, басқалармен қатар, ҚМГ-ның Даму стратегиясын өзектендіруге, сондай-ақ Еуропалық одақта көміртек салығын енгізуден, оның ішінде ҚМГ-ның өнімін өткізудің оңтайлы арналарын іздеу есебінен ҚМГ үшін тәуекелдерді барынша азайту жолдары туралы мәселені талқылауға бағытталды. Комитет инвестициялық қызмет және ҚМГ активтерінің портфелін басқару, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы мәселелерді белсенді түрде қарады.
Комитетте мұнай-газ химиясы жобалары бойынша мәселелер, сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ-ны «Самұрық-Қазына» АҚ-ға беру мәртебесі және ҚМГ-ның IPO-ға шығуына дайындық қарсаңында осы мәміленің ҚМГ-ға тигізетін әсері бірнеше рет талқыланды. Жоспарланып отырған ҚМГ IPO-ны ескере отырып, Комитет бірқатар жобаны әлеуметтік деп белгілеу (оның ішінде магистральдық су құбырын қайта жаңарту және тұщыландыру зауытын салу, сондай-ақ Жаңаөзен қаласында газ зауытын салу), сондай-ақ осындай жобаларды қаржыландыру көздері туралы мәселені мәселесін бірнеше рет көтерді .
Сонымен қатар, Комитет трансформация және цифрландыру департаментінің есептерін егжей-тегжейлі талқылау және "Самұрық-Қазына" АҚ-мен өзара іс-қимыл жасау арқылы ҚМГ-де Цифрлық трансформация бағдарламасына мониторинг жүргізу, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ бастамашылық еткен ҚМГ Жарғысына Директорлар кеңесінің трансформация мәселелері бойынша құзырет аясын кеңейту жөніндегі ұсыныстарды қолдау бойынша жұмыс жүргізді.
Бұдан басқа, Комитеттің әрбір отырысының шеңберінде Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз ірі кен орындары бойынша есептік ақпарат, сондай-ақ Жекешелендіру бағдарламасы мен дивестициялар бойынша есептер тыңдалды. Комитеттің соңғы отырысы аясында мұнай-химия кәсіпорындарын (зауыттарын) салу және пайдалануға енгізу жөніндегі жобаларды іске асыру мәртебесі бойынша ақпаратты тұрақты негізде тыңдау туралы шешімді қабылданды.
ҚМГ үшін кредиттік рейтингтердің маңыздылығына және ҚМГ-ның рейтингтерді арттыруға/қолайлы деңгейде ұстап қалуға бағытталған қызметіне қатысты нақты көзқарасты қалыптастыру қажеттілігіне байланысты, Комитет шеңберінде ҚМГ-ның кредиттік рейтингіне шолу тыңдалды және талқыланды.
ҚМГ - ұлттық мұнай-газ компаниясы және тиісінше, ол Қазақстан Республикасының және «Самұрық-Қазына» АҚ стратегиясына сәйкес келуі тиіс, осыған байланысты Комитет өз қызметінде ҚМГ-ның даму стратегиясын іске асыруға бағытталған дәйекті және салмақты шешімдер қабылдау қағидатын ұстанады.
Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитеттің құрамына (2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) мыналар кіреді:
- Холланд Филип Малкольм - 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет төрағасы;
- Уолтон Кристофер Джон - 2017 жылдың тамызынан бастап Комитет мүшесі;
- Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - 2017 жылдың тамызынан бастап Комитет мүшесі;
- Миллер Тимоти Глен - 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет мүшесі;
- Ақшолақов Болат Оралұлы - 2021 жылдың мамырынан бастап Комитет мүшесі.
Комитет 2021 жылы қараған қызметтің негізгі бағыттары бойынша мәселелер
Даму стратегиясы, оның ішінде қызметтің басым бағыттары |
|
Инвестициялық тартымдылықты арттыру |
|
Қаржы-шаруашылық қызметті лайықты түрде жоспарлауды қамтамасыз ету |
|
ҚМГ трансформациясының мониторингі |
|
Комитет отырысының нөмірі мен күні | Ұзақтығы | Холланд Ф.М. | Уолтон К.Д. | Миллер Т.Г. | Эспина Э. | | | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1/2021 | 10.02 | | | + | + | + | + | + | + |
2/2021 | 07.04 | | | + | + | + | + | + | + |
3/2021 | 09.06 | | | + | + | + | Құрамнан шығарылды | + | + |
4/2021 | 08.09 | | | + | + | + | + | + | |
5/2021 | 03.11 | | | + | + | + | + | + | |
Қатысу үлесі, % | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 |
Аудит жөніндегі комитет
Аудит жөніндегі комитет төрағасының үндеуі
2021 жылы Аудит жөніндегі комитет негізгі функционалдық бағыттар бойынша ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің және Компания қызметінің тиімділігіне мониторингті, сондай-ақ басшылықтың есептілігі мен негізгі шешімдерін қарауды және қажет болған жағдайда, қарсылықтар жіберуді жүзеге асыруды жалғастырды. Комитеттің қызметі Кодексте, Аудит жөніндегі комитет туралы ережеде және ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімдерінде жазылған Аудит жөніндегі комитеттің үміттері мен функционалдық міндеттерінің тізбесіне сәйкес келді.
Бухгалтерлік есеп саласындағы маңызды мәселелер мен шешімдерді көрсететін басшылық пен сыртқы аудитордың есептері тоқсан сайынғы негізде қаралды. Бұл ақпарат ҚМГ-ның қаржы есептілігінің дұрыстық, теңгерімділік және анықтық дәрежесі туралы пәндік пікірталас жүргізуге көмектеседі.
2021 жылы ҚМГ есептілігін, оның ішінде жылдық есебін, қаржы есептілігін дайындау және бекіту жұмыстарыайтарлықтай жеделдетілді.
Сондай-ақ 2021 жылы Комитет ішкі бақылауды және корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырды - 2021 жылы жүргізілген корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасының қорытындылары бойынша ҚМГ-ның корпоративтік басқару рейтингі 2018 жылғы «ВВ»-ден 2021 жылы «BBB» дейін өсті. ҚМГ-ның корпоративтік басқару рейтингінің ағымдағы деңгейі Компанияның корпоративтік басқару жүйесі барлық елеулі аспектілерде белгіленген критерийлердің көпшілігіне сәйкес келетіндігін және бұл ретте. жүйенің тиімді жұмыс істейтіндігінің жеткілікті растамасы бар екенін білдіреді. Тәуелсіз консультанттың бағалауы бойынша рейтингтің бұл деңгейі Компанияның IPO-ға шығуы үшін оңтайлы болып табылады.
Комитет Компания қызметінің транспаренттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Аудит жөніндегі комитеттің құрамына (2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) мыналар кіреді
- Уолтон Кристофер Джон - 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет төрағасы;
- Миллер Тимоти Глен - 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет мүшесі;
- Холланд Филип Малкольм - 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет мүшесі.
Аудит жөніндегі комитет 2021 жылы қараған негізгі мәселеле
Ішкі аудит |
|
Есеп және сыртқы аудит |
|
Сыртқы бақылау және тәуекелдерді басқару |
|
Корпоративтік басқару |
|
Комплаенс мәселелері |
|
Жергілікті билік (оның ішінде салық) органдарының, сыртқы және ішкі аудиторлар мен ҚМГ басшылығының заңнаманың сақталуы туралы есептерін зерделеу |
|
| | | | | ||
---|---|---|---|---|---|---|
1/2021 | 09.02 | | | + | + | + |
2/2021 | 04.03 | | | + | + | + |
3/2021 | 25.03 | | | + | + | + |
4/2021 | 06.04 | | | + | + | + |
5/2021 | 16.04 | | | + | + | + |
6/2021 | 28.04 | | | + | + | + |
7/2021 | 30.04 | | | + | + | + |
8/2021 | 18.05 | | | + | + | + |
9/2021 | 27.05 | | | + | + | + |
10/2021 | 08.06 | | | + | + | + |
11/2021 | 23.06 | | | + | + | + |
12/2021 | 07.07 | | | + | + | + |
13/2021 | 29.07 | | | + | + | + |
14/2021 | 09.08 | | | + | + | + |
15/2021 | 12.08 | | | + | + | + |
16/2021 | 07.09 | | | + | + | + |
17/2021 | 17.09 | | | + | + | + |
18/2021 | 02.11 | | | + | + | + |
19/2021 | 19.11 | | | + | + | + |
20/2021 | 03.12 | | | + | + | + |
21/2021 | 24.12 | | | + | + | + |
Доля участия, % | 100 | 100 | 100 |
Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті
Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті төрағасының үндеуі
2021 жыл ҚМГ компанияларының тобы бойынша табиғатты қорғау қызметіне назар аударуды арттыру, қоршаған ортаға тиетін әсерді төмендету, сондай-ақ жаңа экологиялық талаптар мен жаһандық үрдістерге сәйкес болу үшін шаралар қабылдау мақсатында Экология жылы болып жарияланды. Компания атмосфералық ауаға ластауыш заттар шығарындыларын қысқартуға қол жеткізді - 2017 жылмен салыстырғанда, шығарындылар 20%-ға төмендегені байқалады. Қалдықтарды, оның ішінде тарихи қалдықтарды кәдеге жарату және ластанған жерлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар белсенді түрде орындалуда. Sustainalytics тәуелсіз рейтингтік агенттігінің бағалауы бойынша ҚМГ-ның ESG рейтингі 2020 жылғы 69 балдан 2021 жылы 72 балға дейін көтерілді. 2021 жылы ESG рейтинг тәуекелінің деңгейі 28,4 балға дейін жақсарды, 2020 жылы бұл көрсеткіш 34,7 балды болды. Көрсетілген нәтижелер Компанияға тәуекелдің орташа деңгейінің диапазонына көшуге мүмкіндік берді, енді ҚМГ әлемдегі мұнай-газ саласы бойынша 251 компанияның ішінде 16-шы орынды алып отыр. Компания Қазақстан Республикасының мұнай-газ компаниялары арасында экологиялық ақпараттың ашықтығы бойынша рейтингте бірінші орынға ие болды. ҚМГ бесінші жыл қатарынан осы рейтингті басқарып келеді. Есепті кезеңде Компанияға СDP бағдарламасының шеңберінде ақпаратты ашу қорытындылары бойынша 2020 жылы су қауіпсіздігі бойынша «В-« деңгейінде рейтинг берілді, бұл 2019 жылғы «С» деңгейіндегі рейтингпен салыстырғанда, тиісті көрсеткіштің жақсарғанын көрсетеді. ҚМГ мен Комитет қызметті декарбонизациялаудың жаһандық трендін көріп отыр. Компания өзіне 2031 жылға дейін парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларын 15%-ға төмендету бойынша мақсат қойды. Аталған көрсеткіштер ҚМГ-ның даму стратегиясына және ҚМГ-ның 2022-2031 жылдар кезеңіне арналған төменкөміртекті дамыт бағдарламасына енгізілген.
Өкінішке қарай, есепті кезеңде ҚМГ компанияларының тобында қайғылы оқиғалар да орын алды, оның ішінде «Петромидия» мұнай өңдеу зауытында болған жарылыс пен «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС-ның Боранкөл кен орнында болған өрт өліммен аяқталды. Компания мен Комитет бұл фактілерге ерекше назар аударды және түзету шаралары оқиғаның негізгі себептері толығымен жойылғанға дейін жүзеге асырылады.
ҚМГ компаниялары тобының еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаты жоғары басшылықтың еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін ұстануына негізделген және әрбір қызметкерді қауіпсіздік мәдениетін дамытуға тартуға бағытталған. Компания мен оның ЕТҰ басшылығы жазатайым оқиғалар мен аварияларға, алкогольді, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын пайдалануға және жол-көлік оқиғаларына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады.
Комитет ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ (deep dive questions) бойынша негізгі мәселелерді отырыстарда егжей-тегжейлі қарау практикасын енгізді. 2021 жылы Комитет қалдықтарды басқару туралы және Тарихи қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі меморандумды орындау туралы, Денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы жөніндегі басқару жүйесі туралы, Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің талаптары туралы, ҚМГ мердігерлік ұйымдарын басқару және атмосфералық ауаға шығарындыларды басқару туралы бес мәселені қарады.
Сондай-ақ, Комитет ҚМГ-дегі COVID-19 бойынша жағдай мен ҚМГ компанияларының тобында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есептерді тұрақты түрде тыңдады.
Комитет жетекшілік ететін қызметтің бағыттары бойынша Компанияның 2021 жылғы жетістіктері мен басты бастамалары:
- 2021 жылдың 10 қыркүйегінде ҚМГ бас директорларының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жыл сайынғы «Қауіпсіз тұрақты даму жолында» атты VI форумы өтті. Іс-шараға ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері мен басшылығы, ЕТҰ-ның бас директорлары, «Самұрық-Қазына» АҚ, мемлекеттік органдардың және ҚМГ-ның бірқатар шетелдік серіктестерінің өкілдері қатысты. Форумның мақсаты - ҚМГ компанияларының тобындағы өндірістік қауіпсіздіктің, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың ағымдағы жағдайын бағалау, қызметкерлердің өмірін қорғау және денсаулығын сақтау саласында тәжірибе алысу.
- ҚМГ негізгі мақсаты жазатайым оқиғалардың санын қысқарту болып табылатын «Vision Zero» нөлдік жарақаттанудың халықаралық тұжырымдамасына қосылады.
- ҚМГ қызметкерлерін тегін медициналық тексеру мен вакциналау тұрақты негізде жүргізіледі.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым жобалар ретінде тарихи ластануды жою және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту, сондай-ақ «Жасыл кеңсе» қағидаттарын енгізу және экологиялық мәдениет пен хабардарлықты арттыру сияқты жобаларды атауға болады.
Комитет өз қызметінде қауіпсіз орнықты даму жолында дәйекті және салмақты шешімдер қабылдау қағидатын ұстанады.
Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму комитетінің құрамына (2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) мыналар кіреді:
- Миллер Тимоти Глен - 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет төрағасы;
- Уолтон Кристофер Джон - 2018 жылдың желтоқсанынан бастап Комитет мүшесі;
- Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - 2019 жылдың мамырынан бастап Комитет мүшесі.
2021 жылы Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму жөніндегі комитет қараған негізгі мәселелер
Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздік |
|
Тұрақты даму және ESG-рейтингі |
|
Әлеуметтік жауапкершілік |
|
| | | | | ||
---|---|---|---|---|---|---|
1/2021 | 08.02 | | | + | + | + |
2/2021 | 05.04 | | | + | + | + |
3/2021 | 07.06 | | | + | + | + |
4/2021 | 06.09 | | | + | + | + |
5/2021 | 01.11 | | | + | + | + |
Қатысу үлесі, % | 100 | 100 | 100 |