Корпоративтік басқару
ҚМГ корпоративтік басқару рейтингі 2021 жылы " ВВВ " деңгейіне дейін көтерілді(2018 жылы "ВВ" деңгейінен)
Корпоративтік басқару жүйесі
ҚМГ корпоративтік басқару жүйесі ҚМГ қызметін басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін процестердің жиынтығын, сондай-ақ акционерлер («Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ), Директорлар кеңесі, Басқарма және мүдделі тараптар арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін білдіреді.
ҚМГ органдарының құзыреттерінің аражігі нақты ажыратылған және ҚМГ Жарғысында бекітілген.
Компанияның корпоративтік басқару органдарының жүйесі төмендегілерді қамтиды:
- жоғары орган – Акционерлердің жалпы жиналысы;
- басқару органы – Акционерлердің жалпы жиналысына есеп беретін Директорлар кеңесі;
- атқарушы орган – Директорлар кеңесіне есеп беретін Басқарма;
- Ішкі аудит қызметі - Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қордың тобына кіретін ҚМГ компаниялар тобының компаниялары мен өзге де ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару саласындағы бағалауды жүзеге асыратын орталықтандырылған орган корпоративтік басқару саласындағы құжаттарды орындау және ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобының қызметін жетілдіру мақсатында консультация беру;
- Өз функцияларын тұрақты және тәуелсіз негізде орындайтын, Компанияның Директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын, ҚМГ Директорлар кеңесі тағайындайтын және ҚМГ Директорлар кеңесіне есеп беретін, өз құзыретінің шегінде ҚМГ корпоративтік басқару жүйесінде іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Корпоративтік хатшы;
- Директорлар кеңесіне есеп беретін комплаенс қызметі, оның қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ҚМГ компаниялары тобының ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша міндетті реттеушілік талаптар мен үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз етуге, қызметкерлер арасында ашықтықты, адалдықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясаттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес жүргізу үшін жағдайлар жасауға бағытталған;
- Омбудсмен - ҚМГ Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға, оның рөлі оған жүгінген ҚМГ қызметкерлеріне консультация беру және еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуде, сондай-ақ ҚМГ қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауда жәрдем көрсету болып табылады.
ҚМГ корпоративтік басқару жүйесі акционерлердің және негізгі мүдделі тараптардың: мемлекеттің, стратегиялық серіктестер мен контрагенттердің (жеткізушілер мен сатып алушылар), инвесторлардың, ҚМГ қызметкерлерінің, муниципалитеттердің, жергілікті қоғамдастықтардың және Компания қызметін жүзеге асыратын өңірлер тұрғындарының құқықтары мен заңдық мүдделерін құрметтеуге негізделеді.
Компанияның корпоративтік басқару жүйесі корпоративтік басқарудың қазақстандық және халықаралық практикасының талаптары мен стандарттарын ескере отырып, үнемі жетілдіріліп отырады.