БИЗНЕС-МОДЕЛЬ
БІРІКТІРІЛГЕН ТІЗБЕ
#
ҚОСЫЛҒАН ҚҰН
БӘСЕКЕЛЕСТІК БАСЫМДЫҚТАРЫ
Бірегей географиялық орналасуы
Қазақстан — елеулі қор базасы бар, тиімді орналасқан мемлекет. Еуропаға және қарқынды дамып келе жатқан Азия нарықтарына өнім жеткізудің бірегей мүмкіндігі бар ел.
Толық интеграция
Құнды қалыптастыру тізбегінің барлық кезеңдеріндегі толық интеграция
ҚМГ құнды қалыптастыру тізбегінің барлық кезеңдерін толық интеграциялаған Қазақстанның мұнай-газ саласының ұлттық көшбасшысы болып табылады.
Қаржылық тұрақтылық
Компания өзінің қаржылық тұрақтылығын сақтауда және ұзақ мерзімді перспективада дамуы үшін жеткілікті жағдайды қамтамасыз етуде.
Өндіруші активтердің әртараптандырылған портфелі
ҚМГ тартымды өсім әлеуеті бар мұнай-газ өндіру бойынша әртараптандырылған активтер портфелін басқарады.
Көшбасшылық позициясы
Қазақстанның мұнай тасымалдау секторында
ҚМГ-ның нарықтағы 56 пайыздық үлесімен Қазақстанда мұнай тасымалдаудың барлық жобаларына қатысу.
Заманауи мұнай өңдеу зауыттары
Компания Қазақстанда төрт ең ірі мұнай өңдеу зауытын және Румынияда екі мұнай өңдеу зауытын бақылайды.
Корпоративтік басқарудың заманауи жүйесі және тұрақты даму қағидаттарына адалдығы
Тұрақты даму - ҚМГ-ның стратегиялық басымдығының бірі.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР
МҮДДЕЛІ ТАРАПТАР ҮШІН
Еліміздің мұнай-газ саласының геологиялық барлаудан бастап мұнай өнімдерін сатуға дейінгі әрбір сегментінде қатысу мен көшбасшылықКомпанияға мүдделі тараптар үшін құндылықтар қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ҚМГ акционерлеріне төлемін уақытылы жүргізеді, инвесторлар мен кредиторлар алдында өз міндеттерін лайықты орындайды, ірі жұмыс беруші мен салық төлеуші болып табылады серіктестермен , өзара тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтеді, әлеуметтік жобаларға инвестиция салады және экологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді.
Акционерлерге төленген дивиденд
56 МЛРД ТЕҢГЕ
Мемлекет бюджетіне төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер
787 МЛРД ТЕҢГЕ
Тұрақты жұмыс орындары
>47 мың
Қызметкерлерге көрсетілген әлеуметтік көмек
22 МЛРД ТЕҢГЕ
Жер қойнауын пайдалану келісімшарттары аясындағы әлеуметтік инвестициялар
5 МЛРД ТЕҢГЕ
Сатып алу көлемі
1 216 МЛРД ТЕҢГЕ
Сатып алудағы жергілікті қамту үлесі
78 %