Омбудсмен қызметі
Омбудсмен қызметінің негізгі функцияларының бірі: даулар мен қақтығыстардың алдын алу және оларды реттеу; жүйелі сипатқа ие және шешімді талап ететін проблемалық мәселелерді тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың қарауына шығару; даулы жағдайларды тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар енгізу арқылы Компанияның барлық қызметкерлерінің әділдігі мен мүдделерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. ҚМГ іскерлік этика кодексінде ҚМГ қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының нәсілдік, діни, ұлттық, жыныстық, саяси немесе өзге де тиесілілігі, әлеуметтік шығу тегі, мүліктік және лауазымдық жағдайы, қарым-қатынас тілі және басқа да мән-жайлар негізінде біреуге қатысты кемсітушілікке жол бермеу, сондай-ақ жекелеген қызметкерлердің көрсетілген белгілер негізінде қандай да бір болмасын артықшылықтар беру туралы қағидаттары нақты жазылған. Өз қызметін іске асырған кезде ҚМГ Омбудсмен қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасын және ҚМГ ішкі құжаттарын басшылыққа алады.