Корпоративтік басқару жүйесін дамыту
Даму стратегиясын қалыптастыратын және іске асыратын, оның ішінде өндірістік процестерді басқарудың дивизионалдық құрылымы арқылы ЕТҰ-ны операциялық қызметке тарту арқылы Корпоративтік орталық ретінде Компания корпоративтік басқару саласындағы үздік практикаларға сәйкес келуге ұмтылады және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына сәйкестігі мен айқындылығы - бұл әлеуетті инвесторлардың, контрагенттердің және өзге де стейкхолдерлердің сенімін нығайтуға, Компания ресурстарын тиімсіз пайдалану тәуекелдерін төмендетуге, оның құнының өсуіне және әл-ауқатының артуына ықпал ететін инвестициялық тартымдылық пен қызметтің экономикалық тиімділігін арттырудың аса маңызды факторлары екенін түсінеді.
Компанияның Директорлар кеңесі ҚМГ-дегі корпоративтік басқару практикасының тиімділігін бақылайды, ал Ккорпоративтік хатшы оны үздіксіз жетілдіруді үйлестіреді.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы шешімімен бекітілген ҚМГ корпоративтік басқару кодексі (бұдан әрі - Корпоративтік басқару кодексі, Кодекс) ҚМГ корпоративтік басқару практикасын құру және жақсарту негізделетін басты құжат болып табылады. Кодекс Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстанда және әлемде дамып келе жатқан корпоративтік басқару практикасын ескере отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ ішкі құжаттарына, «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасына сәйкес әзірленді.
Кодексте Компаниядағы корпоративтік басқару жүйесі негізделетін, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының корпоративтік басқару қағидаттарымен бірдей қағидаттар бекітілген. Директорлар кеңесі және Аудит жөніндегі комитет Кодекс ережелерінің ҚМГ-ға енгізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
Кодекстің талаптарына сәйкес, корпоративтік хатшы Кодексті Comply or explain («сақта немесе түсіндір») тәсілін қолдана отырып, Компанияның оның қағидаттары мен ережелерін сақтауы тұрғысынан жыл сайын талдайды. Қазіргі уақытта Кодекс талаптарының басым бөлігі жыл сайын сақталуда. Оның жекелеген ережелерін ішінара сақтамау жағдайлары сақтамау себептерін түсіндіре отырып, Кодексті сақтау туралы есепте көрсетілген. ҚМГ-ның 2021 жылы Кодекстің қағидаттары мен ережелерін сақтауы туралы есеппен Жылдық есепке қосымшада танысуға болады.
Бірнеше жылдар бойы ҚМГ Корпоративтік хатшысының қызметі дәйекті және жүйелі негізде ҚМГ-ның корпоративтік басқару практикасын жетілдіру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Корпоративтік басқару саласындағы мақсаттарды қою және жақсартулар прогресін қадағалау үшін Компанияда 2016 жылдан бастап дауыс беретін акцияларының кем дегенде 50%-ы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғаларда Корпоративтік басқарудың диагностикасын жүргізу әдістемесін (бұдан әрі - Әдістеме) қолданылады.
Бұл әдістеме тәуелсіз тараптың Компанияны корпоративтік басқару диагностикасының (аудитінің) нәтижелері бойынша рейтинг беруді көздейді. Мұндай диагностика тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Диагностиканың қорытындылары бойынша аталған әдістеменің негізінде ҚМГ Корпоративтік хатшысының қызметі корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша жоспар жасайды, оны орындау нәтижелері тұрақты негізде Директорлар кеңесінің және Компанияның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің назарына жеткізіледі.
Тәуелсіз консультант 2021 жылы жүргізген корпоративтік басқарудың кезекті тәуелсіз диагностикасының нәтижелері бойынша – PricewaterhouseCoopers компаниясы әдістеменің негізінде ҚМГ-ге «ВВВ» деңгейінде корпоративтік басқару рейтингін берді, бұл Компания қол жеткізген прогресті көрсетті (2018 жылы жүргізілген алдыңғы диагностика нәтижелері бойынша Компанияға «ВВ» рейтингі берілді) және ҚМГ корпоративтік басқару жүйесінің барлық елеулі аспектілерде белгіленген критерийлердің көпшілігіне сәйкес келетіндігін және бұл ретте, жүйенің тиімді жұмыс істейтініне жеткілікті растау бар екендігін білдіреді.
2022 жылы Компания консультанттың 2021 жылы жүргізілген корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасының нәтижелері бойынша ұсынған және корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспарға енгізілген ұсынымдарын ескере отырып, ҚМГ корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған іс-шараларды: айқындық; акционерлердің құқықтары; тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит; Директорлар кеңесі мен атқарушы орган қызметінің тиімділігі; орнықты даму сияқты салалар бойынша жоспарлы іске асыруға арнайды. Қалыптасқан практикаға сәйкес, ҚМГ-ның корпоративтік хатшысы корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспардың орындалуына тұрақты мониторингті жүзеге асыратын болады және осы жоспардың орындалуы туралы есептерді Аудит жөніндегі комитет және Директорлар кеңесі ҚМГ менеджментіне кері байланыс бере отырып қарайтын болады.
Корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚМГ-ның 2031 жылға дейінгі даму стратегияларында «Корпоративтік басқару рейтингі» ҚТК-ның батыл мәндеріне қол жеткізудің негізгі кезеңдері белгіленді. Бұл ҚМГ-ның негізгі акционері, Директорлар кеңесі, Компанияның Аудит және менеджмент комитеті тарапынан корпоративтік басқаруға аса назар аударылатындығын көрсетеді.
Тұтастай алғанда Компаниядағы корпоративтік басқаруды жетілдіру үздіксіз циклдік процесс болып табылады, оның негізгі кезеңі тәуелсіз тараптан рейтинг пен жақсарту бойынша тиісті ұсынымдар алу болып табылады.