Тәуекел-менеджмент және ішкі бақылау
1. Корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесінің қағидаттары (КТБЖ)
Компаниядағы тәуекелдерді басқару стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдік оқиғалардың туындауының алдын алуға және туындаған кезде олардың әсерін шектеуге мүмкіндік береді. Тәуекелдерді басқару компанияның стратегиялық жоспарлау мен корпоративтік басқару және қаржы орнықтылығын қолдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
ҚМГ корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесін (КТБЖ) бизнесті жүргізу мен Компанияны басқарудың негізгі процестеріне интеграциялады. КТБЖ Компания құнының өсуі, оның табыстылығы мен тәуекелдері арасындағы оңтайлы балансқа қол жеткізуге бағытталған. КТБЖ барлық маңызды тәуекелдерді уақытылы сәйкестендіруге, бағалауға және мониторингін жүргізуге, сондай-ақ тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша уақытылы және барабар шаралар қабылдауға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің негізгі компоненті болып табылады. ҚМГ мен оның ЕТҰ КТБЖ жөніндегі саясатының күші Компания қызметінің барлық түрлеріне қолданылады.
қағидаттар | сипаттамасы |
---|---|
әдістемелік базаның бірлігі | бірыңғай әдіснамалық тәсілдер негізінде процестерді іске асыру |
үздіксіздік | тұрақты негізде жұмыс істеу |
кешенділік | қызметтің барлық бағыттарын және қызмет шеңберінде туындайтын тәуекелдердің барлық түрлерін қамтиды |
есеп берушілік | КТБЖ-ның ұйымдық құрылымы Компаниялар тобының барлық деңгейлерінде тәуекелдерді басқару саласында шешімдер қабылдау және бақылау бойынша құзыретті айқындайды |
хабардарлық және хабарлау уақытылығы | тәуекелдерді басқару процесі объективті, шынайы және өзекті ақпараттың болуымен сүйемелденеді |
ұтымдылық | Компания экономикалық тиімділікті қамтамасыз ете отырып, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға ресурстарды ұтымды пайдаланады |
қисынды сенімділік | Компанияның стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге ақылға қонымды кепілдіктер беру, бірақ сыртқы және ішкі ортаға тән шектеулерге байланысты абсолютті кепілдік емес |
бейімділік | қызметтің барлық ықтимал тәуекелдерін сәйкестендіру және тәуекелдерді бақылау мен басқару әдістерін барынша тиімді қолдану үшін үнемі жетілдіру |
нақты реттеу | барлық операциялар ішкі нормативтік құжаттарда белгілеген оларды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүргізіледі |
басшылықтың белсенді қатысуы | басшылық КТБЖ енгізу және жетілдіру кезінде белсенді түрде қатысады және қолдау көрсетеді |
2. Тәуекелдерді басқару процесі
КТБЖ ҚМГ қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару үшін дәйекті және нақты құрылым ретінде қызмет етуге арналған. Компанияда тәуекелдерді басқарудың вертикалды процесі және басқарудың барлық деңгейлерінде тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуі қалыптасқан. Әрбір лауазымды тұлға шешім қабылдау кезінде тәуекелдердің тиісінше қаралуын қамтамасыз етеді. Тәуекелдер тәуекел туындаған кезде пайда болу ықтималдығы мен әсерін ескеретін сапалық және сандық құралдардың көмегімен бағаланады.
КТБЖ-ның жұмысы өзара байланысқан жеті процесті қамтамасыз етеді:
- мақсат қою;
- тәуекелдерді басқару;
- тәуекелдерді/тәуекел-факторларды сәйкестендіру;
- мониторинг және есептілік;
- тәуекелдерді/тәуекел-факторларды бағалау және талдау;
- ақпараттандыру және коммуникация;
- ішкі ортаны құру.
Тәуекелдерді басқару процесінің жоғарыда баяндалған компоненттерін іске асыру "жоғары жақтың" тиісті деңгейде көңіл болуы, тәуекелдер туралы, тәуекелдер/тәуекел-факторлар иелерінің жауапкершілігі, тәуекелдерді белсенді басқару және уақытылы есептілік туралы хабардар болу мен хабардар болудың жоғары деңгейін белгілеуге негізделген Компаниялар тобында тәуекел-мәдениетті дамытуға ықпал етеді.
3. Тәуекел-аппетит
Компанияның тәуекел-аппетиті өзінің тәуекелді ұстап қалу деңгейін сипаттайды, оның шеңберінде Компания қойылған стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізе алады, сондай-ақ Компания қабылдауға дайын сыни тәуекелдер/тәуекел факторлары деңгейінің жоғарғы шегін айқындайды.
Қаржы қызметі | Операциялық қызмет | Инвестициялық қызмет |
---|---|---|
|
|
|
4. Тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту
КТБЖ дамыту және жетілдіру жөніндегі іс-шаралар
Компания КТБЖ-ны үнемі жетілдіреді және тәуекелдерді басқарудың нормативтік-әдістемелік базасын үнемі жетілдіріп отырады. КБТЖ-ны үздіксіз дамыту мен жетілдіруге өз бейілділігін растай отырып, Компания 2021 жылы бірқатар шаралар мен іс-шараларды іске асырды:
- корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасы шеңберінде "Тәуекелдерді басқару, бақылау және аудит" компоненті бойынша «BBB» рейтингі алынды (анықтама «BB» – 2018 жылы);
- Компанияның Директорлар кеңесімен нақты сұратымдар бойынша (кибер тәуекелдер, климаттық тәуекелдер, трансшекаралық көміртекті реттеу тәуекелдері және өзге де мәселелер) өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді;
- ҚМГ-ның кредиттік тәуекелдерін басқару әдістемесін әзірленді және оны Компанияның Директорлар кеңесі бекітті;
- апта сайынғы есептілік форматы енгізілді және Қорды ақпараттандыру мақсатында Компанияның негізгі оқиғалары мен тәуекелдері бойынша деректерді ұсыну қамтамасыз етілді;
- жобалар тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін имитациялық моделдеу (стресс-тестілеу) негізінде инвестициялық жобалардың тәуекелдерін бағалау нәтижелерін интерпретациялау кеңейтілді;
- ЕТҰ қызметкерлерінің сұрауы бойынша Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің қызметкерлері онлайн-форматта "Тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу" атты оқыту семинары өтті;
- 020-2021 жылдар аралығында Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің тәуекел-менеджерлерінің кәсіби біліктілігін тұрақты арттыру қамтамасыз етіледі, халықаралық сертификаттар алынды, атап айтқанда: PRMIA-дан PRM, CFA және PMP, сондай-ақ ISO бойынша 31000:2018.
Тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту жөніндегі жоспарлар
- КТБЖ дамыту (КТБЖ саясатын және тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын өзектендіру, нормативтік-әдіснамалық құжаттарды өзектендіру).
- Корпоративтік басқару диагностикасының нәтижелері бойынша ҚТБЖ, ІБЖ және ҚҮБЖ бөлігінде корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру.
- ЕТҰ-да тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жаңартылған нұсқасын іске қосу және енгізу: ҚМГ тәуекел-үйлестірушілері мен ЕТҰ тәуекел-менеджерлері үшін осы жүйенің жаңартылған нұсқасын пайдалану бойынша оқыту жүргізу және техникалық сүйемелдеу.
- Тәуекел мәдениетін дамыту.
- Жобалық басқару, ақпараттық қауіпсіздік, тұрақты даму, комплаенс, стратегия және ҚТК шеңберінде тәуекелдерді басқару бөлігінде кросс-функционалдық өзара іс-қимыл.
5. КТБЖ қатысушылары
Директорлар кеңесі (ДК) |
|
Басқарма |
|
Тәуекелдер жөніндегі комитет |
|
Ішкі аудит қызметі |
|
Жауапты бөлімше |
|
Мақсат иелері |
|
Тәуекел/тәуекел-факторларының иелері |
|
ЕТҰ |
|
ҚМГ/ЕТҰ әрбір қызметкері |
|
6. Ішкі бақылау жүйесі
Ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) КТБЖ-ның ажырамас бөлігі болып табылады. ІБЖ COSO моделін қолданады және өзара байланысты бес компоненттен тұрады: бақылау ортасы, тәуекелдерді бағалау, бақылау рәсімдері, ақпарат және коммуникациялар, мониторинг. ІБЖ ҚМГ-ның төменде көрсетілген үш негізгі саладағы мақсаттарына қол жеткізуде ақылға қонымды сенімділікті қамтамасыз етуге бағытталған:
- операциялық қызметтің тиімділігін арттыру;
- толық және сенімді қаржы есептілігін дайындау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының және ҚМГ ішкі құжаттарының талаптарын сақтау.
ІБЖ бизнес-процестерді талдауға, ҚМГ қызметіне тән процестік деңгейдегі тәуекелдерді уақытылы анықтауға және талдауға, сондай-ақ осы тәуекелдерді басқару бойынша бақылау рәсімдерін айқындауға және талдауға бағытталған.
ІБЖ ҚМГ-ның негізгі және қосалқы бизнес-процестеріне игтеграцияланады және қабылданған немесе қабылдануы тиіс түзету іс-шараларының егжей-тегжейімен бірге бақылаудың кез келген елеулі кемшіліктері мен әлсіз орындары туралы тиісті басқару деңгейінің басшылығын дереу хабардар етуге арналған рәсімдерді қамтиды.
ІБЖ Ішкі бақылау жүйесінің саясатына сәйкес ұйымдастырылған, онда ІБЖ-нің мақсаттары, жұмыс істеу қағидаттары мен компоненттері және өкілеттіктері мен жауапкершілігі, жұмыс істеу тәртібі, ішкі бақылау құрылымы, нәтижелілік өлшемдері мен жазбалар нысандары айқындалған ішкі бақылау жүйесінің регламенті белгіленген.
Жыл сайынғы негізде ҚМГ-да бизнес-процестердің сындылығы, сыртқы және ішкі аудиторлардың ұсынымдары негізінде ІБЖ бойынша жұмыстардың күнтізбелік жоспар-кестесі бекітіледіОнда бизнес-процестерді нысандандыру/өзектендіру және бақылау рәсімдерінің дизайнын тестілеу (талдау) мерзімдері көрсетіледі. Нысандандыру бизнес-процестер бойынша тәуекелдер мен бақылаудың қолданыстағы блок-схемалары мен матрицаларын әзірлеуден және өзектендіруден тұрады. Бақылау рәсімдерінің дизайнын тестілеу (талдау) негізінде оларды жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірленеді. Ұқсас жұмысты ЕТҰ жүргізеді. ІБЖ бойынша жұмыстардың нәтижелері мерзімді негізде бизнес-процестердің иелеріне, ІАҚ, сыртқы аудиторға, Басқармаға, Директорлар кеңесіне жеткізіледі.
Жыл сайын ҚМГ және ЕТҰ қызметкерлері үшін ІБЖ бөлігінде кездесулер мен оқу бағдарламалары ұйымдастырылады, қатысушылар тренингтерден өтеді, тәжірибемен бөліседі, проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқылайды.
2021 жылы ҚМГ-дегі Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі ішкі бақылауды одан әрі енгізуге және жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізуді жалғастырды. 17 бизнес-процесс бойынша ішкі бақылауды нысандандыру бойынша бизнес-процестердің иелерімен бірлесіп жұмыс жүргізілді. Жақсарту салалары анықталды, бақылау рәсімдерін жақсарту бойынша ұсыныстар дайындалды. ЕТҰ-да ІБЖ және ҚҮБЖ жетілу деңгейін өзін-өзі бағалау бойынша сауалнама жүргізілді.
2022 және одан кейінгі жылдары тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі ІБЖ жетілдіруді жалғастырады. Бақылау рәсімдерінің дизайнын нысандандыру мен тестілеуді (талдауды) жалғастыру, бақылау рәсімдері бойынша ұсынымдар беру, корпоративтік деңгейдегі тәуекелдер мен бақылау матрицасын өзектендіру, ҚМГ мен оның ЕТҰ-ның жетілу деңгейіне бағалау жүргізу, оқыту жүргізу және тәуекел-мәдениетін жақсарту жоспарлануда.
ҚМГ қаржылық есептілікті дайындау және қарау процесіне қатысты ішкі бақылау жүйесінің маңыздылығын жете түсінетінін атап өткен жөн. Бұл процесс қаржылық есептілік деректерінің дәйектілігіне қисынды сенімділікті қамтамасыз етуді және оның бухгалтерлік есептің қолданылатын стандарттарына сәйкес болуын көздейді. Осы мақсаттарда ҚМГ компаниялары тобы бухгалтерлік есеп операциялық жүргізудің және қаржылық есептілікті дайындаудың тәсілін анықтайтын әдістемелік сипаттағы құжаттардан бөлек қаржылық есептілікті дайындау тәуекелдері мен бақылау матрицасын қамтитын ішкі бақылау жүйесін енгізді. ҚМГ компаниялары тобының ішкі бақылау тиімділігін тәуелсіз аудиторлық компаниялар үнемі тексеріп тұрады. Бұдан бөлек, қаржылық есептілікті дайындау кезінде ықтимал тәуекелдерге қатысты кері әсердің алдын алудың ағымдағы шаралары мыналар болып табылады:
- ҚМГ-ның шоғырландырылған қаржы есептілігін дайындаудың жыл сайынғы күнтізбесін бекіту;
- қаржылық есептілікті жабу және дайындау кестесін тоқсан сайын әзірлеу және оны ҚМГ компаниялары тобы ұйымдарына жолдау;
- ҚМГ тобының компаниялары ұсынған стандарттық емес жағдайлар бойынша сауалнамаларды тоқсан сайын талдау;
- ҚМГ компаниялары тобы ұйымдарының бас бухгалтерлерін тоқсан сайын бағалау (қаржылық есептілікті уақтылы және дұрыс беруіне қатысты).
7. Қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі
Қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі (ҚҮБЖ) ықтимал қатерлерді/тәуекелдерді сәйкестендіруге және олардың ҚМГ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметіне тигізетін әсерін бағалауға бағытталған процестер мен рәсімдердің жиынтығы болып табылады, ол Компанияның қызметін қалпына келтіруге және мүдделі тараптардың мүдделерін, Компанияның іскерлік беделін, брендін және құндылығын қосатын қызметті қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті тиімді жауап беру шараларын іске асыру арқылы Компанияның инциденттерге төзімділігін арттыру үшін негіз жасайды.
Компания ҚҮБЖ-нің болу маңыздылығын түсінеді және қызметтің үзілуіне әкеп соғатын қауіптер мен тәуекелдер мәнмәтінінде қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ететін шаралар мен құралдарды дамыту, жетілдіру үшін қажетті жағдайлар мен ресурстарды айқындай отырып, қызметтің үздіксіздігін басқарады.
ҚҮБЖ ҚМГ қызметінің үздіксіздігін басқару жүйесінің саясатына және Қызметтің үздіксіздігін басқару процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылған. Қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесінің саясаты қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттың ұсынымдарын ескере отырып, ҚҮБЖ-ның қолданылу саласын, мақсаттарын, негізгі қағидаттары мен жұмыс істеу моделін айқындайды. Қызметтің үздіксіздігін басқару процесін ұйымдастыру қағидалары ҚҮБЖ-нің қолдану саласын айқындау тәртібін, бизнеске тигізетін әсеріне талдау жүргізу тәртібін, Қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібін, оны тестілеуді жүргізу тәртібін, ҚҮБЖ мониторингі мен жетілдіруді, қызметкерлерді оқыту және олардың хабардарлығын арттыруды белгілейді.
2020 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі сыни бизнес - процестер үшін ҚМГ қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз етудің кешенді жоспарын бекітті, онда ҚМГ-ның қызметтің аса маңызды түрлерін белгіленген қолайлы деңгейде орындауын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар көрсетілді.
2021 жылы Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі ҚМГ-ның еншілес ұйымдарында сыни бизнес-процестерді айқындау бойынша жұмыс жүргізді, ҚМГ қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз етудің кешенді жоспарын тестілеуден өткізді және жақсарту үшін салаларды анықтады.
2022 және одан кейінгі жылдары тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі ҚҮБЖ жетілдіруді жалғастырады. Күрделі бизнес-процестерді өзектендіру, қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз етудің кешенді жоспарын пысықтау және жақсарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады, ұқсас жұмыс еншілес ұйымдарда жүргізілетін болады.
8. Корпоративтік сақтандыру
ҚМГ компанияларының тобындағы сақтандыру - тәуекелдерді бақылау мен қаржыны басқаруды қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Сақтандыру ҚМГ мен акционерлердің мүліктік мүдделерін өндірістік қызметте, оның ішінде сыртқы факторлардың салдарынан туындайтын күтпеген шығындардан қорғайды.
Сақтандырып қорғауды ұйымдастырудың бірыңғай корпоративтік стандартын сақтау мақсатында, сақтандыру функциясы орталықтандырылған. Бұл үздіксіз сақтандыру өтелімін басқарудағы кешенді тәсілдемеге кепілдік береді. Сондай-ақ барлық ҚМГ компаниялар тобы бойынша тәуелсіз тәуекел-инженерлер жүргізетін тәуекел-сюрвейвтер шеңберінде алмастыру/қалпына келтіру құнын (RCN) тәуелсіз бағалауды және тәуекелдерді бағалауды жүргізу бойынша жұмыс үйлестіріледі.
ҚМГ-ның корпоративтік сақтандыру бағдарламасы сақтандырудың мынадай негізгі түрлерін қамтиды:
- Компанияның негізгі өндірістік активтерін сақтандыру;
- үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті сақтандыру;
- энергетикалық тәуекелдерді сақтандыру.
Қайта сақтандыруға S&P шәкілі бойынша кем дегенде "A−" кредиттік рейтингісі бар қайта сақтандыру компаниялары қабылданады. Мұнай-газ саласының озық тәжірибелері пайдаланылады, бұл Компания үшін сақтандырудың және сақтандырылатын тәуекелдердің басқарудың ең жоғары шарттарына жетуге ынталандырады.
9. Негізгі тәуекелдер: өткен жылғы кестені жаңарту
ҚМГ өз қызметін үнемі өзгеріп тұратын ортада жүргізеді. Кейбір қауіптер уақыт өте келе дамуы мүмкін және әлеуетті әсер ету мен ықтималдық ішкі және сыртқы факторларға жауап ретінде өзгеруі мүмкін. ҚМГ стратегияны іске асыруға әсер ете алатын негізгі тәуекелдер мен белгісіздіктерді басқарады, қадағалайды және олар туралы хабарлайды.
Есепті кезеңде кейбір тәуекелдер іске асырылды, бірақ тәуекелдерді митигациялау бойынша қабылданған шаралардың арқасында олардың теріс әсері басқарылып, барынша азайтылды.
Тренд (бір жылдағы) | Тәуекел мен ықтимал салдардың сипаттамасы | |
---|---|---|
Өндіру көлемінің төмендеу тәуекелі Негізгі операциялық тәуекел жетілген кен орындарында өндіру көлемінің төмендеуі болып табылады. Негізгі сыртқы тәуекел-факторлар: сыртқы электрмен жабдықтауды берудегі іркілістер, қатал ауа-райы жағдайлары; ОПЕК+ келісімінің аясында мұнай өндіруді қосымша қысқарту бойынша міндеттемелер. Әсері: 2021 жылы Компанияның өндірістік бағдарламасының орындалуына әсер еткен өндіру деңгейінің жоспарланбаған төмендеуі фактілері орын алды. Толығырақ ақпарат "Өндіру" бөлімінде берілген. | Қолданыстағы кен орындарында өндіру деңгейін сақтау мақсатында:
Өндіруші активтерді әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұнай өндіру көлемі ОПЕК+ келісімінің шарттарына байланысты болатынын ескере отырып, Компания өз тарапынан ОПЕК+ елдерінің мұнай өндіруді ұжымдық қысқарту мәселелері бойынша ҚР уәкілетті органдарымен қажетті өзара іс-қимылды жалғастырады. | |
Өндірістік жарақаттану қаупі Қызметкерлердің еңбекті қорғау саласында белгіленген қағидалардың сақталмауы, өндірістік тәртіпті бұзуы қызметкерлердің өміріне қатер төндіру мен денсаулығына залал келтіру болып табылады. Влияние: Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау қағидаларын бұзу денсаулыққа зиян келтіруге, сондай-ақ өндірістің бұзылуына, қаржылық шығындарға және Компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. 2021 жыл ішінде 28 еңбек ету қабілетінен айырылған жазатайым оқиғалар және бір өліммен аяқталған жазатайым оқиға тіркелді. | Өндірісте жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Компания төмендегілерді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізеді:
ЕТҰ-да Жұмыс қауіпсіздігі бойынша мінез-құлықты байқау бағдарламасын және Жүргізу қауіпсіздігі бойынша мінез-құлықтықты байқау бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда. Компанияда кодекстер, саясаттар, қағидалар мен корпоративтік стандарттар қолданылады:
| |
Өндірістік объектілердегі авариялық жағдайлардың, техногендік апаттардың қаупі Компанияның өндірістік қызметі ықтимал қауіпті болып табылады. Авариялық және штаттан тыс жағдайлар, өндірістік объектілердегі техногендік апаттар, сондай-ақ үшінші тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде мүлікке, үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға зиян келтіру қаупі бар. Әсері:
| Өндірістік тәуекелдерді барынша азайту мақсатында Компания төмендегілерді жүзеге асырады:
Сақтандыру жағдайының басталу нәтижесінде мүлікті залалдан (кездейсоқ жойылу, жоғалу немесе бүліну тәуекелінен) ерікті түрде сақтандыру шарттары жыл сайын жасалады. | |
Экологияға және климаттың өзгеруіне теріс әсер ету тәуекелдері Компания қоршаған ортаға қолайсыз экологиялық әсер ету тәуекеліне және экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін міндеттемелерді қатаңдату тәуекеліне, сондай-ақ климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерге бейім. Әсері: Экологиялық тәуекелді іске асыру айыппұлдар, нормативтен тыс төлемдер, қоршаған ортаны қалпына келтіру шығындары, сондай-ақ заңды жауапкершілік және әлеуметтік-экологиялық шиеленісті арттыру түріндегі қаржылық шығындарға әкеп соғуы мүмкін. Толық ақпаратты | Қоршаған ортаны қорғау саласында Компания үшін басым бағыттар:
2021 жылғы қыркүйекте ҚМГ ЕҚОҚ бас директорлар форумы шеңберінде Компанияның Директорлар кеңесі мен Басқарманың мүшелері үшін ҚР жаңа Экологиялық кодексінің талаптарын ашу бойынша оқу сессиясы өткізілді. Климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелді барынша азайту аясында:
| |
Геологиялық тәуекел Жаңа барлау жобаларын іске асыру әрқашан геологиялық құрылымның белгісіздігімен негізделген геологиялық тәуекелдермен байланысты (көмірсутектер шоғырларының табылмауы, алынатын мұнай (газ) қорларының расталмауы немесе төмен бағалануы). Әсері: Компания қызметінде жаңа жобаларды іске асыру және іздестіру бұрғылау кезінде коммерциялық жоспарда өнімді мұнай мен газ қорлары табылмау қаупі бар және (немесе) табылған қорлар бастапқы жоспарланған деңгейден төмен болады. КСШ қорларын бағалау белгісіздіктер мен жорамалдардың елеулі санымен байланысты, олардың өзгеруі КСШ қорларын қайта есептеу қажеттілігін туындатуы мүмкін. Осыған байланысты, Компания тиісті шығыстарды есептен шығаруға мәжбүр болуы мүмкін, бұл Компанияның қаржылық нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін. | Компания мыналарды жүзеге асырады:
| |
Қызметін жүргізетін өңірлеріндегі әлеуметтік жағдай Компанияда жұмыскерлердің заңсыз ереуілдерге шығу тәуекелі бар. Әсері: Компанияның беделіне теріс әсер ету, өндірістік қызметтің бұзылуына және операциялық шығындардың артуына, сондай-ақ күрделі шығындар мен жобалар кестесіне кері әсер ету. Шикізат тауарларына бағаның өсуі, ел ішіндегі инфляцияның анағұрлым жоғары деңгейі немесе теңгенің одан әрі әлсіреуі еңбекақы мөлшерінің өзгеруіне қатысты келіссөздерге әсер етуі мүмкін. 2021 жылы Компанияның операциялық қызметіне тікелей және/немесе жанама кері әсері бар рұқсат етілмеген ереуілдер тіркелді. | Әлеуметтік тәуекелдерді төмендету үшін Компанияда төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылады:
| |
Климаттық тәуекелдер және төмен көміртекті дамыту Компания өз қызметінде климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерге тап болады, олар мыналарды қамтиды:
Әсері: Осы тәуекелдер шығындардың өсуі, кірістіліктің төмендеуі және одан әрі даму мүмкіндіктерінің шектелуі түрінде отынның қазбалы түрлерін ірі өндіруші және парниктік газдар эмитенті ретіндегі Компанияның қызметіне теріс әсер етуі мүмкін. Жекелеген контрагент-елдерде жаңартылатын көздерден энергия өндіру көлемдерінің өсуін күтуге болады, бұл Компания жеткізетін өнімді тұтынудың төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. | Компания көміртек ізін төмендетудің ағымдағы мүмкіндіктерін (энергия тиімділігін арттыру және ресурс үнемдеу), сондай-ақ декарбонизация үшін қызметтің қосымша бағыттарын (ЖЭК, СО2 ұстау, пайдалану және сақтау, орман көміртек жобалары, сутегі өндірісі) қамтитын 2022-2031 жылдарға арналған Төменкөміртекті дамыту бағдарламасын әзірледі. Төменкөміртекті дамыту бөлімшесі және Сутегі энергетикасы жөніндегі құзыреттер орталығы құрылды. Халықаралық компаниялармен (Eni, Total, Air Liquide) бірлескен декарбонизация жобаларын іске асыру бойынша бірқатар меморандум жасалды:
| |
Өтімділік және қаржы тұрақтылығының тәуекелдері Өтімділікпен, қаржы орнықтылығымен және кредиттік рейтингтердің төмендеуімен байланысты тәуекелдер Компания үшін түйінді тәуекелдер болып табылады. Әсері: Ағымдағы қарыздар мен еурооблигацияларды дереу өтеу қажеттілігі. Компанияның ағымдағы және инвестициялық қызметін қаржыландыру үшін жеткілікті көлемде қаражат тарта алмау. 2021 жылы Компания өтімділіктің тиісті деңгейін сақтап, қаржы орнықтылығының жеткілікті деңгейін көрсетті. | Осы тәуекелдерді еңсеру үшін, борыштық жүктемені басқару және өтімділік тапшылығына жол бермеу жөніндегі іс-шаралармен қатар, Компания операциялық қызметтің тиімділігін арттыруға, күрделі шығындардың нақты басымдығына, қаржылық тәртіпті сақтауға, Компанияның активтері мен жобаларының портфельдерін ұтымды етуге, жобаларды портфельдік басқаруға көшуге шоғырланды. Компания тәуекелдің алдын алу бойынша мынадай шараларды іске асырады:
| |
Комплаенс-тәуекелдер Сыбайлас жемқорлық сипатындағы, оның ішінде үшінші тұлғалар үшін жеке пайда мен мүліктік мүдделерді алуға бағытталған қасақана іс-әрекеттер. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің кез келген фактілері, қаржылық шығын мөлшеріне қарамастан, Компанияның қызметінде мүлдем қолайсыз болып табылады. Әсері: 2021 жылы аталған тәуекелдің іске асу фактілері анықталған жоқ. | Компания ішкі бақылау жүйесін енгізу және күшейту, үшінші тұлғалар және Компания қызметкерлері тарапынан заңсыз және жосықсыз іс-әрекеттердің алдын алудың бірыңғай саясатын белгілеу, қызметкерлер тарапынан құқыққа қарама-қайшы және жосықсыз іс-әрекеттер жасау фактілері бойынша ішкі тергеулер жүргізу тәртібін белгілеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізеді. Компанияда жетекші әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, мынадай саясаттар мен стандарттар, сондай-ақ міндеттемелер қабылданды:
| |
Мұнай бағасының жоғары құбылмалылығы Компания энергия көздері бағасының құбылмалылық тәуекеліне бейім. Әсері: Мұнай бағасының құбылмалылығы қызмет нәтижелерінің елеулі өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін Компаниялар, кіріс және ақша ағындары. 2021 жылы мұнай бағаларының ауытқуы Компанияның кірісі мен ақша ағынына теріс әсер еткен жоқ Толық ақпарат «Макроэкономика» және «Жаһандық трендтер» тарауларында берілген. | Мұнай бағаларының жоғары құбылмалылығы, Brent құнының жоспарлы көрсеткіштерден төмен түсуіне байланысты дағдарыс кезеңдері қайталанған жағдайда, Компания мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен ғана шектелмей, қаржы орнықтылығын тұрақтандыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады:
Компания уәкілетті органдармен ОПЕК+ келісімі, ішкі нарықты тұрақтандыру және мұнай өнімдерінің экспортын ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ өз міндеттемелерін орындау үшін ішкі резервтерге ие. | |
Елдік тәуекел және санкциялар қаупі Компания шет мемлекеттерде операцияларды жүзеге асырады. Реципиент елдің экономикалық және саяси жағдайындағы кез келген елеулі теріс өзгерістер Компанияның қызметіне әсер етуі мүмкін. Секторлық санкцияларды қоса алғанда, кейбір елдерге қатысты санкциялар Компанияның қызметін қозғауы және перспективалық бірлескен жобаларға ықпал етуі мүмкін. Әсері: Ресейге қарсы одан әрғы халықаралық санкциялар Компанияның ағымдағы және перспективалық инвестициялық жобаларына, сондай-ақ Компанияның жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары үшін белгілі бір тауарлар мен қызметтерді жеткізуге әсер етуі мүмкін. Ресейге қарсы санкциялардың қолданыстағы пакетіне сәйкес, Компания 2021 жылы ресейлік контрагенттермен өзара әрекеттесу нәтижесінде операциялық қызметтің уақытша тоқтатылуына немесе шектелуіне тап болған жоқ. | Компания реципиент-елді талдау (экономикалық, саяси, стратегиялық, әлеуметтік және өзге де жақтан) негізінде елдік лимиттерді белгілеу арқылы елдік тәуекелдер деңгейін шектейді. Компания экономикалық санкциялардың Компанияның қызметіне тигізетін әсерін және ықтимал ден қою шараларын талдады. Ресейлік ұйымдармен бірлескен жобалар/жүзеге асырылған транзакциялар қарастырылды, ықтимал операциялық және қаржылық тәуекелдер зерттелді. Компания теріс әсерлер мен салдарды барынша азайту үшін Компанияның перспективалық жобаларына нақты әсер ете алатын санкциялардың ықтимал кеңеюін ескере отырып, қолданыстағы санкцияларға мониторинг жүргізеді. Тәуекелдерді төмендету мақсатында, Компания санкциялық режим күшейтілген жағдайда, жобалардан шығу немесе оларды дербес іске асыру тетіктерін көздейді. | |
Кибер тәуекелдер Қашықтан жұмыс істеу, қашықтан қосылу жағдайларында және цифрландырудың Компанияның өндірістік және басқару процестеріне тигізетін әсерінің күшеюі жағдайында ҚМГ-да тұтастығын, қолжетімділігі мен құпиялылығын бұзу мақсатында оның ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің жария етілу ықтималдығы артады. Әсері: 2021 жылы ақпараттық ресурстардың, компьютерлік желілердің ақпараттық активтерінің тұтастығын, құпиялылығын және қол жетімділігін бұзу анықталған жоқ. Кибершабуылдар тәуекелдерінен қорғау объектілері ретінде Компания өзіне тиесілі ақпаратты және оны өңдеу құралдарын ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдар, акционерлер, іскери серіктестер және жеке деректер субъектілері ұсынған ақпаратты да қарастырады. | Компания төмендегі шараларды жүзеге асырады:
| |
Беделдік тәуекелі Компания іскерлік беделге және инвесторлармен, контрагенттермен, серіктестермен және басқа да мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынасқа әсер ететін бедел тәуекеліне ұшырайды. Әсері: 2021 жылы Компания іскерлік беделін жоғалту тәуекелінің іске асуына себеп болатын түрлі факторларға тап болды. Компанияның қаржылық нәтижелеріне теріс әсер анықталған жоқ. Бұл тәуекелді іске асыру ішкі және сыртқы факторларға, оның ішінде заңнама талаптарының сақталмауына, БАҚ-тағы жарияланымдарға, шарттық міндеттемелердің орындалмауына, дайын өнімнің қанағаттанарлықсыз сапасына, Компанияның қаржы орнықтылығы мен қаржылық жағдайы туралы теріс түсініктің қалыптасуына байланысты болуы мүмкін. | Компания қызметінің әртүрлі аспектілерін жариялап-көрсету және мүдделі тараптардың хабардар болуын арттыру мақсатында, Компания БАҚ-тағы жарияланымдарды, брифингтер, баспасөз-конференцияларды ұйымдастыруды, басшылықтың сөз сөйлеуін қоса алғанда, осы тәуекелді басқару жөніндегі шаралар кешенін жүргізеді. Компанияның қызметі туралы жарияланымдарға және БАҚ пен әлеуметтік желілердегі расталмаған ақпаратқа (қауесеттерге) мониторинг пен бірден ден қою күн сайын жүргізіледі. 2021 жылы ҚМГ компаниялары тобында вакциналау барысын ақпараттық қолдау жөніндегі медиажоспар әзірленіп, іске асырылды. Кәсіпорындарда КВИ-ге қарсы күрес бойынша іс-шаралар және инфекцияны таратпау бойынша қабылданған шаралар БАҚ-та кеңінен жарияланды. Компанияның мүдделі бөлімшелерін тарта отырып, БАҚ сауалдарына жауаптар дер кезінде дайындалып, жолданды. Компанияда жедел желі жұмыс істейді, сондай-ақ шағымдар мен наразылықтарға олардың себептерін жою мақсатында уақтылы жауап беру жұмысы дұрыс ұйымдастырылған. | |
Валюталық тәуекел Валюталық тәуекел - валюта бағамдарының ауытқуларына байланысты Компанияның қаржылық көрсеткіштерінің қолайсыз өзгеру ықтималдығы Әсері: Қазақстандық теңгеге қатысты шетел валюталарының нығаюы жергілікті валютада деноминалданған операциялық шығындардың анағұрлым жоғары болуына, маржиналдылықтың төмендеуіне және Компанияның қаржылық нәтижелері мен көрсеткіштеріне теріс әсер етуге әкелуі мүмкін. 2021 жылдың қорытындылары бойынша қазақстандық теңге бағамының шетел валюталарына қатысты ауытқуы Компанияның қаржылық нәтижелері мен көрсеткіштеріне елеулі әсер еткен жоқ. | Сонымен бірге, түсім мен міндеттемелердің валюталық құрылымын ескерсек, Компания өз қызметінде валюталық тәуекелге ұшырайды. Осы тәуекелді басқару стратегиясы табиғи (экономикалық) хеджирлеуді қолдану мүмкіндігін ескеретін кешенді тәсілдің қолданылуын көздейді. Шетел валютасында номиналданған активтер мен міндеттемелердің арақатынасы қамтамасыз етіледі, түсім валюталық тәуекелдің әсері ескеріліп есептеледі. | |
Салық тәуекелі Салық заңнамасының өзгеру және оны екіұшты түсіндіру тәуекелдері, сондай-ақ салықтық ауыртпалықтың ұлғаю мен салық жеңілдіктерін қолдану құқығынан айрылу тәуекелдері сақталуда Әсері: Қазақстандық салық заңнамасы жиі өзгерістерге ұшырайды және әртүрлі пайымдау мүмкіндігін береді. Әдетте, салық органдары заңнаманы түсіндіру және салықтық тексерулерді жүргізу кезінде консервативті тәсілді қолданады. Нәтижесінде, Компания менеджментінің Компанияның операциялары мен қызметіне қолданылатын салық заңнамасының нормаларын пайымдауын тиісті салық органдары даулауы мүмкін. Компания қызметін бірнеше юрисдикцияда жүзеге асырады, сондықтан да ол белгісіздік пен субъективтілікке әкеп соға алатын трансферттік бағаның күрделі қағидаларын ұстануы тиіс. 2021 жылы салықтар бойынша шығындардың ұлғаюына әкеп соққан осы тәуекелдің іске асу фактілері тіркелді. | Компания салық заңнамасының өзгерістеріне тұрақты мониторингті жүзеге асырады, олардың Компания қызметіне ықтимал әсер ету дәрежесін бағалайды және болжайды, құқық қолдану практикасының үрдістерін бақылайды, өз қызметіндегі заңнаманың өзгерістерін ескереді. Компанияның мамандары салық заңнамасының саласындағы заң жобаларын әзірлеу бойынша әртүрлі жұмыс топтарына үнемі қатысады; салықтық тәуекелдерді азайту мақсатында, Компания салықтық әкімшілендіру процестерін жақсартады, салықтық аудиттерді жүргізеді. | |
Екінші деңгейдегі банктердің проценттік мөлшерлемелерінің және өтімділігінің өзгеру тәуекелі Әлемдік проценттік мөлшерлемелердің өсуі және банк секторының қаржы орнықтылығының әлсіреуі қарыз алу құнына және уақытша бос ақша қаражатын орналастыруға теріс әсер етуі мүмкін. Әсері: Компания контрагенттерінің дефолттық оқиғалары олардың шоттарында орналастырылған қаражаттың толық немесе ішінара қайтарылмауына әкеп соғуы мүмкін, бұл Компанияның қаржылық нәтижелеріне теріс әсер етуі және Компанияның міндеттемелерін орындау үшін қосымша қаржы қаражатын тарту қажеттілігіне әкеп соғуы мүмкін. 2021 жылы екінші деңгейдегі банктердің өздерінің қаржылық міндеттемелерін орындамауы, уақытылы немесе толық орындамауы тіркелмеген. | Осы тәуекелдерді барынша азайту үшін, Компания қазынашылық портфельдің тапсырылған өлшемдерінде қаржы құралдарына орналастыруды әртараптандыруды және ҚМГ компанияларының тобы бойынша ақша қаражатын орналастырудың тұрақты мониторингін жүзеге асырады. ҚМГ кірісінің негізгі бөлігі АҚШ долларына қалыптасады, ал қарыз алудың негізгі көзі халықаралық кредит нарығы болып табылады. Осы себептер бойынша ҚМГ борыштық портфелінің басым бөлігі АҚШ долларымен номиналданған. Осы кредиттердің бір бөлігіне қызмет көрсету бойынша пайыздық мөлшерлеме банкаралық кредиттер бойынша мөлшерлемелерге негізделген, мөлшерлемелердің ұлғаюы Компанияның қарызына қызмет көрсетудің қымбаттауына әкеп соғуы мүмкін | |
Инвестициялық (жобалық) тәуекелдер Компания сыртқы және ішкі факторларға байланысты елеулі тәуекелдерге ұшырай алатын көмірсутектерді барлау, өндіру, тасымалдау және өңдеу саласындағы бірқатар жобаларды іске асырады. Мұндай тәуекелдердің іске асуы жобаларды табысты жүзеге асыруға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Әсері: Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде Компания шығындардың өсу, өндірістік объектілерді пайдалануға уақытылы бермеу және жобалық өлшемдерге қол жеткізбеу тәуекелдеріне тап болады. | Қажет болған жағдайда, Компания жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларға уақытылы өзгерістер енгізе отырып, қызметін жүзеге асыратын өңірлерде жобаларды іске асыру мәртебесіне тұрақты мониторинг жүргізеді. Жобалардың мерзімдеріне, бюджетіне және сапасына әсер ете алатын тәуекелдер туындаған жағдайда, іс-шаралар мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізуді, операциялық шығындарды қысқартуды, инвестициялық бағдарламаны оңтайландыруды, инвестициялық портфельден рентабельді емес жобаларды алып тастауды қамтуы мүмкін. Халықаралық компаниялардың стандарттарына (Stage Gate Process) ұқсас жобалық басқару және инвестициялық шешімдер қабылдау жүйесі енгізілді. | |
Қолданылатын заңнаманың өзгеру тәуекелі, сондай-ақ сот талап-арыздары мен төрелік талқылаулар тәуекелі Жер қойнауын пайдалану саласындағы нормалауды, салықтық, валюталық, кедендік реттеуді және т.с.с. қоса алғанда, қолданылатын заңнамадағы өзгерістер, сондай-ақ Компания тартылған сот және төрелік даулар бойынша соттардың теріс шешімдер қабылдау тәуекелі Компания қызметінің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін Әсері: 2021 жылы 1 млн АҚШ долларынан артық сомаға 6 сот ісі болып, бірде бір төрелік талқылау болған жоқ. Рәсімдер аяқталғанға дейін осы оқиғалардың Компанияның қызметіне тигізетін әсерін толық бағалау мүмкін емес. | Компания заңнаманың өзгеруіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады, олардың ҚМГ омпаниялары тобы ұйымдарының қызметіне әсер ету дәрежесін бағалайды және болжайды. Компания заңнаманың әртүрлі салаларындағы заң жобаларын әзірлеу және талқылау жөніндегі жұмыс топтарына үнемі қатысады. Компания сот және құқық қолдану практикасының мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады, қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын құқықтық мәселелер мен дауларды шешу кезінде үздік тәжірибені белсенді түрде қолданады. | |
Терроризм қаупі Компанияның персоналына, мердігерлеріне және активтеріне қарсы бағытталған террористік және өзге де зорлық-зомбылық акциялары. Әсері: Компания террористік актілерді және басқа да қылмыстық әсерлерді жасау ықтималдығы бар бірқатар елдерде Компанияның активтерін иеліктен шығарады. 2021 жылы аталған тәуекелдің іске асу фактілері анықталған жоқ. | Компанияда ескерту әсері бар іс-шаралар кешені іске асырылады, соның ішінде:
| |
Пандемия (COVID) қаупі КВИ пандемиясының жаңа толқындарының өршу ықтималдығына, халық арасында вакцина алғандардың саны төмен болуынаБұл ретте вакциналанған адамдар да ауру жұқтырып (аса жеңіл түрде ауырады), вирустың тасымалдаушысы болып табылады., сондай-ақ инфекцияның анағұрлым қауіпті және контагиозды штамдарының таралуына байланысты Компанияның және мердігерлік ұйымдардың үжымдарында қызметкерлердің жұмыс орнынан тыс індет жұқтыруды қоса алғанда, ауру жұқтыру жағдайларының қауіпі әлі де бар. Әсері: Толық ақпаратты «Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау» бөлімінен қараңыз. | Жалғасып жатқан пандемия кезеңінде КВИ-дің таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды үнемі қадағалап отыру, қауіпсіз жұмыс орындарын қамтамасыз ету және қызметкерлерге қажетті қолдау көрсету өте маңызды, сондықтан да Компания пандемияға байланысты жағымсыз қауіп факторларын азайту үшін барлық мүмкін шараларды қабылдады, атап айтқанда:
|