Стратегиялық есеп
ҚМГ Даму стратегиясы компанияның қазіргі стейкхолдерлер алдындағы, сондай-ақ болашақ ұрпақтар алдындағы жауапкершілігін ескере отырып құрылады.

Компания туралы
Қызмет аясы
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, ҚМГ, Компания) Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ активтердің көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдау, өңдеу және сервистік қызмет көрсетуге дейінгі барлық циклін басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, еліміздің мұнай-газ саласындағы Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды.
Капитал құрылымы
ҚМГ акционерлері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ, Қор) (90,42%) және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі - ҚР Ұлттық Банкі, ҚҰБ) (9,58%), оның акциялары 2015 жылғы 12 қазаннан бастап Қорға сенімгерлік басқаруға берілген.
«Самұрық-Қазына» АҚ - жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын дербес қор. Оның миссиясы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Қордың портфеліне мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсібінің, тау-кен металлургия кешенінің, энергетика және жылжымайтын мүлік компаниялары кіреді.
География
Негізгі нарықтары
