Акционерлермен және инвесторлармен өзара іс-қимыл

Акционерлік капиталдың құрылымы

Ұстаушының атауы Жай акциялар, дана Жай акциялар, үлесі %-пен Артықшылықты акциялар, дана Акциялардың барлығы, дана Акциялардың барлығы, үлесі %-бен
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 551 698 745 90,42 - 551 698 745 90,42
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» РММ 58 420 748 9,58 - 58 420 748 9,58

Есепті кезеңде акционерлердің құрылымында өзгерістер болған жоқ.

Функцияларын заңнамаға және Компанияның Жарғысына сәйкес Қор Басқармасы орындайтын Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында мынадай құжаттар бекітіледі деп күтілуде:

  • ҚМГ-ның 2021 жылға арналған жылдық қаржы есептілігі (шоғырландырылған және жеке);
  • ҚМГ-ның 2021 жылға арналған таза кірісін бөлу тәртібі;
  • ҚМГ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері.

Дивиденд

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 26 тамыздағы шешімімен (№36/21 хаттама) «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес ұйымдарға қатысты жаңа дивидендтік саясат бекітілді.

Дивидендтік саясаттың мақсаты Қор мен Компания мүдделерінің балансын, дивиденд мөлшерін, оларды төлеу шарттары мен тәртібін белгілеу кезіндегі тәсілдің болжамдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Компанияларға қатысты төленетін дивиденд мөлшері олардың жетілу дәрежесіне және қаржы орнықтылығы көрсеткіштерінің негізінде айқындалатын қаржы-экономикалық жай-күйіне қарай сараланып айқындалады.

  1. Еркін ақша ағыны (FCF) - ағымдағы қызметті қолдау үшін инвестициялық шығыстарды шегергеннен кейін бірлескен кәсіпорындардың дивидендтерін қоса алғанда, шоғырландырылған операциялық ақша ағыны.
  2. Компания Қордың Инвестициялық-стратегиялық комитеті мен Қордың Директорлар кеңесі мақұлдаған Компания инвестицияларының мөлшеріне төленетін дивиденд мөлшерін азайтуға құқылы.

Дивиденд төлеу туралы шешім қабылданған кезде дивиденд Акционерлердің жалпы жиналысы белгілеген мерзімде төленеді.

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның еншілес ұйымдарға қатысты дивидендтік саясаты Компанияның сайтында берілген.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Жарғысы Компанияның сайтында берілген.

Толық ақпарат «Қаржы есептілігі» бөлімінде берілген.

Бағалы қағаздар шығарылымы2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша , дана
Акция түрі Жарияланған акция саны Орналастырылған акция саны Орналастырылмаған акция саны
Жай 849 559 596 610 119 493 239 440 103
Дивиденд тарихы"Самұрық-Қазына" АҚ және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін дивидендтер
Көрсеткіші 2019 2020 2021
Бір акцияға Дивиденд, теңге 60,64 133,97 81,95
Барлық төленген дивидендтер, млн теңге 36 998 81 738 49 999

Кредиттік рейтингтер

Халықаралық рейтингтік агенттіктердің кредиттік рейтингтері ҚМГ компаниялары тобының кредиттік қабілеттілігін сенімді және тәуелсіз бағалау болып табылады. Компания инвестициялық деңгейге жақын және одан жоғары ұзақ мерзімді кредиттік рейтингті қамтамасыз ету үшін деңгейлердегі негізгі қаржылық көрсеткіштерді қолдауға ниетті. ҚМГ рейтингтік агенттіктерге ҚМГ компаниялары тобының кредит қабілеттілігін жан-жақты және дұрыс бағалау үшін қажетті барлық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. ҚМГ Басқармасы мен рейтингтік агенттіктер арасында мерзімді шолу кездесулері өткізіледі және ҚМГ олармен тұрақты байланысты қолдауды жалғастыруда.

Компанияның өндірістік және қаржылық көрсеткіштері мен нарық динамикасынан басқа, ҚМГ кредиттік рейтингтері Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингтерімен байланысты. Мәселен, егемен кредиттік рейтингтің өзгеруі қазақстандық эмитенттердің, оның ішінде ҚМГ кредиттік рейтингтеріне әсер етуі мүмкін.

2021 жылы елеулі сыртқы экономикалық тәуекелдерге қарамастан, Fitch және S&P Компанияның бұрын белгіленген рейтингтерін растады. Қазіргі уақытта ҚМГ Moody's пен Fitch-тен, ал S&P-ден егеменді рейтингтен екі саты төмен инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингтерге ие.

  • 2021 жылғы 28 қаңтарда мұнай мен газды барлау, өндіру және өңдеу секторының тәуекелдерін бағалауды қайта қарағаннан кейін S&P рейтингтік агенттігі ҚМГ кредиттік рейтингтерін теріс болжаммен «ВВ» деңгейінде растады.
  • 2021 жылғы 30 сәуірде S&P халықаралық рейтингтік агенттігі ҚМГ кредиттік рейтингін «BB» деңгейінде «теріс» болжаммен растады.
  • 2021 жылғы 12 тамызда «Moody's» халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның егемен рейтингінің көтерілуіне байланысты ҚМГ кредиттік рейтингін «Baa3»-тен «Baa2»-ге дейін көтерді. Рейтинг бойынша болжам «жағымдыдан» «тұрақты» болып өзгерді.
  • 2021 жылғы 20 қыркүйекте Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі ҚМГ дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін«BBB -» деңгейінде растады (егеменді рейтингтен бір тармақ төмен), болжам «тұрақты».
  • 2021 жылғы 26 қарашада S&P рейтингтік агенттігі «ҚазТрансГаз» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей берілгеннен кейін ҚМГ рейтингін «ВВ» деңгейінде растады, болжам «теріс»;
  • 2021 жылғы 23 желтоқсанда Moody's рейтингтік агенттігі ҚМГ рейтингін Ваа2 деңгейінде растады, болжам «тұрақты».
ҚМГ кредиттік рейтингтері
Рейтинг агенттігі Күні Рейтинг деңгейі Болжамы
Moody’s Investors Service 23.12.2021 Baa2 Тұрақты
S&P Global Ratings 26.11.2021 BB Теріс
Fitch Ratings 20.09.2021 BBB- Тұрақты
Қазақстанның кредиттік рейтингтері
Рейтинг агенттігі Күні Рейтинг деңгейі Болжамы
Moody’s Investors Service 11.08.2021 Baa2 Тұрақты
S&P Global Ratings 04.03.2022 BBB- Тұрақты
Fitch Ratings 04.02.2022 BBB Тұрақты

ҚМГ рейтингтерінің динамикасы

ҚМГ кредиттік рейтингтерінің динамикасы

Облигациялық қарыздар

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ-ның АҚШ долларымен қайта есептелген шоғырландырылған борышы 8 760 млн АҚШ долларын құрады, оның 6 250 млн АҚШ доллары (71%) облигациялық қарыздарға жатады (аудиттелмеген деректер).

ҚМГ компаниялар тобы жобаларының едәуір бөлігі өздерінің таза ақша ағындары есебінен қаржыландырылады. Бұл ретте, ҚМГ мен ЕТҰ жекелеген стратегиялық жобаларды қаржыландыру үшін немесе Компанияның қаржы стратегиясын іске асыру шеңберінде қаржылық орнықтылықты қолдау үшін қолайлы нарықтық жағдайларда облигациялар нарығына шыға алады.

ҚМГ ішкі және халықаралық капитал нарықтарында өзінің борышты басқарудың икемді және салмақты саясатына сәйкес қарыз алуды жүзеге асырады. Компанияның борыштық бағалы қағаздары Қазақстан эмитенттерінің арасындағы анағұрлым өтімді құралдардың бірі болып табылады. ҚМГ-ның шетел валютасындағы облигациялары тарихи түрде инвесторлардың кең ауқымын тартты. Инвесторлар базасы негізінен АҚШ, Еуропа және Азиядан мыңдаған институционалдық және бөлшек инвесторлардан тұрады. Еурооблигациялар Лондон қор биржасында, Қазақстан қор биржасында және AIX биржасында айналымда болады.

Толық ақпарат «Қаржылық шолу» бөлімінде берілген.

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы сомасы номиналы бойынша 6,25 млрд АҚШ доллары болатын Корпоративтік орталық деңгейінде еурооблигациялардың алты шығарылымы айналымда болды.

ҚМГ-ның айналымдағы еурооблигациялары2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Корпоративтік орталық деңгейіндегі басымдықты, қамтамасыз етілмеген қағаздар.
Валюта Айналымның басталу күні/өтеу күні Шығарылым көлемі, млн АҚШ долл. Айналымдағы облигациялар, млн АҚШ долл. Купондық мөлшерлеме, жылдық % ISIN: RegS / 144A
АҚШ долл. 19.04.2017/19.04.2027 1 000 1 000 4,75 XS 1595713782  / US48667QAN51
АҚШ долл. 19.04.2017/19.04.2047 1 250 1 250 5,75 XS 1595714087  / US48667QAP00
АҚШ долл. 24.04.2018/24.04.2025 500 500 4,75 XS 1807299174  / US48667QAR65
АҚШ долл. 24.04.2018/24.04.2030 1 250 1 250 5 375 XS 1807300105  / US48667QAQ82
АҚШ долл. 24.04.2018/24.04.2048 1 500 1 500 6 375 XS 1807299331  / US48667QAS49
АҚШ долл. 14.10.2020/14.04.2033 750 750 3,50 XS2242422 397 / US48126PAA03

Инвесторлармен өзара іс-қимыл

ҚМГ қаржыландыру көздеріне тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және Компанияны қаржыландыру құнын төмендету мақсатында инвестициялық қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың тиімді бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Инвесторлармен өзара іс-қимыл процесіне Директорлар кеңесінің төрағасы, Басқарма төрағасы, Басқарманың мүшелері мен ҚМГ-ның стратегиялық, қаржылық және операциялық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаменті, сондай-ақ инвесторлармен жұмыс басқармасы тартылған.

ҚМГ әр тоқсан сайын инвесторлар үшін Басқарма төрағасы орынбасарының, Басқарма мүшелерінің және департамент директорларының қатысуымен қаржылық және операциялық қызмет нәтижелері бойынша конференц-қоңыраулар өткізеді. Бұдан басқа Компания инвесторлармен және рейтингтік агенттіктермен арнайы жеке конференц-қоңыраулар ұйымдастырды, сондай-ақ тұрақты дамудың жаһандық трендтері мен дамушы елдердегі нарықтық жағдай бойынша онлайн конференцияларға қатысты.

Компания инвестициялық қоғамдастық үшін ақпаратты ашу кезінде уақытылық, толықтық және қолжетімділік қағидаттарын ұстанады. ҚМГ тоқсан сайын тоқсандық нәтижелер бойынша презентацияны, қаржылық нәтижелер бойынша баспасөз хабарламасын, өндірістік нәтижелер бойынша баспасөз хабарламасын, ХҚЕС-ке сәйкес қаржы есептілігін, сондай-ақ деректері бар талдамалық анықтамалықтарды жариялайды. 2021 жылы Компания инвесторлар мен талдаушылардың ҚМГ-ның қаржылық және операциялық қызметі туралы сұратымдары бойынша ақпаратты жедел ұсыну практикасын жалғастырды.

Тұрақты даму қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Компания 2021 жылы ESG бойынша ақпаратты ашудың ашықтығын айтарлықтай жақсартты. 2021 жылы ҚМГ 2020 жылға арналған тұрақты даму туралы ауқымды есеп жариялады. 2021 жылы көміртекті есептілік бойынша Климаттық бағдарламаның CDP алаңында 2020 жылдың қорытындылары бойынша климаттық сауалнама және су қауіпсіздігі бойынша сауалнама орналастырылды. 2021 жылдың қазанында Sustainalytics ҚМГ рейтингін 69-дан 72 баллға дейін көтерді. ESG тәуекелі рейтингінің деңгейі 34,5-тен 28,4 баллға дейін жақсарды, осылайша ҚМГ жоғары тәуекел диапазонынан тәуекелдің орташа деңгейінің диапазонына өтті, бұл ҚМГ-ның халықаралық мұнай-газ нарығында елеулі ESG-тәуекелдерін басқарудағы күшті позицияларын көрсетеді.

Материалдар мен жарияланымдар қолжетімді, сондай-ақ инвесторлармен жұмыс жөніндегі басқарма қызметкерлерімен байланысуға арналған байланыс ақпараты Компания сайтының «Инвесторлар» бөлімінде орналасқан.

ҚМГ екіжақты диалогтың тиімділігін одан әрі жақсартудың маңыздылығын түсінеді және кейіннен Директорлар кеңесі деңгейінде қаралатын Компанияның инвестициялық қоғамдастықтың қабылдауына талдау жүргізеді.

2021 жылы инвесторлармен өзара іс-қимыл күнтізбесі
1-тоқсан
  • 2020 жылғы қаржылық және операциялық нәтижелер бойынша конференц-қоңырау.
  • 2020 жылдың тоқсандық нәтижелері жөніндегі презентация.
  • 2020 жылғы қаржылық және операциялық қызмет нәтижелері бойынша баспасөз хабарламалары.
  • 2020 жылға арналған ХҚЕС-ке сәйкес шоғырландырылған қаржы есептілігі
2-тоқсан
  • 2021 жылдың 1-тоқсанындағы қаржылық және операциялық нәтижелер бойынша конференц-қоңырау.
  • 2021 жылдың 1-тоқсанындағы тоқсандық нәтижелер жөніндегі презентация.
  • 2021 жылдың 1-тоқсанындағы қаржылық және операциялық қызмет нәтижелері бойынша баспасөз хабарламалары.
  • 2021 жылғы 31 наурызда аяқталған үш айдың ХҚЕС-ке сәйкес аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржы есептілігі (аудиттелмеген).
  • 2020 жылға арналған жылдық есепті жариялау.
3-тоқсан
  • 2021 жылдың 2-тоқсанындағы қаржылық және операциялық нәтижелер бойынша конференц-қоңырау.
  • 2021 жылдың 2-тоқсанындағы тоқсандық нәтижелер жөніндегі презентация.
  • 2021 жылдың 2-тоқсанындағы қаржылық және операциялық қызмет нәтижелері бойынша баспасөз хабарламалары.
  • 2021 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай үшін ХҚЕС-ке сәйкес аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржы есептілігі (аудиттелмеген).
  • 2020 жылғы тұрақты даму туралы есепті жариялау.
  • CDP аясында 2020 жылға арналған климаттық сауалнаманы және су қауіпсіздігі сауалнамасын жариялау.
  • 2021 жылғы 8 қыркүйекте ESG бойынша Barclays онлайн конференциясы.
  • 2021 жылғы 21-23 қыркүйекте дамушы нарықтардағы кредиттер бойынша JPM онлайн конференциясы.
4-тоқсан
  • 2021 жылдың үшінші тоқсанындағы қаржылық және операциялық нәтижелер бойынша конференц-қоңырау.
  • 2021 жылдың 3-тоқсанындағы тоқсандық нәтижелер жөніндегі презентация.
  • 2021 жылдың 3-тоқсанындағы қаржылық және операциялық қызмет нәтижелері бойынша баспасөзхабарламалары.
  • 2020 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айдағы ХҚЕС-ке сәйкес аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржы есептілігі (аудиттелмеген).
  • Облигациялар шығару бойынша роуд-шоу, оның шеңберінде Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары мен Директорлар кеңесі төрағасының қатысуымен қазіргі және әлеуетті инвесторлармен конференц-қоңыраулар сериясы өтті