Газ тасымалдау және маркетинг
9 қарашада "ҚазТрансГаз" АҚ-ның 100% акциясы "Самұрық-Қазына" АҚ пайдасына толық берілді. Бұған дейін ҚазМұнайГаз ҚазТрансГаздың бенефициарлық меншік иесі болып қала берді. ҚТГ акцияларын Қорға беру Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен "Самұрық-Қазына" Қорын басқару жөніндегі кеңестің 2020 жылғы 3 маусымдағы тапсырмасын, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 26 қаңтарда кеңейтілген отырыста берілген газды барлау, өндіру және тасымалдау жөніндегі ұлттық операторды құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, ҚТГ 2002 жылы Ұлттық компания құрылған сәттен бастап ҚМГ құрамына кірді. Осы уақыт ішінде ҚМГ капиталына ақша мен мүлік түрінде 143 млрд теңгеге жуық қаржы салынды. Бұл ретте, ҚТГ активтері 125 млрд теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін, капиталы – 61 млрд теңгеден 1,6 трлн теңгеге дейін, түсімі – 85 млрд теңгеден 900 млрд теңгеге дейін 20 еседен астам өсті. ҚТГ құрылған сәттен бастап Қазақстанда 10 мың км астам магистральдық газ құбырлары салынды және пайдалануға берілді. Бүгінгі күні ҚТГ 20,6 мың км астам магистральдық газ құбырларын және 59 мың км астам магистралдық газ тарату желілерін басқарады.
2021 жылғы газ тасымалдау көрсеткіштері 2021 жылғы 1 қаңтар мен 8 қараша аралығындағы кезең үшін ғана көрсетілгенін қаперіңізге береміз.
Басқарушы компания | «Интергаз Орталық Азия» АҚ (ИОА) | «Азия газ құбыры» ЖШС (АГҚ) | «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (БШГ) | «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ (ҚТГА) |
---|---|---|---|---|
ҚМГ үлесі | ҚТГ: 100% | ҚТГ: 50% | ҚТГ: 50% | ҚТГ: 100% |
Негізгі бағыттар | Экспорт, ішкі нарық және транзит | Қытайға экспорт пен транзит, ішкі нарық | Қытайға экспорт, ішкі нарық | Ішкі нарыққа магистралды тасымалдау (МГ), газ тарату жүйелері бойынша тасымалдау (РС) |
Негізгі маршруттар | Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мен Түркіменстан | Қазақстан — Қытай | Бейнеу — Бозой — Шымкент | к/ж |
Жалпы ұзындығы, км | 15 260 | 3 916 | 1 454 | 59 182 |
Қуаты, жылына млрд м3 | 198 | 55 | 15 | — |
Газ құбырының инфрақұрылымы
"ҚазТрансГаз" АҚ (2022 жылдан бастап "QazaqGaz " ҰК АҚ) Қазақстан Республикасын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып табылады. ҚТГ тауарлық газды магистральдық газ құбырлары және газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, газ құбырлары мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.
ҚТГ Қазақстандағы жалпы ұзындығы 20,6 мың км астам магистральдық газ құбырларының ірі желісін, оның ішінде 2,728 мың км газ бұру құбырларын және ұзындығы 59 мың км астам газ тарату желілерін пайдалануды жүзеге асырады, тасымалдау газын 42 компрессорлық станция және 238 газ айдау агрегаты қамтамасыз етеді.
"Интергаз Орталық Азия" АҚ магистральдық газ құбыры бойынша ұлттық оператор және ҚТГ-ның 100% еншілес кәсіпорны болып табылады.
Бүгінгі таңда ИОА жалпы ұзындығы 12 532 км және қуаты жылына 185,5 млрд м3 магистральды газ құбырлары арқылы Қазақстан аумағы бойынша табиғи газды экспорттауды, ішкі тасымалдауды және транзиттеуді жүзеге асырады.
ИОА үш жерасты газ қоймаларын (ЖГҚ) пайдаланады:
- Ақтөбе облысындағы Бозой ЖГҚ;
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы Полторацкое ЖГҚ;
- Жамбыл облысындағы Ақыртөбе ЖГҚ.
"Азия газ құбыры "ЖШС "ҚазТрансГаз" АҚ және Trans-Asia Gas Pipeline Company Ltd. тепе-тең бірлескен кәсіпорны болып табылады. (акционер - CNODC компаниясы, CNPC еншілес кәсіпорны). Бірлескен кәсіпорын "Қазақстан-Қытай" газ құбырын қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылды. Жобаның мақсаты - ҚХР бағытында түрікмен және өзбек газының транзитін қамтамасыз ету, қазақстандық газдың ҚХР-ға экспортын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңірлерін газбен үздіксіз қамтамасыз ету. Газ құбыры үш тармақтан тұрады: "А", "Б" — жалпы ұзындығы 2 612 км және қуаты жылына 30 млрд м3, " С " — ұзындығы 1 304 км және қуаты жылына 25 млрд м3.
"Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС "ҚазТрансГаз" АҚ және Trans-Asia Gas Pipeline Company Ltd тепе-тең бірлескен кәсіпорны болып табылады (акционер - CNODC компаниясы, CNPC еншілес кәсіпорны). Жобаның Қазақстан үшін аса маңызды стратегиялық мәні бар, ол Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерін табиғи газбен қамтамасыз етеді, қазақстандық газдың экспорттық жеткізілімдерін әртараптандыруға мүмкіндік береді, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, бірыңғай газ тасымалдау жүйесін құрады.
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры «Қазақстан-Қытай» газ құбырының екінші учаскесі болып табылады. Газ құбыры Батыс мұнай және табиғи газ кен орындарын елдің оңтүстік өңірлерімен, сондай-ақ «Бұхара газды өңірі-Ташкент-Бішкек-Алматы» және «Газли-Шымкент» магистральдық газ құбырларымен және «Орталық Азия-Қытай» газ құбырының "С" желісімен байланыстырады. БШГ нақты ұзындығы — 1 454 км, ал өткізу қабілеті - жылына 15 млрд м3.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ — бұл газдандырылған барлық он облыста және республикалық маңызы бар үш қалада 59 мың км астам тарату және 2,728 мың км магистральдық газ құбырларын пайдаланатын Қазақстан Республикасының газбен жабдықтаушы ірі компаниясы.
ҚТГА негізгі міндеттері:
- тауарлық газ жеткізуді ұйымдастыру;
- газды тарату желілері арқылы тасымалдау;
- өңірлердегі газ тасымалдау активтерін басқару.
Компания | Газ құбыры | Ұзындығы, км | Қуаты, жылына млрд м3 |
---|---|---|---|
ИОА | «Союз» МГҚ, Орынбор-Новопсков | 805,0 | 40,40 |
«Орта Азия-Орталық» МГҚ | 4 149,20 | 47,20 | |
«Бұхара-Орал» МГҚ | 1 567,80 | 44,60 | |
«БГӨ-ТБА» МГҚ «Бухара газды өңір — Ташкент — Бішкек — Алматы»., «Газли — Шымкент» | 1 903,40 | 24,40 | |
«Ақшабұлақ — Қызылорда» МГҚ | 123,0 | 0,42 | |
«Сарыарқа» МГҚ"Сарыарқа" МГ ИОА-ға жалға берілді, бірақ акционерлері «Самұрық-Қазына» АҚ (50%) және «Baiterek Venture Fund» АҚ (50%) болып табылатын «АстанаГаз ҚМГ» АҚ меншігінде. | 1 061,30 | 2,70 Газ құбырының бірінші кезеңі үшін жобалық және нақты қуаты жылына 2,2 млрд м3 құрайды. | |
АГҚ | «Қазақстан — Қытай» МГҚ | 3 916,0 | 55,00 |
БШГ | «Бейнеу — Бозой — Шымкент» МГҚ | 1 454,0 | 15,00 |
Газды магистралды тасымалдау
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 8 қарашаға дейін ҚМГ магистральдық газ құбырлары бойынша газ тасымалдау көлемі 81 851 млн м3 құрады. 2020 және 2021 жылдардағы толық жылдық көлемдерді салыстырсақ, магистральды газ құбырлары бойынша газ тасымалдау 10,2%-ға ұлғайды және 95 422 млн м3 құрады. Көрсеткіштердің өсуі негізінен Орта Азия газының Ресей мен Қытайға транзиттік ағындарының ұлғаюымен, сондай-ақ Қазақстанның ішкі нарығында газ тұтынудың өсуімен байланысты. Сонымен қатар, ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін газ көлемінің бір бөлігін қайта бөлу салдарынан, сондай-ақ ірі өнім берушілердің тауарлық газ өндірісін азайтуынан экспортқа газ тасымалдау көлемінің төмендеуі байқалады.
Өңірлерге газ тарату және газдандыру
2021 жылы екі жобаның іске асырылуы сәтті аяқталды:
1. Алматы қаласын газдандыру, Алматы қаласындағы газ тарату желілерін жаңғырту, қайта жаңарту
Жоба 4,1 мың жаңа абонентті газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 266 километр жаңа газ құбырлары салынды, 95,6 километр қолданыстағы газ құбырлары қайта жаңартылды, 36 газ реттегіш шкаф пункттері орнатылды.
2. Нұр-Сұлтан қаласында екінші кезектегі 1-ші және 2-ші іске қосу кешендерінің газ тарату желілерін салу
Ұзындығы 100,581 км газ тарату желілері "Интернациональный", "Мичурино", "Күйгенжар" үш тұрғын алаптарында жүргізілген. Бес газ реттегіш блок пункті, бес газ реттегіш шкаф пункті орнатылды. 2021 жылдың соңында "Интернациональный", "Мичурино", "Күйгенжар" тұрғын үй алаптарында 71 абонент және 1 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын қосылды. Жоспарланған абонент саны – 1 644.
Компания | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
ИОА (100%) | 72 961 | 57 753 | 54 874 |
экспорт | 19 069 | 12 687 | 7 606 |
транзит | 40 229 | 30 788 | 34 940 |
ішкі нарық | 13 663 | 14 278 | 12 329 |
АГҚ (100%) | 45 870 | 39 776 | 41 611 |
экспорт | 7 090 | 7 011 | 4 938 |
транзит | 38 280 | 31 878 | 35 294 |
ішкі нарық | 500 | 886 | 1 379 |
БШГ (100%) | 10 087 | 12 694 | 10 709 |
экспорт | 7 091 | 7 011 | 4 907 |
ішкі нарық | 2 996 | 5 682 | 5 802 |
ҚТГА (100%), ішкі нарық | 2 554 | 2 603 | 816 |
Газды магистральмен тасымалдау | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
ИОА (100%) | 72 961 | 57 753 | 54 874 |
АГҚ (50%) | 22 935 | 19 888 | 20 805 |
БШГ (50%) | 5 044 | 6 347 | 5 354 |
ҚТГА (100%) | 2 554 | 2 603 | 816 |
ЖИЫНЫ | 103 494 | 86 590 | 81 851 |
Компания | Экспорт | Транзит | Ішкі нарық |
---|---|---|---|
ИОА | 14 | 64 | 22 |
АГҚ | 12 | 85 | 3 |
БШГ | 46 | к/ж | 54 |
ҚТГА | к/ж | к/ж | 100 |
Компания | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
ИОА (100%) | 22 325 | 16 302 | 16 227 |
АГҚ (100%) | 57 470 | 49 337 | 51 711 |
БШГ (100%) | 14 669 | 17 831 | 14 064 |
Компания | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
ИОА (100%) | 22 325 | 16 302 | 16 277 |
АГҚ (50%) | 28 735 | 24 668 | 25 855 |
БШГ (50%) | 7 334 | 8 915 | 7 032 |
Газ маркетингі
ҚТГ газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор ретінде мемлекеттің жер қойнауын пайдаланушылардан/жеткізушілерден шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға басым құқығын жүзеге асырады.
Заңнамаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар шикі және (немесе) тауарлық газдың көлемін, бағасын және жеткізу пунктін көрсете отырып, ұлттық операторға коммерциялық ұсыныс жібереді. Ұлттық оператор мемлекеттің басым құқығын іске асыру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Қазіргі уақытта ұлттық оператор ҚМГ-ның қатысу үлесі бар мынадай компаниялардан газ сатып алуға қатысты мемлекеттің басым құқығын іске асыруда:
- "Ембімұнайгаз" АҚ (100%);
- "Қазгермұнай" БК" ЖШС (50%);
- "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС (50%);
- "Қазақтүрікмұнай" ЖШС (100%);
- "ҚазМұнайГаз" ЖШС (100%).
Аталған компаниялардың газын ішкі нарықта сату жүзеге асырылады.
Қатысу үлестері ҚМГ тиесілі және оларға қатысты газ сатып алу бойынша мемлекеттің басым құқығы іске асырылмайтын компаниялар:
- "Амангелді Газ" ЖШС (100%);
- "ҚазГӨЗ" ЖШС (100%);
- "Теңізшевройл" ЖШС (20%);
- "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В." (10%);
- "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В." (8,44%).
Бұл компаниялардың газын ішкі нарық пен экспортқа сату жүзеге асырылады.
Тауарлық газды өткізу көлемі 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 8 қарашаға дейін 18 019 млн м3 құрады, бұл ретте, 2020 және 2021 жылдардағы толық жылдық көлемдерді салыстыратын болсақ. көлемдердің 0,8%-ға 22 473 млн м3 дейін шамалы төмендеуі байқалады. Тауарлық газды өткізудің басым үлесі 73,1% мөлшерінде ішкі нарықтан келеді, онда тұтыну 10,9%-ға өсті. Ресей мен Қытайға газ жеткізудің қысқаруына байланысты экспорт көлемі 23,0%-ға азайып, 6 044 млн м3 құрады.
Көрсеткіш | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Газды сатып алу көлемдері | 24 200 | 23 313 | 19 087 |
Қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар/өнім берушілер | 16 435 | 19 879 | 17 431 |
ҚМГ қатысатын компаниялар | 9 537 | 14 113 | 13 011 |
Үшінші тараптар | 6 898 | 5 766 | 4 330 |
Газ импорты | 7 765 | 3 434 | 1 746 |
Ресей | 5 055 | 3 434 | 1 746 |
Өзбекстан | 2 710 | 0 | 0 |
Көрсеткіш | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Экспорт | 8 806 | 7 852 | 5 188 |
Ресей | 1 000 | 560 | 0 |
Қырғызстан | 264 | 281 | 250 |
Өзбекстан | 452 | 0 | 0 |
ҚХР | 7 091 | 7 011 | 4 938 |
Ішкі нарық | 14 028 | 14 811 | 12 830 |
Барлығы | 22 834 | 22 663 | 18 019 |