Ішкі аудит

Ішкі аудитті ҚМГ Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) жүзеге асырады.

ІАҚ ҚМГ Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді және оған ҚМГ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жетекшілік етеді.

ІАҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, ҚМГ Жарғысын, ҚМГ органдарының шешімдерін, ІАҚ жұмысын регламенттейтін ішкі құжаттарды, ҚМГ Ішкі аудит қызметі туралы ережені және ҚМГ ішкі аудитін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа алады.

ІАҚ-ның негізгі мақсаты Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару процестерін жетілдіруге жүйелі тәсілді енгізу арқылы ҚМГ мен оның ЕТҰ-ларын тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпарат беру болып табылады.

Ішкі аудиттің жылдық жоспары ҚМГ-ның негізгі тәуекелдерін, аудит процесінің барлық кезеңдерін және басшылықтың сұратымдарын ескере отырып әзірленеді және Аудит жөніндегі комитеттің, Директорлар кеңесінің және ҚМГ басшылығының арнайы сұратымдары негізінде түзетіледі.

Қызметін жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес жүзеге асыра отырып, ІАҚ мынадай міндеттерді орындайды:

  • қолданылатын ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;
  • ҚМГ мен ЕТҰ-дағы бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыстығын, толықтығын, объективтілігін бағалау және оның негізінде қаржы есептілігін жасау;
  • ҚМГ мен ЕТҰ ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығын және активтердің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылатын әдістерін бағалау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, корпоративтік нормалар мен операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет қағидаларының сақталуын бақылау.

ІАҚ аудиттердің қорытындысы бойынша Компанияның қызметін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар береді, ұсынымдарды орындау жөніндегі шаралардың әзірленуі мен іске асырылуына мониторингті және бақылауды жүйелі негізде қамтамасыз етеді.

Аудит жөніндегі комитеттің отырыстарында ішкі аудиттің мынадай мәселелері қаралады:

  • ІАҚ жылдық есебі;
  • ІАҚ тоқсандық есептері, оның ішінде жүргізілген аудиттердің нәтижелері бойынша елеулі тұжырымдар, сондай-ақ ішкі аудиторлар ұсынымдарының орындалуына мониторинг жүргізу;
  • жылдық аудиторлық жоспар және оған толықтырулар;
  • ІАҚ мен басшының ҚТК картасының нақты мәндері;
  • ІАҚ стратегиялық жоспары;
  • ІАҚ бюджеті;
  • ІАҚ кадр мәселелері.

Аудит жөніндегі комитет ІАҚ қызметінің нәтижелеріне мониторинг жүргізіп қана қоймай, кәсібилікті дамытуға және оның қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін ашуға назар аударады. Осы мәселелер ІАҚ есептеріне енгізіледі және Аудит жөніндегі комитет оларды тоқсан сайынғы негізде қарайды.

ІАҚ қызметкерлерінің кәсібилігі ҚМГ-ның ішкі аудит функциясы тиімділігінің кепілі болып табылады, сондықтан оқыту және біліктілікті арттыру процесінің маңызы жоғары.

Ішкі аудит жүргізу процесінің тиімділігін бағалау

ІАҚ жұмысының сапасын қамтамасыз ету және арттыру бағдарламасының талаптарына сәйкес, әрбір аудиторлық тапсырмадан кейін, аудиттелетін тарап ІАҚ жұмысын бағалай отырып, сауалнаманы толтырады. Осы бағалаулардың нәтижелері шоғырландырылады және ІАҚ-ның тоқсандық және жылдық есептеріне енгізіледі, оны ҚМГ-ның Аудит жөніндегі комитеті мен Директорлар кеңесі қарайды және мақұлдайды.

Халықаралық ішкі аудиттің кәсіптік стандарттарына сәйкес, бес жылда бір рет Ішкі аудит қызметіне тәуелсіз сыртқы бағалау жүргізіледі. ІАҚ қызметінің Халықаралық ішкі аудиттің кәсіби стандарттарына, үздік халықаралық тәжірибелерге, ҚМГ ішкі аудит қызметі туралы ережеге, ҚМГ іскерлік этика кодексіне және ішкі аудит функцияларын реттейтін басқа да қолданылатын сыртқы және ішкі нормативтік актілерге сәйкес келу мәніне 2020 жылы жүргізілген тәуелсіз сыртқы бағалау нәтижелері бойынша, ІАҚ-ның стандарттар талаптарына сәйкестігі 100%-ды құрады.

Осылайша, ҚМГ Ішкі аудит қызметінің жұмысы Халықаралық ішкі аудиттің кәсіби стандарттарының талаптарына толық сәйкес келеді деп танылды.