Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның ЕТҰ өндірістік қызмет нәтижелеріне, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қауіпті өндірістік факторлардың алдын алуға қатысты қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына басымдық белгілейді.

ҚМГ компаниялары тобының еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаты жоғары басшылықтың еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты бейілділігіне негізделген және әрбір қызметкерді қауіпсіздік мәдениетін дамытуға тартуға бағытталған. Компания мен оның ЕТҰ басшылығы жазатайым оқиғалар мен аварияларға, алкоголь, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын пайдалануға және жол-көлік оқиғаларына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады. Компания ұлттық заңнамалардан басқа, халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарын сақтауға міндеттенеді. Компания әлемдік стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес өндірістегі қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

2021 жылдың негізгі көрсеткіштері

ҚМГ республиканың ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі ретінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және Компанияның өндірістік объектілері жұмыс істейтін аудандарда тұратын персонал мен халықтың денсаулығын сақтауға көп көңіл бөледі. Біздің қызметкерлер Компания еңбек қызметі үшін қауіпсіз жағдайлар жасайтынын және жұмыс орнында еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін ең жоғары стандарттарды енгізетінін атап айтады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың саны өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға төмендеді (2020 жылғы 30 жағдайдан 2021 жылы 28-ге дейін), зардап шеккен қызметкерлердің саны өткен жылғы деңгеймен бірдей.

2021 жылы еңбек қызметіне байланысты өліммен аяқталған бір жазатайым оқиға орын алды, онда үш қызметкеріміз қайтыс болды (Румыниядағы «Петромидия» МӨЗ-дегі өрттің салдарынан).

Жол-көлік оқиғаларының саны 57%-ға өсті (2020 жылғы 14 оқиғадан 2021 жылы 22-ге дейін), өткен жылдағыдай өрт саны – алты.

ЕҚ және ӨҚ негізгі
Көрсеткіштері Өлшем бірлігі 2019 2020 2021 2021/2020
ауытқу
%
Жазатайым жағдайлар Жағдай 39 30 28 –2 –7
Жазатайым жағдай кезінде зардап шеккендер Адам 46 32 32 0
Жол-көлік оқиғалары Оқиға 36 14 22 8 57
Өрттер Оқиға 9 6 6
Жазатайым оқиғалар мен өлімге әкелген жағдайлардың коэффициенті
Көрсеткіш 2019 2020 2021 IOGP2020 жылға арналған IOGP қолжетімді көрсеткіштері (https://www.iogp.org/).
Жұмыс уақытын жоғалтумен жазатайым оқиғалар коэффициенті, 1 млн адам-сағатқа шаққанда 0,34 0,29 0,31 0,20
Өлім жағдайларының коэффициенті, 100 млн адам-сағатқа шаққанда 1,48 0,0 2,93 0,56

Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару

2021 жылдан бастап Компанияда ҚМГ-ның өндірістік объектілеріндегі өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде, ол ірі апатты оқиғалардың (авариялар, инциденттер, өрттер және жазатайым оқиғалар), соның ішінде:

  • активтер мен технологиялық жабдықтардың тұтастығын сақтау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына, салалық стандарттарға, өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару саласындағы үздік әлемдік практикалар мен тәсілдерге (IOGP, OSHA) сәйкес қауіпсіз операциялық қағидаларды, нормалар мен рәсімдерді белгілеу;
  • технологиялық тәуекелдерді анықтау және олардың алдын алу және жеңілдету бойынша тиісті шараларды қолдану;
  • Компания қызметкерлері мен халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қаржылық және құқықтық салдарға, мүлік пен активтерге, бедел мен имиджге байланысты залалдар мен шығындарды болдырмау.

Компания инженерлік және басқару элементтерінің үйлесімі тиімді әрі технологиялық жабдықтың герметикалығын жоғалтына байланысты ірі апатты оқиғалардың алдын алуға және соның салдарынан конструкциялардың құлауы, жарылыстар, өрттер, бүлдіргіш шығарындылар мен қауіпті заттардың (химиялық заттар, мұнай және мұнай өнімдері) төгілуіне жол бермеуге бағытталғанына сенімді. Бұл инженерлік және басқару элементтері жұмыс орнындағы қауіпсіздікті басқару үшін қажет етілетін талаптардан асып түседі, өйткені олар адамдарға, мүлікке және қоршаған ортаға әсер етеді.

Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жүйесінің мониторингін жүргізу және талдау мақсатында, Компанияда тиімділіктің түпкілікті көрсеткіштері қолданылады:

  • Бақылауға, нақты тұтастықты тіркеуге, жүйедегі іркілістерді, оқиғалар санын тіркеуге мүмкіндік беретін кешіктірілетін индикаторлар;
  • Кедергілерді құрайтын қорғау және бақылау жүйелері мен тетіктерінің жұмысқа қабілеттілігін бағалауды жүргізуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді жүйелі түрде өлшейтін озық индикаторлар.
Көлік қауіпсіздігі

ЖКО статистикасы бойынша Компанияға тәуелді емес оқиғалардың туындау қаупінің факторлары бар екенін атап өту қажет. Осындай факторлардың бірі - көлік құралдарының үлкен саны, ол бүкіл Компания бойынша 11 мыңнан астам бірлікті құрайды. Екінші фактор - Қазақстан Республикасының барлық аумағында шашыраңқы орналасқан Компанияның еншілес ұйымдарының географиялық орналасуы, сондай-ақ олардың үшінші тараптың кінәсынан ЖКО-ның туындау қауіпі жоғары болатын ірі қалалар мен елді мекендерде орналасуы. Мысалы: 2021 жылы орын алған 22 ЖКО-ның 41%-ы үшінші тараптың кінәсынан болған ЖКО-ға жатады.

ЖКО-ның туындау тәуекелін төмендету мақсатында, Компанияда көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша келесі шаралар кешені орындалды.

  • Көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану шеңберінде, сондай-ақ Компания қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін "Еншілес ұйымдардағы ЖКО-ның алдын алу тізбесі жөніндегі іс-шаралар жоспары" бойынша ұсынымдар жолданды.
  • Кестеге сәйкес, жүргізушілерге ҚР Жол қозғалысы қағидалары және Компанияның жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану жөніндегі саясаты мен регламентінің өзектендірілген корпоративтік құжаттары бойынша білімі тексеріліп, оқыту курстары өткізілді.
  • Көлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында, 2021 жылдың наурызында Компания мен мердігерлік ұйымдарда "Қауіпсіздік белдігі" атты профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
  • Компания мен еншілес ұйымдардың қызметкерлері арасында әне қауіпсіз жүргізу мәдениетін насихаттау және хабардарлықты арттыру мақсатында 2021 жылдың қыркүйегінде "Автокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізу" тақырыбына бейнеролик түсіру жүзеге асырылды.
  • Күзгі-қысқы кезеңнің басталуына және ЖКО жағдайларының маусымдық ұлғаюына байланысты жоғары тәуекелге байланысты 2021 жылдың қарашасында "Қысқы кезеңдегі қауіпсіз жол қозғалысы" атты профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
  • "Ембімұнайгаз "АҚ-да "Сапарларды басқару" деген пилоттық жоба жүзеге асырылды.

Сонымен бірге, 2022 жылы OPITO, ROSPA және т.б. халықаралық аккредитациялары бойынша Defensive driving бағдарламасы бойынша Компанияның қызметкерлері (көлік қауіпсіздігі/жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі инженерлер) қатарынан жаттықтырушыларды даярлау және оқыту жоспарлануда.

Өрт қауіпсіздігі

2021 жылы ҚМГ компанияларының тобы бойынша алты өрт болды (2020 жылы өрттер саны осындай), оның ішінде екі ірі өрт - адам шығынымен (үш адам қаза тапты және біреуі зардап шекті) және елеулі материалдық шығынмен болды.

Өрттердің туындау себептері мен мән-жайларын тексеру қорытындылары бойынша мынадай негізгі жүйелі себептер анықталды:

  • жоғары басшылық пен желілік менеджерлердің әлсіз бейілділігі мен көшбасшылығы;
  • қауіпсіздік мәдениеті мен басшылар/жауапты қызметкерлер құзыретінің төмен деңгейі;
  • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс - шаралардың жеткіліксіз қаржыландырылуы;
  • сәйкес келмейтін тәуекелді бағалау және кедергілерді басқару;
  • жатақханалар мен вахталық кенттерде өрт болған жағдайда, адамдарды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығуларды сапасыз өткізу.

Өрт пен жанудың алдын алу және оларды болдырмау үшін Компанияда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша төмендегідей алдын алу шаралары қабылданды:

  • Орын алған ірі өрттерден кейін «Компаниядағы өрттердің алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі іс-шаралар» дереу орындауға жіберілді. Бұл ретте өндірістік объектілерде, сондай-ақ вахталық кенттерде өрт-тактикалық оқулар мен оқу-жаттығуларды өткізуге ерекше назар аударылды.
  • Еншілес ұйымдар ұсынған есептерді талдау қорытындысы бойынша 2021 жылдың қарашасы мен желтоқсанында Компанияның барлық бизнес-бағыттары бойынша жатақханалар мен вахталық кенттерде өрттердің алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына ішінара тексерулер жүргізілді.
  • Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауды күшейту, Компанияның өрттерге жедел ден қою және оларды жоюға әзірлігін арттыру мақсатында қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді, сондай-ақ Компанияның объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық іс-шараларды көздейтін 2022-2024 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді және бекітілді.
  • ҚМГ компанияларының тобына кіретін ұйымдардың өрттердің алдын алуға және оларды сөндіруге дайындығын тексеру және бағалауды жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының, ҚМГ компанияларының тобындағы ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы менеджмент жүйесі жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын, халықаралық стандарттар мен IOGP ұсынымдарын ескере отырып өзектендірілді және қайта бекітілді.
  • Өртке қарсы насихат және қызметкерлердің хабардарлығын арттыру мақсатында қызметкерлер мен келушілерге арналған өрт қауіпсіздігі бойынша жаднама әзірленді, сондай-ақ Компанияның офисінде 2021 жылдың 4 қазаны мен 4 қарашасы аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді.
  • Жаңа жылдық мерекелер мен ұзақ демалыс күндері өрттер мен өрттердің туындау тәуекелін төмендету мақсатында және 2021 жылдың желтоқсанында Компанияның барлық бизнес-бағыттары бойынша өндірістік объектілерде, сондай-ақ вахталық кенттерде өрт және электр қауіпсіздігі талаптарын сақтау бөлігінде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хат жолданды.

2022 жылға Компанияда өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған мынадай бастамалар жоспарланған:

  • Rompetrol-ға сырттан мамандандырылған компанияны тарта отырып, HAZOP талдау бойынша жаңа тәсілдерді енгізу;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Risk Based Inspection (RBI) әдісімен әлеуетті қауіпті объектілер мен жабдықтарды анықтай отырып, тәуекелдерге кешенді бағалау жүргізу;
  • Компанияның еншілес ұйымдарына қолдау көрсету шеңберінде өндірістік процестердің қауіпсіздігін/тосқауылдарды басқару негіздері бойынша анықтамалық құрал әзірлеу;
  • Компания Басқармасының төрағасы бекіткен 2022-2024 жылдарға арналған өрт қауіпсіздігі саласындағы кешенді жоспардың қысқа мерзімді іс-шараларын іске асыру;
  • Мердігерлік ұйымдарды басқару процесінің аясында Компанияның объектілеріндегі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің өрттің алдын алуға және сөндіруге дайындығын тексеруді және бағалауды жүргізу.
Пожарная безопасность

ӨҚ, ЕжҚОҚ бағыттарын цифрландыру

Көлік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, қауіпсіз жүргізу мәдениетін және бірыңғай орталықтандырылған цифрлық платформаны құру мақсатында «Сапарларды басқару» жобасына бастамашылық етілді. Жоба «Ембімұнайгаз» АҚ-да пилоттық түрде іске қосылды.

Жобаның мақсаты үздік халықаралық тәжірибе, заманауи цифрлық шешімдер және процестерді автоматтандыру негізінде қауіпсіз жүргізу мәдениетін құру арқылы көлік қауіпсіздігін арттыру болып табылады. Жоба барлық жерүсті көлік операцияларына қатысты жол жүру қауіпсіздігін басқаруға қойылатын талаптарды біріздендіруге, негізгі метрикаларға орталықтандырылған бақылауды ұйымдастыруға және талдамалық есептер мен корпоративтік көрсеткіштерді енгізу арқылы автокөлікті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

ЕМГ объектілерінде осы жобаның бірінші кезеңін іске асыру аяқталды – автокөлік құралдарына арналған мониторингтің бірыңғай жүйесі енгізілді. 2022 жылдың 1-ші тоқсанында жоспарланған екінші кезең «маршруттан ауытқуды бақылау» бөлігінде функционалдың кеңеюін және мердігерлік компаниялардың автокөлік құралдарына мониторинг жүргізудің бірыңғай жүйесіне қосылуды қамтиды.

2022 жылы көлік қауіпсіздігінің жай-күйін жақсартуға, ЖКО-ны қысқартуға, ақылды жоспарлау мен есепке алуға, сондай-ақ көлік құралдары мен ЖЖМ тиімділігін бақылауға және мақсатты пайдалануға бағытталған «Сапарларды басқару» жобасын тарату жоспарлануда.

ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы менеджмент жүйесін жетілдіру

Жерүсті көлік құралдарын пайдалану және қызмет көрсету кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану саласындағы саясат өзектілендірілді және бекітілді, сондай-ақ ҚМГ компаниялары тобында жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану регламенті өзектілендірілді және бекітілді. Барлық ЕТҰ-да жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдаланудың ұқсас саясаты мен регламентіне бастамашылық етілді және бекітілді. Сондай-ақ, осы саясат пен регламенттің талаптары электрондық пошта және (немесе) нұсқаулық арқылы түсіндіріліп, барлық қызметкерлердің назарына жеткізілді.

«ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ компанияларының тобында ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі корпоративтік стандарт әзірленді және бекітілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаты әзірленді және бекітілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әкімшілік ғимараттарындағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жұмыс нұсқаулығы әзірленді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының мердігерлік ұйымдарында ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласында бағалау, талдауды жүргізу және тәуекелдерді төмендету мақсатында тоқсан сайынғы негізде ҚМГ Директорлар кеңесіне мердігерлік ұйымдар жол берген бұзушылықтарға, оның ішінде ӨҚ, ЕжҚОҚ саласында оларға ұсынылған айыппұл санкцияларына қатысты есеп жасақталады.

ЕҚОҚ саласындағы өрттің шыққаны және елеулі инциденттер туралы жедел хабарлама «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесіне жолданады.

Тергеу аяқталғаннан кейін, тікелей және түпкілікті себептерін, материалдық залалдың мөлшерін көрсете отырып, тергеу актісін, оқыс оқиғаға жол берген қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтардың, сондай-ақ тергеу қорытындылары бойынша енгізілген өзгерістер және осындай оқиғалардың қайталануына жол бермеу туралы құжаттарды қоса алғанда, тиісті материалдар ҚМГ Директорлар кеңесіне жіберіледі.

Совершенствование системы
	менеджмента в области ОТ, ПБ и ООС

Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы

Қазақстан Республикасы заңнамасының және қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес, Компанияда денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы мәселелерін басқару жүзеге асырылады. Өндірістік процеске қарамастан, ҚМГ өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және оларды сауықтыру бойынша белсенді саясат жүргізеді.

2020 жылмен салыстырғанда, ЕТҰ қызметкерлерінің арасында жарақаттанумен байланысты емес өлім-жітім саны жетіге немесе 87,5%-ға артты. Негізінен, бұл көрсеткішт қызметкерлердің жүрек-қан тамырлары аурулары мен коронавирустық инфекциядан асқынулардың болуына байланысты өсті.

2021 жылдың желтоқсанында ҚМГ Корпоративтік орталықтың қызметкерлері үшін жүрек-өкпе реанимациясын көрсету бойынша оқыту ұйымдастырылды. 15 қызметкер «AIMED» халықаралық кәсіби дамыту орталығы ЖШС-ның «Жүрек-өкпе реанимациясының базалық курсынан» өтті.

Жарақаттанумен байланысты емес өлім жағдайларының саны

Жол картасы аясында қызметкерлердің денсаулығын басқару тиімділігін арттыру үшін ҚМГ компанияларының тобында 2021 жылдың маусымында жұмыс тобы құрылды, оған екі медициналық сарапшы тартылды. Жол картасын жүзеге асыру үшін ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері «Қазгермұнайгаз»; «Ембімұнайгаз»; «ҚазТрансОйл»; «АМӨЗ»; «Қазақойл Ақтөбе»; «Қазақтүрікмұнай» сияқты еншілес мекемелерге барып.медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша талдау жүргізді. «Қызметкерлердің денсаулығын басқару» бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл бағдарлама ҚМГ-ның 2022-2031 жылдарға арналған стратегиясына кірді. Аталмыш құжат аясында үш негізгі бағыт іске асырылады: пандемиямен және оның салдарымен күрес; кәсіптік аурулардың алдын алу; қызметкерлердің салауатты өмір салты туралы хабардар болуын және уәждемесін арттыру. Қазіргі уақытта Бағдарлама ҚМГ компаниялар тобының мүдделі департаменттерімен келісу сатысында.

Бекітілген жоспарға сәйкес 2021 жылы төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

  1. ЕТҰ-да денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы бағыты бойынша жауапты қызметкерлер тағайындалды;
  2. қызметкерлердің денсаулық жағдайын ауысым алдындағы бақылауға және оларды жұмысты орындауға жіберуге қатысты шаралар күшейтілді;
  3. қызмет көрсететін медициналық ұйым жағдайында созылмалы жүрек-қан тамырлары аурулары бар қызметкерлерді динамикалық бақылаудың сақталуын қадағалау қамтамасыз етіледі;
  4. медициналық пункттердің қызметкерлері ауысым алдындағы медициналық тексеру жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтармен жарақтандырылған;
  5. тәуекел аймағындағы қызметкерлердің жас тобын айқындау үшін еңбек жағдайларын бағалау және тәуекелдерді бағалау жүргізіледі, қызметкерлердің денсаулығына әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторларды төмендету бойынша шаралар қабылданады;
  6. аурудың өршуі кезеңіндегі емдеу іс-шараларын, сондай-ақ олардың алдын алу жөніндегі емдеу шараларын қамтитын жүрек-қан тамырлары ауруларының бастапқы профилактикасын жүргізу жөніндегі шаралар күшейтілді.

ҚМГ-ның негізгі күш-жігері ауыр жұмыстарда және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге міндетті алдын ала (жұмысқа орналасу кезінде) және мерзімді медициналық тексерулер (зерттеулер) жүргізуді қоса алғанда, шарттық міндеттемелердің шеңберінде мамандандырылған ұйымдар көрсететін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

ҚМГ компаниялар тобында кәсіптік ауру жағдайлары тіркелген жоқ.

COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша атқарылған жұмыс және қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат

COVID-19 (бұдан әрі – КВИ) коронавирустық инфекция пандемиясы басталғалы, ҚМГ компанияларының тобында КВИ-мен күресуде пайдалы тәжірибе жинақталған. Бұл ретте, пандемияның бүкіл кезеңінде өндірістік процестерді тоқтатуға жол берілген жоқ.

Пандемия басталғаннан бері 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компаниялар тобының қызметкерлері арасында КВИ жұқтырудың 5972 жағдайы (зертханалық растаусыз ковидті пневмония жағдайларын қоса алғанда) және КВИ мен пневмониядан қайтыс болған 119 жағдай (2020 жылы - 96 / 2021 жылы - 23) тіркелді.

Лаборатория

КВИ ауруының алдын алу және оның таралуын барынша азайту, сондай-ақ өндірістік процестерге тиетін әсерді азайту мақсатында, компаниялардың тобы бойынша эпидемияға қарсы іс-қимыл бойынша барлық қажетті ұйымдастыру іс-шаралары жүргізіледі және тиісті кешенді шаралар қабылданады, оның ішінде:

  • ҚМГ-ның корпоративтік орталығы деңгейінде дағдарыс жағдайларын басқару жөніндегі командамен және ҚМГ еншілес ұйымдарындағы жедел штабтардың ахуалға тұрақты мониторингті және бақылауды жүргізеді және КВИ анықтау кезінде іс-қимыл алгоритмдерін іске қоса отырып, КВИ таратпау жөнінде қажетті басқарушылық шешімдер қабылданады, сондай-ақ қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету және бизнес-процестерді қалпына келтіру жоспарлары әзірленді;
  • қайта вахталау алдында мердігерлермен бірге барлық ауысымдық персоналдың КВИ-ге зертханалық тексеру жүргізіледі және ЕТҰ қызметкерлерін жаппай тестілеу бойынша жұмыс жолға қойылды, қызметкерлердің аурудың қауіптілігін түсіне отырып және эпидемиологиялық сақтау шараларын сақтай отырып, пандемияға деген көзқарас қалыптастырылды;
  • бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеулер жалғасуда;
  • персоналды қорғау және дезинфекциялық өңдеу үшін қажетті көлемде жеке қорғаныс құралдарымен және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады;
  • ауырғандар күдікті немесе анықталған кездегі іс-әрекеттер бойынша іс-шаралар енгізілді, барлық қызметкерлерге КВИ симптомдарының алғашқы белгілері немесе оң тест нәтижелері, сондай-ақ тест нәтижелерін жасыру немесе бұрмалау және карантиндік режимдерді бұзу үшін жауапкершілік туралы дереу хабарлау туралы ескертілді;
  • КВИ-дің алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды сақтау үшін қызметкерлер арасында алдын алу шаралары (антисептиктерді қолдану, маскаларды пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және температураны өлшеу), санитариялық-гигиеналық және дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүзеге асырылады;
  • қызметкерлер арасында ошақтық аурулар туындаған жағдайда өндірісте жұмылдырылған персонал санын азайтып немесе резервтік бригадаларды жұмысқа енгізе отырып, карантиндік режим енгізіледі, сондай-ақ бұл мүмкін болған жерде, персонал қашықтықтан форматқа ауыстырылады.
Контроль температуры

Жалпы, ҚМГ компанияларының тобы бойынша эпидемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі белгіленген регламенттерге сәйкес профилактикалық іс-шаралар кешенін және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді жүргізу жалғасуда.

Вакциналау жөніндегі мемлекеттік науқанның басталуымен қызметкерлерді вакциналауды ұйымдастыру және ынталандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары енгізілді, оған сәйкес ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және компаниялар тобының өндірістік объектілерінің тұрақты үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін вакциналаудың маңыздылығын түсіндіру бойынша белсенді ақпараттық жұмыс жүргізілуде.

ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері вакцинаны тұрғылықты жері бойынша емханалардан және жеке медициналық мекемелерден алады. Бұл үшін ҚМГ кәсіпорындарында барлық қажетті жағдайлар жасалған: вакцинация пункттері орталық офистерде, кен орындарындағы мамандандырылған пункттерде және медициналық орталықтарда ұйымдастырылған.

Көбіне қызметкерлер вакцинация науқанын жүргізуге оң көзқараспен қарайды және оған белсенді қатысуда. Екі компоненттің әрқайсысын алған кезде барлық қызметкерлерге ақылы демалыс күндері беріледі.

Бұл ретте, санитарлық дәрігерлердің қолданыстағы қаулыларына сәйкес вакцинаның екі компонентін алған қызметкерлер ПТР-тесттен өтпей кен орындарына кедергісіз жіберіледі.

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ компаниялар тобында 50 мың қызметкер (жалпы санының 76%) вакциналанды, оның ішінде 48 мыңы (73%) вакциналаудың толық курсын алды.

Сондай-ақ ЕТҰ-да, ҚМГ әкімшілік ғимаратындағы сияқты қызметкерлердің жұмысқа кіруі «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Корпоративтік орталықта ҚББЖ жүйесінің (өткізу жүйесі) «Ashyq» ақпараттық жүйесімен интеграциясы сәтті іске асырылды («қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар адамдарға кіру рұқсаты ҚББЖ жүйесімен автоматты түрде бұғатталады, мәртебесі «жасыл» немесе «көк» болып өзгерген кезде кіруге рұқсат беріледі).

Дезинфекция