Кредиттік рейтингтер
ҚМГ кредиттік рейтингтерді инвестициялық деңгейде қолдауға, жоғары кредиттік бейінді сақтауға және адал қарыз алушы ретінде Компанияның іскерлік имиджін жалғастыруға ниетті. 2021 жылы қаржы тұрақтылығы бойынша жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде және сыртқы жағымсыз факторларға қарамастан, ҚМГ кредиттік рейтингтердің сақталуын қамтамасыз ете алды.
ҚМГ рейтингтерінің динамикасы
- 2021 жылғы 28 қаңтарда мұнай мен газды барлау, өндіру және өңдеу секторының тәуекелдерін бағалауды қайта қарағаннан кейін S&P рейтинг агенттігі ҚМГ кредиттік рейтингтерін «теріс» болжаммен «BB» деңгейінде растады.
- 2021 жылдың 30 сәуірінде S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі ҚМГ-ның кредиттік рейтингін "BB" деңгейінде "теріс" болжаммен растады.
- 2021 жылдың 12 тамызында Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингінің көтерілуіне байланысты ҚМГ кредиттік рейтингісін "Baa3"-тен "Baa2"-ге дейін көтерді. Рейтинг бойынша болжам "позитивтен" "тұрақтыға" өзгертілді.
- 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі КМГ дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін "BBB -" деңгейінде растады (егеменді рейтингтен бір тармақ төмен), болжам "тұрақты".