ҚМГ тұрақты дамуын қамтамасыз етудің кешенді тәсілі
ҚМГ Директорлар кеңесі тұрақты даму қағидаттарын енгізуге стратегиялық жетекшілік жасап және бақылауды жүзеге асырады. Компанияның Тұрақты дамуы туралы жыл сайынғы шоғырландырылған есебін бекітеді.
ҚМГ Директорлар кеңесі Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті (ҚЕҚОҚОДК) тұрақты даму мәселелерін қарауды және ұйымдастыруды, тұрақты даму саласындағы саясатты бекіту жөніндегі ұсынымдарды, ҚМГ-ның тұрақты дамуы туралы жыл сайынғы есебін, бекітілуі Директорлар кеңесі құзыретіне жататын тұрақты даму саласындағы іс-шаралар жоспарларын және өзге де ішкі құжаттарды дайындауды, оларды енгізуді, тұрақты дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық компоненттерін қалыптастыруды, тұрақты даму саласындағы басқару жүйесін жасауды, тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен ҚТК айқындауды, ҚМГ-де тұрақты дамудың енгізілуін бақылауды жүзеге асыруды және оны ҚМГ-ның негізгі процестеріне интеграциялауды жүзеге асырады.
ҚМГ Басқармасы Компанияда тұрақты даму саласындағы қағидаттарды, саясаттарды, стандарттарды және іс-шаралар жоспарын лайықты түрде іске асыруды және енгізуді жүзеге асырады. Тұрақты даму саласындағы қызметтің мониторингін, орнықты даму саласындағы мақсаттар мен ҚТК орындалуын бағалауды жүзеге асырады.
ҚМГ Басқармасы төрағасының тұрақты даму мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары тұрақты даму саласындағы бастамалар бойынша мақсаттар мен ҚТК-ға қол жеткізу жөніндегі тәсілдерді үйлестіруді және тұрақты даму саласындағы корпоративтік стандарттардың іске асырылуын бақылауды, тұрақты даму саласындағы есептің дайындалуын бақылауды жүзеге асырады.
ҚМГ инвестициялар портфелін басқару және стратегия департаментінің тұрақты даму секторы тұрақты дамуды басқару жүйесіне бастама жасау, үйлестірілуі және енгізілуі, оның Компанияның бизнес-қызметіне интеграциялануына жәрдем көрсету, тұрақты даму мәселелері бойынша әдістемелік қолдау, тұрақты даму саласындағы есепті жыл сайын дайындау және бекіту үшін жауап береді және тәуекелдерді сәйкестендіру және басқаруда жауапты құрылымдық бөлімшелерге жәрдемдеседі. Сонымен қатар тұрақты даму саласында, мүдделі тараптардың картасын және өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу, тұрақты даму саласындағы оқыту мәселелерімен айналысады.
ҚМГ құрылымдық бөлімшелері тұрақты даму саласындағы жүйені енгізуді, ішкі және сыртқы ахуалды талдауды, орнықты даму саласындағы тәуекелдерді айқындауды, мүдделі тараптардың/стейкхолдерлердің картасын және өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеуді, орнықты даму саласындағы бастамаларды іске асыруды, халықаралық стандарттарға сәйкес тұрақты даму саласындағы есеп үшін ақпарат дайындауды жүзеге асырады.
ҚМГ барлық қызметкерлері әрқайсысы өз деңгейінде жеке мінез-құлық және тиісті саясаттар мен стандарттарды сақтау жолымен тұрақты даму саласындағы қағидаттар мен іс-шараларды енгізеді.