Операциялық қызметке шолу

ҚМГ қосылған құнды құру тізбегінің барлық кезеңдерінде толық интеграцияланып, Қазақстанның мұнай-газ саласының ұлттық көшбасшысы болып табылады.

Дәлелденген қорлардың еселігі (1Р) 16,5 жылды құрайды, бұл әлемдегі ең ірі халықаралық мұнай компаниялары арасындағы орташа көрсеткіштен 11 жылға жуық жоғары.

Обзор операционной деятельности


Қорлар

PRMS халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалған DeGolyer&MacNaughton халықаралық тәуелсіз консалтингтік компаниясының аудитіне сәйкес 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қорлары (2Р) м.э. 645 млн. тоннаны (м.э. 4 983 млн барр.) құрады. 2020 жылмен салыстырғанда 2Р қорларының деңгейі 1,8%-ға өсті. Көрсеткіштердің артуы негізінен Өзен, Қашаған кен орындарының КСШ қорларын қайта есептеуін қоса алғанда, көмірсутектер қорларын басқару бойынша орындалған кешенді іс-шараларына, сондай-ақ макроэкономикалық өлшемдердің жақсаруына (мұнай бағасының өсуі) байланысты болды.

Дәлелденген қорлардың (1P) еселігі 16,5 жылды құрайды, бұл әлемдегі ең ірі халықаралық мұнай компаниялары арасындағы орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары – 11 жылға жуық.

Таза қорларНетто қорлар басқа тараптарға тиесілі барлық үлестерді шегергеннен кейін (1) ҚМГ қатысу үлесіне, сондай-ақ (2) ҚМГ-ге тиесілі емес, бірақ ҚМГ бақылайтын үлестерге жататын барлық қорлардың бір бөлігі ретінде айқындалады. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша PRMS бойынша
Көміртектер, м.э. млн баррелі
Дәлелденген (1P)
Дәлелденген плюс ықтимал (2P)
Дәлелденген плюс ықтимал плюс қисынды (3P)
Көміртектер, м.э. млн тоннасы
Дәлелденген (1P)
Дәлелденген плюс ықтимал (2P)
Дәлелденген плюс ықтимал плюс қисынды (3P)