2021 жылға арналған КБК сақтау туралы есеп
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2021 жылғы жылдық есебіне қосымша
«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерінің сақталуы / сақталмауы туралы
Осы есеп ҚМГ кодексінің 6-тармағын орындау үшін дайындалды және ҚМГ-ның ҚМГ Кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтауы / сақтамауы туралы ақпаратты қамтиды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ жалпы төмендегі аспектілер ескеріліп, ҚМГ Кодексінің ережелері мен қағидаттарына сәйкес келді:
-
ҚМГ Кодексінің 2-бөлімі 1-тарауының 2-тармағына сәйкес «Қордың Ұйымдары үшін активтердің оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету ұсынылады. Холдингтік компанияда бас компания акционерлік қоғам түрінде құрылуы мүмкін. Қалған ұйымдарды жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құру ұсынылады. Акционерлік қоғам түрінде құрылған ұйымдарда экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілерді және Қор тобының мүдделерін қамтамасыз етуді ескере отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестік түріне қайта ұйымдастыру мүмкіндігін қарау ұсынылады. Жаңа ұйымдарды құру кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік қолайлы ұйымдық-құқықтық нысан болып табылады. Акционерлік қоғам түрінде жаңа ұйымдарды құруға ұйымның акцияларын қор нарығында одан әрі жоспарланған сату сияқты ерекше жағдайларда жол беріледі»
Кодекстің осы талаптарын ҚМГ есепті кезеңде жалпы сақтады. ҚМГ активтердің құрылымын оңтайландыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. ҚМГ жаңа заңды тұлғаларды құру кезінде оларды ҚМГ Кодексінде ұсынылғандай жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құруды жөн көреді. 2021 жылы акционерлік қоғам нысанында заңды тұлғалар құрылмады, акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында заңды тұлғалар етіп қайта ұйымдастыру жүргізілген жоқ. Сонымен қатар, ҚМГ тобы активтерінің құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыс бекітілген жоспарларға / бағдарламаларға сәйкес жалғасатын боладыҚМГ тобындағы заңды тұлғаларды қысқарту жекешелендіру бағдарламалары мен дивестициялар аясында жүргізіледі. 2020 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №908 қаулысымен Жекешелендіру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді, оған ҚМГ тобының 51 компаниясы, оның ішінде ҚМГ IPO периметріне енген 22 компания енгізілді..
2021 жылғы 9 желтоқсанда Директорлар кеңесінің шешімімен 2021 жылғы 4 қарашада бекітілген ҚМГ құрылымынан шығаруға жататын ҚМГ стратегиялық емес активтерінің тізбесіне (бұдан әрі - СЕА тізбесі) өзгерістер енгізілді. СЕА тізбесіне сәйкес 47 актив 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде сату, тарату/қайта ұйымдастыру жолымен құрылымнан шығаруға жатады
2021 жылғы 9 қарашада ҚМГ мен Қор арасында жасалған 2021 жылғы 3 қарашадағы «ҚазТрансГаз» АҚ (бұдан әрі - ҚТГ) 100% жай акцияларын сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес ҚТГ акциялары Қорға берілді.
2021 жылы ҚМГ сатқан / таратқан активтердің саны: сатылғаны – ҚТГ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарын ескере отырып, 20 компания, таратылғаны - 6 компания.
2021 жылғы 9 қарашада «Татнефть» ЖАҚ-пен бірлесіп ҚМГ каучук өндірісі бойынша жобаны жүзеге асыру мақсатында «Бутадиен» ЖШС-дағы 25% қатысу үлесін сатып алды.
-
ҚМГ кодексінің 2-бөлімі 1-тарауының 14-тармағына сәйкес «Қордың және ұйымдардың Директорлар кеңестері іскерлік этика стандарттарын енгізуді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Қордың және ұйымдардың барлық лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері іскерлік этика кодексімен танысу туралы өтінішке қол қоюға және Кодекс туралы өз білімдерін жүйелі түрде растауға тиіс .
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ Кодексінің осы талаптары жалпы сақталды. ҚМГ бизнесті жүргізудегі адалдық, шынайылық және ашықтық қағидаттарын ұстанады және әріптестеріміз бен серіктестеріміздің осы Қағидаларды сақтауына ерекше назар аударады. Осы міндет аясында ҚМГ-да Іскерлік этика кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, Мүдделер қақтығысын реттеу саласындағы саясат, Контрагенттердің сенімділігін тексеру саясаты бекітілді.
Компания жыл сайын жаңадан қабылданған, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді Компания қызметкерлерінен күтілетін этикалық стандарттар мен міндеттемелерді сақтау және мінез-құлық тұрғысынан оқытуды жүргізіп отырады. Осылайша, 2021 жылы компания қызметкерлері үшін комплаенс мәселелері бойынша онлайн оқыту жүргізілді, оның барысында қолданыстағы заңнаманың талаптары, Компания саясатының негізгі комплаенсі баяндалды, сондай-ақ комплаенс талаптарын бұзу салдары бойынша әлемдік практикадан мысалдар келтірілді. Бұдан басқа, қызметкерлер жазбаша түрде іскерлік этика кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясатты сақтау бойынша міндеттемелер қабылдайды. Бұл ретте ҚМГ компаниялар тобының барлық қызметкерлерінің Іскерлік этика кодексімен танысуы туралы өтініштерге қол қою бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
-
ҚМГ Кодексінің 2-бөлімі 3-тарауының 5-тармағына сәйкес «Тұрақты даму төмендегілерген:
- басқару жүйесіне;
- даму стратегиясына;
- тәуекелдерді басқаруды, жоспарлауды (ұзақ мерзімді (стратегия), орта мерзімді (5 жылдық даму жоспары) және қысқа мерзімді (жылдық бюджет) кезеңдерді) қоса алғанда, есептілік, тәуекелдерді басқару, адами ресурстарды басқару, инвестициялар, операциялық қызмет және басқалар, сондай-ақ органдардан бастап барлық деңгейлерде (акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер), директорлар кеңесі, атқарушы орган) шешімдер қабылдау процестеріне қатысып, қатардағы қызметкерлермен аяқталатын негізгі процестерге интеграциялануы тиіс»
Кодекстің осы талабын ҚМГ есепті кезеңде жалпы сақтады. ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен 2020 жылы орнықты даму саласындағы басқару жүйесі жөніндегі нұсқама бекітілді, ол мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл процесін ұйымдастыруды, орнықты даму қағидаттарын түйінді процестерге интеграциялауды және мониторингті, орнықты даму бойынша жыл сайынғы есептілікті дайындауды, орнықты даму, орнықты даму бойынша мәдениетті дамыту мен қолдау, тәуекелдерді анықтау жне бағалау, құжаттаманы басқару саласындағы басым бағыттарды (бастамаларды) іске асыру, орнықты даму саласындағы нәтижелілікті өлшеу сипаттамасын қамтиды. Сонымен қатар, орнықты дамуды түйінді процестерге интеграциялау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
-
Кодекстің 2-бөлімі 4-тарауының 2-тармағына сәйкес «Ұйымда акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының жұмыс регламенті әзірленуге тиіс, онда күн тәртібінің мәселелерін тиісінше талқылау және шешімдер қабылдау, лауазымды адамдардың сөз сөйлеуі және өзге де мәселелер көзделетін акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысын өткізу тәртібі белгіленеді.» .
ҚМГ 100% мемлекетке тиесілі болғандықтан, ҚМГ Акционерлерінің жалпы жиналысының функцияларын қазіргі уақытта Қордың Басқармасы және/немесе Басқарма төрағасы жүзеге
асырадыМыналарға: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 35-бабының 5-тармағына; «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына; Қор Басқармасының 2009 жылғы 1 маусымдағы шешімімен, № 59/09 хаттама, бекітілген Олар бойынша шешімдерді Қор Басқармасы немесе Басқарма төрағасы қабылдайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Жарғыға сәйкес акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының немесе оған қатысты Қор акционер, қатысушы болып табылатын немесе мүліктегі үлеске құқығы бар өзге де заңды тұлғаның құзыретіне жататын компанияның немесе өзге заңды тұлғаның қызметі мәселелерінің тізбесіне сәйкес жұмыс жүргізілуде. . Осыған байланысты, қазіргі уақытта мұндай регламент жоқ, бірақ ҚМГ-ның IPO-ға шығуын және қолданылатын листингтік талаптарды ескере отырып, акционерлердің жалпы жиналысы туралы ережені әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. -
Кодекстің 2-бөлімі 5-тарауының 6-тармағына сәйкес «Акциялардың 100%-ы Қорға тиесілі компанияларда Директорлар кеңесінің мүшесін іздеудің және сайлаудың мынадай процесі бар:
- Қор компанияның Директорлар кеңесінің төрағасымен, Компанияның Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің төрағасымен бірлесіп мыналарды дайындауды және жоспарлауды: Компанияның міндеттерін ескере отырып, Директорлар кеңесінде қажетті құзыреттер мен дағдылар жиынтығын талдауды және айқындауды жүргізеді;
- кандидаттарды іздеу арнасын – дербес немесе рекрутингтік ұйымды тарта отырып айқындайды;
- кандидаттарды іздеуді жүзеге асырады;
- кандидаттарды іріктеуді жүргізеді: кандидаттар бойынша бағалау, сұхбат және ұсыныстар дайындау (компаниялардың директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттар Қордың Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің кемінде бір мүшесімен талқыланады);
- Жалғыз акционердің шешім қабылдауы;
- компанияның интернет-ресурсында ақпарат жариялау, баспасөз релизі.
Холдингтік компаниялар өз тобында ұқсас процесті қолданады.».
Кодекстің осы талабын ҚМГ есепті кезеңде жалпы сақтады. ҚМГ тобының компанияларына қатысты ҚМГ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылары жөніндегі комитетті тартуды қоспағанда, ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарында Директорлар кеңесінің мүшелерін іздеу және іріктеу процесін ұқсас түрде регламенттейтін құжат бар. Бұл 2021 жылы ҚМГ-ның 2022-2031 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясының қабылдануына байланысты, оған сәйкес активтерді басқарудың холдингтік моделіне көшу көзделген.
-
Кодекстің 2-бөлімі 5-тарауының 6-тармағына сәйкес «Қор мен ұйымдар қызметтің үздіксіздігін қолдау және Директорлар кеңесінің құрамын прогрессивті жаңарту үшін Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастық жоспарларының болуын қамтамасыз етуі қажет.» .
Кодекстің осы талабы ҚМГ-да жалпы есепті кезеңде сақталды. ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету саясаты және 2021-2024 жылдарға арналған ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету жоспары ҚМГ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі шешімімен (№5/2021 хаттама) бекітілді. Бұл ретте 2021-2024 жылдарға арналған ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету жоспарында ҚМГ Директорлар кеңесінің бос жұмыс орындарына үміткерлер (кандидат) тізімі жоқ. ҚМГ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 6 сәуірдегі шешімімен (№ 6/2022 хаттама) аталған 2021-2024 жылдарға арналған ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету жоспарына өзгертулер мен толықтырулар бекітілді. Бұл өзгерістер мен толықтырулар, басқалармен қатар, Директорлар кеңесінің тәуелсіз директор лауазымына кандидат туралы ақпараттың ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету жоспарына енгізілуімен байланысты болды. ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидат тізімін толықтыру арқылы ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету жоспарын жаңарту 2022 жылға жоспарланған.
-
Кодекстің 2-бөлімі 5-тарауының 7-тармағына сәйкес «Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін лауазымға енгізу бағдарламасын және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі үшін кәсіби даму бағдарламасын бекітеді».
Кодекстің осы талабын ҚМГ есепті кезеңде жалпы сақтады. ДК жаңа мүшелері үшін лауазымға енгізудің бекітілген бағдарламасы бар, ҚМГ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі шешімімен (№5/2021 хаттама) 2021 жылға арналған оқу жоспары бекітілді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің өзін-өзі бағалау нәтижелерін ескере отырып, 2022 жылы кәсіптік даму бағдарламасын бекіту жоспарланған.
-
Кодекстің 2-бөлімі 5-тарауының 10-тармағына сәйкес «Ұйымның Директорлар кеңесінің мүшесіне сыйақы белгілеу Қор әзірлейтін әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте ұйым үшін осы тұлғаның Директорлар кеңесінің құрамына қатысуынан күтілетін оң әсер назарға алынуға тиіс».
Кодекстің осы талабын ҚМГ есепті кезеңде жалпы сақтады, ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақыны Қорда қабылданған әдіснамаға сәйкес Қор белгіледі.
-
Кодекстің 2-бөлімінің 5-тарауының 12-тармағына сәйкес «Директорлар кеңесінің отырыстарын өткізудің ұсынылатын кезеңділігі жылына 8-12 отырысты құрайды.».
Кодекстің осы талабын ҚМГ есепті кезеңде жалпы сақтады - 2021 жылы 11 кезекті отырыс жоспарланып, өткізілді. Сонымен қатар кезектен тыс 8 отырыс өтті.
-
Кодекстің 2-бөлімі 5-тарауының 15-тармағына сәйкес «Корпоративтік хатшыға қатысты ұйымда лауазымға енгізу және сабақтастықты жоспарлау бағдарламасы әзірленеді.».
Кодекстің осы талапты ҚМГ есепті кезеңде сақтамады. Есепті кезеңде Корпоративтік хатшы қызметі корпоративтік басқаруды жетілдіру шеңберінде Компанияның бірінші кезектегі міндеттеріне шоғырланды, ал бөлімшенің жекелеген тікелей іс-шаралары Сovid-19-ға байланысты ресурстардың жеткіліксіздігі себебінен кейінге қалдырылды. Корпоративтік хатшыға қатысты лауазымға енгізу және сабақтастықты жоспарлау бағдарламасын әзірлеу жөніндегі іс-шаралар Корпоративтік хатшы қызметінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына енді.
-
Кодекстің 2-бөлімінің 6-тарауының 3-тармағына сәйкес «Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау функциясына жетекшілік ететін басшы тәуекелдің иесі болмауы ұсынылады, бұл оның тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз етеді. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі функцияларды экономикалық жоспарлауға, корпоративтік қаржыландыруға, қазынашылыққа, инвестициялық шешімдер қабылдауға байланысты функциялармен қоса атқаруға тыйым салынады. Егер мүдделердің елеулі қақтығысы туындамаса, басқа функциялармен біріктіруге жол беріледі.».
Кодекстің осы талабын ҚМГ есепті кезеңде жалпы сақтады. ҚМГ-ның қолданыстағы ұйымдық құрылымына сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі (бұдан әрі – ТБ және ІБҚ) Басқарма төрағасының стратегия, инвестициялар және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады. ТБ және ІБҚ басшысы бірде-бір тәуекелдің иесі болып табылмайды және, тиісінше, мүдделер қақтығысы жоқ. Бұдан басқа, Атқарушы органның жанындағы Комитеттерге ТБ және ІБҚ басшысының тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшенің өкілі ретінде толыққанды дауыс беру құқығымен дербес және тәуелсіз қатысуы қамтамасыз етілді.
-
Кодекстің 2-бөлімі 7-тарауының 6-тармағына сәйкес «Интернет-ресурста ең кем дегенде мынадай ақпарат болуы тиіс:
- мәміленің тараптары, мәміленің елеулі талаптары (мәміленің нысанасы, мәміленің бағасы), мәмілені мақұлдау туралы шешім қабылдаған орган туралы мәліметтерді қоса алғанда, жасалуына мүдделілік бар мәмілелер туралы ақпарат;
- мәміленің тараптары (мәміленің нысанасы, мәміленің бағасы), мәмілені мақұлдау туралы шешім қабылдаған орган туралы мәліметтерді қоса алғанда, ірі мәмілелер туралы ақпарат».
Кодекстің осы талабын ҚМГ есепті кезеңде жалпы сақтады. 2021 жылдан бастап ҚМГ корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылатын ҚМГ Жылдық есебіне «Ірі мәмілелер және жасалуында мүдделілік бар мәмілелер туралы мәліметтер» бөлімі енгізілді.