Қызметкерлер саны
ҚМГ компанияларының тобы қызметін жүзеге асыратын өңірлерде 47 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. 2021 жылдың соңына қарай ҚМГ компанияларының тобы бойынша қызметкерлердің нақты саны 47 437 адам болды, оның ішінде штаттық қызметкерлер — 44 650 адам, аутстаффинг — 2 787 адам. Көрсетілген қызметкерлердің санында 2021 жылғы 9 қарашада негізгі акционер «Самұрық-Қазына» АҚ-ға берілуіне байланысты 11 242 адам жұмыс істейтін «ҚазТрансГаз» АҚ («QazaqGaz» ҰК АҚ) қызметкерлері есепке алынбағанын атап өткен жөн.
Компания қызметінің бағыты ауыр, қауіпті және зиянды еңбек жағдайларымен байланысты екенін ескере отырып, ерлердің үлесі 82%, әйелдердің үлесі - 18%-ды құрайды. Персоналдың жалпы санындағы өндірістік персоналдың үлесі 92%-, әкімшілік-басқару персоналының үлесі 8%-ды құрайды.
Жас санаты бойынша қызметкерлердің негізгі үлесі 31-ден 50 жасқа дейінгі топта ұсынылған — 59%, бұл ретте ерлердің үлесі 81%-, әйелдердің үлесі 19%-ды құрайды.
50 жастан асқан қызметкерлер саны персоналдың жалпы санының 29%-ды құрайды, бұл ретте ерлердің үлесі — 81%, әйелдердің үлесі - 19%.
Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|---|
ҚМГ компаниялары тобында еңбек ететіндердің нақты саны (шоғырландыру) | Адам | 61 587 | 60 173 | 47 437 |
Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|---|
Ерлер | % | 82 | 81 | 82 |
Әйелдер | % | 18 | 19 | 18 |
Өндірістік персонал | % | 91 | 92 | 92 |
Әкімшілік-басқару персоналы | % | 9 | 8 | 8 |
31 жастан 50 жасқа дейінгі қызметкерлер, оның ішінде: | % | 58 | 60 | 59 |
| % | 80 | 80 | 81 |
| % | 20 | 20 | 19 |
50 жастан асқан қызметкерлер, оның ішінде: | % | 27 | 28 | 29 |
| % | 82 | 82 | 81 |
| % | 18 | 18 | 19 |
30 жасқа дейінгі қызметкерлер, оның ішінде: | % | 14 | 12 | 12 |
| % | 85 | 83 | 86 |
| % | 15 | 17 | 14 |
Ашылған жұмыс орындары | бірлік | 385 | 961 | 945 |
Орташа тізімдік санынан | % | 0,6 | 1,6 | 2,1 |
Еңбек қатынастары тоқтатылғандар | адам | 4 512 | 3 513 | 2 757 |
Барлық деңгейдегі басшылық құрам, оның ішінде: | % | 11 | 11 | 11 |
| % | 83,5 | 82 | 82 |
| % | 16,5 | 18 | 18 |
ҚМГ компаниялары тобы бойынша тұрақтамау коэффициенті | % | 7 | 6 | 6 |
30 жасқа дейінгі жастардың үлесі персоналдың жалпы санының 12%-ды құрайды, бұл ретте ерлердің үлесі — 86%, әйелдердің үлесі - 14%.
2021 жылы құрылған жұмыс орындарының саны 945 бірлікті немесе орташа тізімдік санның 2,1%-ды құрайды. Есепті кезеңде еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлер саны 2 757 адамды құрады.
Барлық деңгейдегі басшылық құрамына кіретін қызметкерлердің үлесі - қызметкерлердің жалпы санының 11%, оның ішінде әйелдер — 18% (2020 жылы — 18%), ерлер — 82% (2020 жылы — 82%). ҚМГ компанияларының тобы бойынша 2021 жылы тұрақтамау коэффициенті 6%-ды (2020 жылы - 6%) құрады.
ҚМГ компанияларының тобы бойынша 2021 жылы тұрақтамау коэффициенті 6%-ды (2020 жылы - 6%) құрады.