БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын және тұрақты дамудың 17 басты мақсатын ұстану

ҚМГ-ның Орнықты даму мәселелеріне деген көзқарасы Компанияның мүдделері мен жоспарларының БҰҰ-ның негізгі қағидаттарымен, жалпы адамзаттық құндылықтармен, жаһандық үрдістермен және Қазақстанның даму басымдықтарымен сәйкестігіне негізделген.

ҚМГ БҰҰ Жаһандық шартының барлық 10 қағидатын ұстанады.

  • №1-қағидат. Іскерлік орта Халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қолдап, құрметтеуі тиіс.
  • №2-қағидат. Іскерлік орта адам құқықтарының бұзылуына қатыспауы тиіс.
  • №3-қағидат. Іскерлік орта бірлестік бостандығын және ұжымдық шарттар жасасу құқығын нақты мойындауды қолдауға міндетті.
  • №4-қағидат. Іскерлік орта мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық нысандарын жоюды қолдауы тиіс.
  • №5-қағидат. Іскерлік орта балалар еңбегін толығымен жоюды қолдауға міндетті.
  • №6-қағидат. Іскерлік орта еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдауы тиіс.
  • №7-қағидат. Іскерлік орта сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты сақтауы тиіс.
  • №8-қағидат. Іскерлік орта қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс.
  • №9-қағидат. Іскерлік орта экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуы мен таралуына жәрдемдесуі қажет.
  • №10-қағидат. Іскерлік орта сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұруы тиіс.

Сонымен қатар, ҚМГ орнықты дамудың барлық 17 жаһандық мақсатын ұстанады. Бұл ретте Компания 2025 жылға дейін оның алты бағытына басымдық береді. ҚМГ-ның операциялық және күнделікті жұмысына енгізілген бастамалардың тізбесі 2021 жылы оларды іске асыру бойынша прогресс болып табылады.

ҚМГ-ның тұрақты даму мақсаттарын іске асыру
Тұрақты даму мақсаттары Басым міндеттер ҚМГ үлесі
Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдар үшін әл-ауқатқа ықпал ету.

3.6. 2020 жылға қарай бүкіл әлемде жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын адам өлімі мен жарақат алу санын екі есе азайту «Сапарларды басқару» жобасы
Көлік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, қауіпсіз жүргізу мәдениетін және бірыңғай орталықтандырылған цифрлық платформаны құру мақсатында, «Ембімұнайгаз» АҚ-та «Сапарларды басқару» пилоттық жобасы іске асырылды, оны 2022 жылдан бастап ҚМГ-ның басқа еншілес және тәуелді ұйымдарында тарату жоспарланып отыр.

НӘТИЖЕСІ
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның 418 көлік құралы GPS терминалдарынан жылдамдық режимі, жүргізушінің қауіпсіздік белдігін пайдалануы, фараларды қосу, оқыс жеделдету және тежеу бойынша бақылауға алынды.
3.8. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды, оның ішінде қаржылық тәуекелдерден қорғауды, сапалы негізгі медициналық-санитариялық қызметтерге қол жеткізуді және барлығына қауіпсіз, тиімді, сапалы және арзан негізгі дәрілік заттар мен вакциналарға қол жеткізуді қамтамасыз ету Персоналдың денсаулығын басқару
ҚМГ-де қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау және өмір сүру сапасын арттыру мақсатында персоналдың денсаулығын басқару бағдарламасы құрылады, оның негізгі үш бағыты болады:
  • Пандемиямен және оның салдарымен күрес.
  • Кәсіби аурулардың алдын алу.
  • Қызметкерлердің салауатты өмір салтына деген ынтасы мен хабардарлығын арттыру
«Сауықтыруға 10 қадам» бастамасы
Бағдарлама ең алдымен физикалық белсенділікті арттыруға және дұрыс емес тамақтану әдеттерін жоюға бағытталған.

НӘТИЖЕСІ
ҚМГ қызметкерлерінің 100%-ы денсаулықты сақтандыру бағдарламасымен және вакцина алу мүмкіндігімен қамтылған.
3.9. 2030 жылға қарай қауіпті химиялық заттардың, ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануының салдарынан өлім мен аурудың санын едәуір қысқарту Өнеркәсіптік қауіпсіздік (ӨҚ), еңбекті және қоршаған ортаны қорғау (ЕжҚОҚ) талаптарын сақтау бойынша қызметкерлердің көшбасшылығы және бейілділігі жөніндегі кодекс енгізілуде және іске асырылуда.
«Қорғау» картасы қауіпті жағдайды/ қауіпті мінез-құлықты/ қауіпті әрекетті/ қауіпті факторды анықтауға және хабардар етуге бағытталған.

НӘТИЖЕСІ
2021 жылы қауіпті химиялық заттардың әсерінен және ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануынан бірде-бір өлім мен ауру тіркелген жоқ.
Толығырақ ақпарат «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау» бөлімінде көрсетілген. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау»
Барлық адамға қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету

7.1. 2030 жылға қарай арзан, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету Топтың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары - технологиялық жабдықты жаңғырту, энергия үнемдеу технологияларын енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ жеке генерациялау көздерін, оның ішінде ЖЭК пайдалана отырып дамыту.
2031 жылға дейінгі Төменкөміртекті дамыту бағдарламасы бекітілген.
7.b. 2030 жылға қарай дамушы елдерде, атап айтқанда анағұрлым төмен дамыған елдерде, шағын аралдық дамушы мемлекеттерде және теңізге шыға алмайтын дамушы елдерде олардың тиісті қолдау бағдарламаларын ескере отырып, барлығын заманауи және орнықты энергиямен жабдықтау үшін инфрақұрылымды кеңейту және технологияларды жаңғырту ЖЭК жобаларын дамыту:
  • мегаваттық класты ЖЭК жобалары;
  • коммуналдық-тұрмыстық секторда пайдалануға арналған ЖЭК жобалары;
  • өндірістің технологиялық цикліне енгізілетін ЖЭК жобалары;
  • «жасыл» электр энергиясын сатып алу.
НӘТИЖЕСІ
2031 жыл:
  • энергетикалық менеджмент қызметтерімен ЕТҰ-ны 100% қамту
  • энергия сыйымдылығын 2019 жылғы деңгейден 10%-ға төмендету
  • 15% - ҚМГ электр тұтыну балансындағы ЖЭК үлесі
Толығырақ ақпарат «Төменкөміртекті дамыту бағдарламасы» бөлімінде көрсетілген. «Төменкөміртекті дамыту бағдарламасы»
Тұрақты, жан-жақты және орнықты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмыс істеуге жәрдемдесу

8.5. 2030 жылға қарай барлық әйелдер мен ерлер, оның ішінде жастар мен мүгедектер үшін толық және өнімді жұмыспен қамтуды және лайықты жұмысты және құндылығы бірдей еңбек үшін тең ақы төлеуді қамтамасыз ету «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобына көпфункционалды жалпы қызмет көрсету орталығын құру» жобасы
ҚМГ компаниялары тобындағы жалпы қосалқы процестерді ҚМГ тобының жекелеген компанияларынан шығару және орындау үшін бірыңғай қызмет көрсету орталығына ауыстыру есебінен өнімділікті арттыруға (шығындарды азайту, клиенттердің қанағаттануы (сапа, мерзімдер), ашықтық, басқарылу, анық деректерді талдау) бағытталған.
ҚМГ бизнесі күнделікті және қайталанатын функциялардан арылады, қосылған құны жоғары негізгі процестерге шоғырланады.

НӘТИЖЕСІ
2024 жыл: ҚМГ-ның 26 компаниясының функциялары ЖҚКО-ға ауыстырылды
8.6. 2020 жылға қарай жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби дағдыларға ие болмайтын жастардың үлесін едәуір қысқарту «Жас Өркен»
ҚМГ компанияларының тобында жас мамандарды ротациялаудың «Жас Өркен» бағдарламасы қолданылуда. «Жас Өркен» бағдарламасының мақсаты - Қазақстанның дарынды жастарын дамыту.

НӘТИЖЕСІ
«Жас Өркен» бағдарламасы бойынша 2021 жылы ҚМГ компанияларының тобы бойынша жобаға 17 қатысушы тағылымдамаға қабылданды
8.8. Еңбек құқықтарын қорғау және еңбекші көшіп-қонушыларды қоса алғанда, барлық еңбекшілер, әсіресе көшіп-қонушы әйелдер мен тұрақты жұмыспен қамтылмаған адамдар үшін сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу Әлеуметтік қолдау көрсетудің үлгілік қағидалары
ҚМГ ЕТҰ-ның қызметкерлерін әлеуметтік қолдау олардың ұжымдық шарттарында және әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларында белгіленеді. ҚМГ компаниялар тобының барлық кәсіпорындары бойынша әлеуметтік қолдаудың түрлері мен нормаларын біріздендіру мақсатында, ҚМГ ЕТҰ-ның қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің үлгілік қағидалары қабылданды.
Толығырақ ақпарат «Персоналды дамыту» бөлімінде көрсетілген. «Персоналды дамыту»
Тұрақты инфрақұрылым құру, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу

9.1. Экономикалық даму мен адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында, баршаға арналған арзан және тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аудара отырып, өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, орнықты және тұрақты инфрақұрылымды дамыту ҚМГ цифрлық трансформациясының бағдарламасы ғылыми зерттеулерді кеңейтуге, өнеркәсіптік секторлардың технологиялық мүмкіндіктерін жетілдіруге ықпал етеді. ҚМГ ғылыми зерттеулерге және осы саладағы жергілікті әлеуетті арттыруға қомақты қаражат инвестициялайды. Өнеркәсіптік әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін отандық технологиялық қуаттарды дамыту елдегі климаттық жағдайға да оң әсер етеді.

«ABAI АЖ ақпараттық жүйесін әзірлеу» жобасы
ҚМГ тобының барлық өндірістік ақпаратын Big Data платформасындағы бірыңғай дерекқорда орталықтандыруды, сондай-ақ жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдана отырып, оны өңдеуді және талдауды көздейді.
ABAI ақпараттық жүйесі - 20 автономды модуль, олардың әрқайсысы нақты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған.

НӘТИЖЕСІ
ABAI 5 пилоттық модулі әзірленді және сыналды:
  • «ABAI деректер базасы»;
  • «Визуализация орталығы»;
  • «Қиыншылықтар мониторингі»;
  • «Технологиялық режим»;
  • «Терең сорғы жабдықтарын таңдау».
Толығырақ ақпаратты «Цифрландыру және трансформация» бөлімінен оқи аласыз.
9.4. 2030 жылға қарай инфрақұрылымды жаңғырту және өнеркәсіптік кәсіпорындарды ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза және экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процестерді анағұрлым кеңінен қолдану есебінен барлық елдердің жеке мүмкіндіктеріне сәйкес олардың қатысуымен орнықты ете отырып, қайта жабдықтау 2031 жылға дейінгі Төменкөміртекті дамыту бағдарламасы бекітілген.

НӘТИЖЕСІ
2031 жыл:
  • Энергетикалық менеджмент қызметтерімен ЕТҰ-ны 100% қамту
  • энергия сыйымдылығын 2019 жылғы деңгейден 10%-ға төмендету
Толығырақ ақпарат «Төменкөміртекті дамыту бағдарламасы» бөлімінде көрсетілген.
Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес жөнінде шұғыл шаралар қабылдау

13.2. Климаттың өзгеруіне ден қою шараларын ұлттық деңгейдегі саясатқа, стратегияларға және жоспарлауға енгізу Төменкөміртекті дамыту
Төменкөміртекті дамыту бойынша жобалау офисі құрылды.
Сутегі энергетикасы және СО2 ұстау, сақтау және өңдеу бойынша құзыреттілік орталығын құру пысықталуда.

Жасыл кеңсе Корпоративтік «жасыл» бағыт белсенді түрде дамып келеді және қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, кеңсе үй - жайларында суды және энергияны үнемдеу және т. б. сияқты «жасыл кеңсе» қағидаттары кезең-кезеңімен енгізілуде.

НӘТИЖЕСІ
2031 жылға қарай:
  • ПГ шығарындыларын 2019 жылғы деңгейден 15%-ға төмендету
  • көміртек сыйымдылығын 2019 жылғы деңгейден 10%-ға төмендету
  • шикі газды алау етіп жағуды мүлдем тоқтату
13.3. Білім беруді, ақпаратты таратуды және адамдар мен мекемелердің климаттың өзгеру күшін жұмсарту және салдарын әлсірету, оларға бейімделу және ерте алдын алу бойынша мүмкіндіктерін жақсарту Шығарындыларды басқару саясаты
Компанияда шығарындыларды басқару саясаты бекітілді. Бұл құжат негізгі сегіз қағидаттан тұратын саясат, олардың алтауы климаттың өзгеруіне тікелей қатысты, тұрақты алауды толығымен тоқтатуға бағытталған.

CDP
Компания көміртек ізін есептейді және CDP (бұрын - Carbon Disclosure Project) ақпараттық алаңында климаттық сауалнаманы орналастырады.

Task Force on Climate-related Financial Disclosures (TCFD)
Климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ақпаратты ашу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының CFD ұсынымдарына сәйкес климаттық тәуекелдерді ашу.

НӘТИЖЕСІ
  • Компанияның экологиялық саясаты бекітілді
  • ҚМГ CDP – «C» климаттық рейтингіне ие болды
Толық ақпарат «Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау».бөлімінде көрсетілген.
Құрлықтың экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері қайтару және биологиялық әртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату.

15.3. 2030 жылға қарай шөлейттенуге қарсы күрес жүргізу, шөлейттену, құрғақшылық және су тасқыны әсер еткен жерлерді қоса алғанда, тозған жерлер мен топырақты қалпына келтіру және бүкіл әлемде жердің жағдайын нашарлатпауға ұмтылу ҚМГ ластаушы заттардың төгінділерін азайтуға және табиғи көздерден су алуды азайтуға бағытталған мынадай жобалар мен іс-шараларды іске асыруда:

CDP
Компания су ізін есептейді және CDP алаңында су қауіпсіздігі жөніндегі сауалнаманы орналастырады.

TAZALYQ
АМӨЗ Атырау қаласының қоршаған ортасын жақсартуға бағытталған TAZALYQ ауқымды экологиялық жобасын іске асыруда.

Тұщыландыру зауыттарын салу
Қабат суын тұщыту зауыты Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешудегі бірегей жоба болып табылады. Зауыт өңірді дамыту үшін жылына кем дегенде 6,2 млн. м3 көлемінде Еділ суының көлемін босатады.
Маңғыстау облысының «Кендірлі» демалыс аймағы ауданындағы тұщыландыру зауыты. Болжамды қуаты тәулігіне 50 мың м3 суды құрайды.

Жерді қалпына келтіру
Компанияда «тарихи» мұнай қалдықтарын қалпына келтіру және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

НӘТИЖЕСІ
TAZALYQ: Жайық өзенінен су алуды 10%-ға төмендету, зауытта тазартылған зауыт ағындарын қайта пайдалану – 15%
2024 жыл: «Тарихи» мұнай қалдықтарын толық жою, Компанияның мұнаймен ластанған аумақтарын тазарту және қалпына келтіру
15.5. Табиғи мекендеу ортасының деградациясын тежеу жөнінде маңызды шараларды дереу қабылдау, Биологиялық әртүрліліктің жоғалуын тоқтату және 2020 жылға қарай жойылу қаупі бар түрлердің сақталуын және жойылуын болдырмауды қамтамасыз ету Орман-климаттық жобалар
ҚМГ-ның 2031 жылға дейінгі төменкөміртекті дамыту бағдарламасының шеңберінде құрлық экожүйелерін сақтауға қолайлы әсер ететін орман-климаттық жобаларды іске асыру жоспарлануда.
«Ембімұнайгаз» АҚ пен «Атырау МӨЗ» ЖШС көгалдандыру жұмыстарын жүргізе бастады.

Биоалуандылыққа әсер ету салдарын жұмсарту жөніндегі шаралар иерархиясы
Компанияда өндірістік қызметті жоспарлау және жүзеге асыру кезінде негізгі төрт іс-әрекетті ескере отырып, биоалуандылыққа әсер ету салдарын жұмсарту жөніндегі шаралар иерархиясы қолданылады: әлеуетті елеулі тікелей әсер етудің алдын алу, азайту, қалпына келтіру және орнын толтыру.

НӘТИЖЕСІ
2031 жыл: 2 000 га алаңда орман-климаттық жобаларды іске асыру.

ҚМГ жыл сайын GRI халықаралық стандарттарына сәйкес тұрақты даму туралы есеп шығарады. 2021 жылға арналған есепті Компанияның веб-сайтынан оқи аласыз

Сондай-ақ Компанияның тұрақты дамуы туралы жыл сайынғы есеп БҰҰ Жаһандық шартының шеңберіндегі
прогресс туралы хабарламамыз болып табылады