Мұнай тасымалдау
ҚМГ көмірсутектерді экспорттық нарықтарға жеткізу бойынша мұнай тасымалдау инфрақұрылымының құрылысын аяқтады. Орта мерзімді перспективада мыналар басымдықта болады:
- ҚМГ мұнай тасымалдау жүйелері бойынша мұнай тасымалдау маршруттарының тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы құрылған қуаттардың жүктемесін арттыру;
- операциялық шығындарды бақылау.
ҚМГ-ның мұнай тасымалының - екі түрі бар - магистральды құбырлар және теңіз флоты.
Құбыр инфрақұрылымы
Қазақстанның құбыр инфрақұрылымы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық оператор — «ҚазТрансОйл» АҚ-ға, оның екі бірлескен кәсіпорнына («Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС және »МұнайТас» СБТК ЖШС), сондай-ақ «Каспий құбыр консорциумына» тиесілі. Қазақстанның қолданыстағы құбыр инфрақұрылымы перспективалы жобалардан мұнай тасымалдау көлемін ұлғайту үшін жеткілікті әлеуетке ие.
"ҚазТрансОйл" АҚ (ҚТО) — Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық оператор. Компания жалпы ұзындығы 5 372 км магистральдық мұнай құбырларының тармақталған желісіне ие, оған еліміздің барлық дерлік мұнай кен орындары қосылған. Компания мұнайды Қазақстанның төрт ірі МӨЗ-ге тасымалдауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ мұнайды «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы экспортқа тасымалдайды, мұнайды ҚБК және «Атасу-Алашанькоу» экспорттық мұнай құбырларына ауыстырып тиеуді, мұнайды Ақтау портындағы танкерлерге және теміржол көлігіне тиеуді жүзеге асырады. Мұнай тасымалдау магистральды мұнай құбырлары арқылы 36 мұнай айдау станцияларымен, 67 мұнай жылыту пештерімен, жалпы көлемі 1,4 млн м3 мұнай сақтауға арналған резервуарлық паркпен қамтамасыз етіледі. ҚТО сондай-ақ «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС, «МұнайТас» СБТК» ЖШС, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «Каспий құбыр арнасы консорциумы-К» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ және «Магистральдық су құбыры» ЖШС магистральды мұнай құбырларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету қызметтерін көрсетеді.
"Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС Атасу-Алашанькоу (ұзындығы 965 км) және Кеңқияқ-Құмкөл (ұзындығы 794 км) мұнай құбырларының иесі болып табылады. ҚҚҚ қазақстандық және транзиттік ресейлік мұнайды Қытайға , сондай-ақ Қазақстанның ішкі нарығына тасымалдауды жүзеге асырады.
«МұнайТас» СБТК» ЖШС 449 км созылған Кеңқияқ-Атырау магистральды құбырын иеленеді. 2018 жылы Компания Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының реверсі жобасын іске асыруға кірісті. Мақсаты – Батыс Қазақстан мұнайын Қазақстан Республикасының МӨЗ-деріне жеткізуді қамтамасыз ету және Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында мұнай өндіру көлемінің төмендеуін теңдестіру, сондай-ақ Қытайға экспорт көлемін жылына 6 млн тоннаға дейін қамтамасыз ету. Жоба құны - 30,9 млрд теңге. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап «Аман» МАС арқылы жылына 6 млнтоннаға дейінгі көлемде кері бағытта мұнай айдау мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
Көрсеткіш | Магистралды құбырлармен тасымалдау | Теңіз флотымен тасымалдау | |||
---|---|---|---|---|---|
Басқарушы компания | ҚазТрансОйл (ҚТО) | Қазақстан-Қытай құбыры (ҚҚҚ) | МұнайТас (МТ) | Каспий құбыр арнасы консорциумы (КҚК) | Қазақтеңізкөлікфлоты (ҚТКФ) |
ҚМГ үлесі | ҚМГ: 90%Акциялардың 10% - ы оларды Халықтық IPO бағдарламасы шеңберінде сатып алған миноритарлық акционерлерге тиесілі. | ҚТО: 50% | ҚТО: 51% | ҚМГ: 20,75% | ҚМГ: 100% |
Негізгі бағыттар | Еуропа мен Қытайға экспорт, ішкі нарық | Қытайға экспорт, ішкі нарық | Қытайға экспорт, ішкі нарық | Еуропаға экспорт | Еуропаға экспорт |
Негізгі маршруттар | Қазақстанның МӨЗ-дері ; Өзен-Атырау-Самара; Ақтау порты; КҚК және Атасу-Алашанькоу жүйелеріне мұнайды ауыстырып тиеу | Атасу — Алашанькоу; Кеңқияқ — Құмкөл | Кеңқияқ — Атырау | Теңіз — Новороссийск | Қара теңіз; Жерорта теңізі; Каспий теңізі |
Жалпы ұзындығы, км | 5 372 | 1 759 | 449 | 1 510 | Н. п. |
Қуаты, жылына млн тонна | 17,5 Атырау Самара учаскесінің қуаты. 5,2 Ақтау портының қуаты (кто айлақтары, құю). | 20,0 | 6,0 | 67,0 | Н. п. |
"Каспий құбыр желісі консорциумы" (КҚК)— Ресей, Қазақстан, сондай-ақ саланың жетекші компаниялардың қатысуымен ұзындығы 1 510 км магистральдық құбыр салу және пайдалану үшін құрылған халықаралық мұнай тасымалдау жобасы (оның ішінде 452 км - қазақстандық учаске). КҚК мұнай құбыры қазақстандық мұнайды экспорттық жеткізудің басым бағыттарының бірі болып табылады және Қазақстандық Теңіз мұнай кен орнын Қара теңіздегі (Новороссийск портына жақын) "Южная Озереевка" мұнай терминалымен байланыстырады. Мұнай тасымалдау КҚК мұнай құбыры бойынша 15 мұнай айдау станцияларымен, жалпы көлемі 1,3 млн м3 мұнай сақтауға арналған резервуарлық паркпен және шығарылатын үш айлақтық құрылғымен қамтамасыз етіледі.
2019 жылы Теңіз бен Қашаған кен орындарында мұнай өндірудің алдағы ұлғаюына байланысты КҚК акционерлері қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемін жылына 72,5 млн тоннаға дейін ұлғайту үшін құбыр жүйесінің тар жерлерін жою жобасын іске асыру туралы шешім қабылдады. Жобаны іске асыру мерзімі 2019-2023 жылдар, жобаның құны — 600 млн АҚШ доллары. Қаржыландыру КҚК-ның өз қаражаты есебінен көзделеді.
Магистральды құбырлармен мұнай тасымалдау
2021 жылы ҚМГ үлесіне магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 0,8%-ға аздап ұлғайды және 64 710 мың тоннаны құрады. Өсім ішкі нарықта қажетті өңдеу көлемін қамтамасыз ету үшін қазақстандық МӨЗ бағытында ішкі тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты. Бұл ретте, ОПЕК+ келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша жер қойнауын пайдаланушылар қабылдаған міндеттемелерге және жетілген кен орындарында өндіру деңгейінің табиғи төмендеуіне байланысты мұнайды экспорттық тасымалдау көлемі төмендеді.
Компания | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл (100 % ) | 44 463 | 42 298 | 41 224 |
экспорт | 17 567 | 16 699 | 14 296 |
транзит | 9 979 | 9 989 | 9 989 |
ішкі нарық | 16 917 | 15 610 | 16 939 |
Қазақстан-Қытай құбыры (100%) | 16 200 | 15 883 | 17 412 |
экспорт | 859 | 571 | 967 |
транзит | 9 979 | 9 979 | 9 979 |
ішкі нарық | 5 362 | 5 333 | 6 465 |
МұнайТас (100%) | 3 232 | 3 321 | 4 273 |
экспорт | 1 998 | 1 595 | 1 572 |
ішкі нарық | 1 234 | 1 726 | 2 701 |
Каспий құбыр желісі консорциумы (100%), экспорт | 63 256 | 59 027 | 60 728 |
Компания | Экспорт | Транзит | Ішкі нарық |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл | 35 | 24 | 41 |
Қазақстан-Қытай құбыры | 6 | 57 | 37 |
МұнайТас | 37 | Н. п. | 63 |
Каспий құбыр желісі консорциумы | 100 | Н. п. | Н. п. |
Компания | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл (100 % ) | 37 658 | 35 899 | 35 162 |
Қазақстан-Қытай құбыры (100%) | 14 590 | 14 368 | 15 592 |
МұнайТас (100 % ) | 1 232 | 1 322 | 1 725 |
Каспий құбыр арнасы консорциумы (100%) 82 997 77 207 79 446 | 82 997 | 77 207 | 79 446 |
Компания | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл (100 % ) | 37 658 | 35 899 | 35 162 |
Қазақстан-Қытай құбыры (50%) | 7 296 | 7 185 | 7 796 |
МұнайТас (51 % ) | 628 | 674 | 879 |
Каспий құбыр арнасы консорциумы (20,75%) | 17 222 | 16 020 | 16 485 |
Компания | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл (100 % ) ҚМГ активтің операциялық қызметін толық бақылайтындықтан, ҚТО тасымалдауы 100% көлемінде ұсынылған. | 44 463 | 42 298 | 41 224 |
Қазақстан-Қытай құбыры (50%) | 8 100 | 7 942 | 8 706 |
МұнайТас (51 % ) | 1 648 | 1 694 | 2 179 |
Каспий құбыр арнасы консорциумы (20,75%) | 13 126 | 12 248 | 12 601 |
Барлығы | 67 337 | 64 181 | 64 710 |
Компания | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл | 4 722,0 (с 01.09.2019 — 4 717,0) | 4 110,0 | 4 356,0 (с 01.12.2021 — 4 328,0) |
Қазақстан-Қытай құбыры | 7 158,0 | 6 456,0 (с 01.02.2020 — 7 158,0) | 4 323,7 |
МұнайТас | 5 724,0 (с 01.07.2019 — 5 912,0) | 5 457,3 (с 25.12.2020 — 5 912,0) | 5 912,0 |
Компания | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл, 1 мың км-ге шаққанда бір тоннаға теңге | 6 399 | 6 399 (с 01.03.2020 — 7 359) | 7 359 |
Қазақстан-Қытай құбыры, 1 мың км-ге шаққанда бір тоннаға теңге 6 799 6 799 6 799 | 6 799 | 6 799 | 6 799 |
МұнайТас, 1 мың км-ге шаққанда бір тоннаға теңге | 5 912 | 5 912 | 5 912 |
Каспий құбыр арнасы консорциумы, бір тоннаға АҚШ доллары. | 38 | 38 | 38 |
Компания | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл | 4,23 | 4,23 | 4,23 |
Қазақстан-Қытай құбыры | 10,77 | 10,77 | 10,77 |
Мұнайды магистралдық тасымалдау тарифтері
Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдау тарифтері мемлекеттік реттелуге жатады.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204-VI Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит және Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар саласына кірмейді.
Теңізбен мұнай тасымалдау
Тасымалдау активтері
"Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" ЖШС (ҚТКФ) Ұлттық теңіз тасымалдаушысы болып табылады. ҚТКФ активтерінің құрамына кіретіндер:
- сауда флоты: жеке мұнай құю танкерлері — "Астана", "Алматы" және "Ақтау" (әрбір дедвейт 12 мың тонна); сондай-ақ "Афрамакс" - "Алатау" және "Алтай" үлгісінде мұнай құю танкерлері (әрбір дедвейт 115 мың тонна);
- теңіз операцияларын қолдау флоты— жүк көтергіштігі 3,6 мың тонна ҚМГ сериясының сегіз баржа-алаңы;
- "Теңізшевройл" ЖШС болашақ кеңейту жобасына қатысатын флот: MCV класты үш кеме - "Барыс"," Бүркіт" және "Сұңқар", жүк көтергіштігі 5,2 мың тонна, үш буксир — "Талас", "Ембі" және "Ырғыз" (гактағы тартым 40 тонна).
Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың негізгі бағыттары:
- Каспий теңізі акваториясындағы бағыттар
- Қара және Жерорта теңіздеріндегі бағыттар
Тасымалдау көлемі
2021 жылы теңіз арқылы мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 865 мың тоннаға сәл ұлғайып, 9 855 мың тоннаны құрады. Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемінің ұлғаюы әлемдегі мұнай тасымалы нарығын қалпына келтірудің арқасында Жерорта теңізінде тасымалының артуына байланысты болды.
2021 жылғы наурызда "Барыс" көпфункционалды қосалқы кемесін контейнер тасушы етіп жаңғырту және қайта жабдықтау аяқталды. Контейнерлік жүктерді тасымалдау Ақтау-Баку-Ақтау фидерлік желісінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ҚТКФ құрғақ жүктерді ҚТКФ меншігіне беру туралы "KTZ Express Shipping" ЖШС-мен келісім жасасты.
Есепті жылдың мамырында ҚТКФ меншігіне құрғақ жүк тасымалдайтын екі кеме алынды : "Бекет–Ата" және "Түркістан". 2021 жылдың 3-тоқсанында Muwsufa Thima Иджар келісімі аясында "Al Hilal "Ислам Банкі" АҚ алдындағы барлық міндеттемелер орындалды. Сондай-ақ, ҚТЖ мен "ADY Container" ЖШҚ арасында "Баку-Түркменбашы-Баку" бағыты бойынша контейнерлерді тасымалдау туралы бас келісімге қол қойылды.
Теңіз | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Қара және Жерорта | 10 186 | 8 361 | 9 318 |
Каспий | 543 | 629 | 537 |
Барлығы | 10 729 | 8 990 | 9 855 |
Теңіз | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Қара және Жерорта | 9 676 | 7 942 | 8 852 |
Каспий | 165 | 197 | 167 |
Барлығы | 9 841 | 8 139 | 9 019 |