Тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі
Қызметтің тиімділігін бағалау жүйесі Компания қызметінің оның стратегиялық мақсаттарымен үйлесімділігін қамтамасыз ететін Компанияны стратегиялық және жедел басқару құралдарының бірі болып табылады.
Тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі келесі қағидаттарды сақтауға негізделеді:
- қызметтің өндірістік және қаржы-экономикалық түйінді көрсеткіштерінің (ҚТК) тұрақты даму, Корпоративтік басқару, дамудың әлеуметтік және экологиялық салаларындағы көрсеткіштермен теңгерімді үйлесуі;
- стратегиялық ҚТК-ны операциялық ҚТК-ға декомпозициялау, сондай-ақ оларды ұйымдық құрылымы мен қызмет түрлері бойынша жоғарыдан төмен жіктеу.
ҚТК сондай-ақ басшы қызметкерлерді ынталандыру жүйесінің бір бөлігі болып табылады, онда есепті жылдың қорытындысы бойынша сыйақы төлеу мотивациялық ҚТК-ның орындалуына байланысты.
Мотивациялық тиімділік мыналарды қамтиды:
- тізбесі стратегиялық көрсеткіштерге сүйене отырып және Компанияның есепті кезеңдегі басымдықтарын ескере отырып қалыптастырылатын ҚМГ департаменттері басқармасының барлық мүшелері мен директорларына ортақ болып табылатын корпоративтік ҚТК;
- Компанияның нақты басшысының маңызды міндеттеріне негізделген ҚМГ Басқарма мүшелері мен департаменттері директорларының жеке ҚТК болып табылатын функционалдық ҚТК.
Басшылар | Корпоративтік | Функционалдық |
---|---|---|
Басқарма төрағасы | 100 | 0 |
Басқарма мүшелері (Басқарма төрағасын қоспағанда) | 70 | 30 |
ҚМГ Басқарма мүшелерінің ҚТК тізбелері мен мақсатты мәндерін жыл сайын Компанияның Директорлар кеңесі бекітеді. Сыйақы беру мақсатында ҚТК орындалуын бағалау Компания қызметінің есепті жылдағы қаржылық-экономикалық қорытындысы шығарылғаннан кейін жүзеге асырылады.
2021 жылға арналған ынталандыру ҚТК менеджментті операциялық тиімділікті арттыруға, сондай-ақ ҚМГ қызметінің экологиялық, әлеуметтік аспектілері мен корпоративтік басқаруға шоғырландыру қажеттілігін ескере отырып әзірленді.
Төменде 2021 жылы корпоративтік қызмет көрсеткіштерінің орындалуы келтірілген.
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | 2021 | 2021 жылы орындалу барысына түсініктеме | |
---|---|---|---|---|---|
Жоспар | Факт ҚМГ Директорлар кеңесінің 2021 жылға арналған көрсеткіштердің нақты мәндерін түпкілікті бекітілуі 2022 жылдың маусым айында күтілуде, сондықтан кестеде көрсетілген мәндер аздап түзетілуі мүмкін. | ||||
1 | Дамытуға арналған еркін ақша қаражаты мен дивидендОперациялық қызметтен түсетін ақша ағыны (бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларды есепке алмағанда) – өндірісті қолдауға арналған күрделі салымдар | млрд теңге | −176 | 360 | Жоспар орындалды |
2 | NAV (Таза активтердің құны) | млрд теңге | 9 005 | 8 506 | Жоспар асыра орындалды 2021 жылғы 9 қарашада ҚМГ «ҚазТрансГаз» АҚ акцияларының 100%-ын «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына берді және тиісінше «ҚазТрансГаз» АҚ шоғырландыру периметрінен шығарылды. Жоспарланған NAV көрсеткішін қалыптастыру кезінде бұл фактор ескерілмеді. «ҚазТрансГаз» АҚ-ны есепке алғанда нақты көрсеткіш жоспардан жоғары болып 10 255 млрд теңгені құрады |
3 | Қарыз / EBITDA «Самұрық-Қазына» АҚ бекітілген әдістемесіне сәйкес. | коэф. | 4 | 2,4 | Жоспар асыра орындалды |
4 | Инвестициялық жобаларды іске асыру | % | 90 | 44 | Жоспар орындалмады |
5 | Операциялық тиімділікті арттыру | % | 94 | 98 | Жоспар орындалды |
6 | ESG-рейтинг | рейтинг | 65 | 72 | Жоспар асыра орындалды |
7 | ҚМГ компаниялар тобының тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті үлесҚМГ компаниялар тобының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алуда жергілікті қамту үлесі бойынша индикаторлардың орындалуын көрсететін композиттік көрсеткіш. | % | 71 | 77 | Жоспар асыра орындалды |