Геологиялық барлау

ҚМГ геологиялық барлау және қорлардың өсімін қамтамасыз ету бойынша бұрын әзірленген стратегияны ұстанады

2021 жылы геологиялық барлау жұмыстарына арналған шығындар 20,7 млрд теңгені (үлестерді есепке алмағанда) құрады, бұл 2020 жылғы шығындардан 2,7 млрд теңгеге жоғары. Шығындардың ұлғаюы негізінен жаңа перспективалы кен орындарын игеруге, сондай-ақ өндірудің ағымдағы деңгейін ұстап тұруға және орта мерзімді перспективада қорлардың орнын толтыруға күрделі салымдармен байланысты болды.

Қорларды толықтыру

органикалық және бейорганикалық өсу есебінен

  • Қолданыстағы келісімшарттық учаскелерде геологиялық барлау жүргізу
  • Өндіруші активтерге қосымша барлау жүргізу
  • Перспективалық жобаларды бағалау және сатып алу

Стратегиялық серіктестерді тарту

геологиялық барлау жобаларын бірлесіп іске асыру үшін

  • Шетелдік инвестицияларды тарту
  • Білім және технологиялар трансфері
  • Тәуекелдерді оңтайландыру

Тиімділікті арттыру

жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының есебінен

  • Ағымдағы технологияларды жетілдіру және жаңа технологияларды енгізу
  • Процестерді цифрландыру
  • Барлау процестерін жобалық басқару жүйесіне енгізу
Завод

2021 жылғы негізгі оқиғалар:

  • Жоғары көрсеткішті сейсмобарлау (ЖКС) 3D нәтижелеріне сәйкес Шығыс Жетібай кен орнындағы №8 бағалау ұңғымасын бұрғылау және игеру қорытындысы бойынша юра көкжиенінен тәулігіне 38 тоннаға дейінгі дебитпен мұнай бұрқағы алынды. Бұрын игеруге тартылмаған кен орнының батыс блогында мұнай бар екені дәлелденді.
  • ЖКС 3D нәтижелеріне сәйкес Оңтүстік Жетібай кен орнындағы №42 бағалау ұңғымасын бұрғылау және игеру қорытындылары бойынша юра көкжиегінен тәулігіне 36 тоннаға дейінгі дебитпен мұнай ағыны алынды. Бұрын барланбаған мұнай горизонтының мұнайлығы дәлелденді.
  • ЖКС 3D нәтижелеріне сәйкес Қаламқас кен орнының өлкелік бөліктерінде бұрғылау және үш бағалау ұңғымасын игеру қорытындысы бойынша юра көкжиегінен тәулігіне 30 тоннаға дейінгі дебитпен мұнай ағыны алынды. Бұрын өткізіп алынған көкжиектер анықталды және шеткі аймақтардың өнімді горизонттарының құрылымы нақтыланды.
  • Инженерлік-іздестіру жұмыстарының нәтижелері бойынша Жеңіс учаскесінде алғашқы теңіз барлау ұңғымасын салу орны түзетілді және бекітілді. Бұрғылау жұмыстары 2022 жылға жоспарланған.
  • 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Шығыс Бектұрлы учаскесінде іздеу ұңғымасын бұрғылау басталды.
  • ҚМГИ-мен барлау және жете барлау үшін жаңа алаңдарды іздеу бойынша бірлескен жұмыс аясында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада іске асыру үшін 10 перспективалы объект анықталды.
  • Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнында қосымша барлау жолымен жаңа мұнай шоғырлары табылды. Нәтижесінде алынатын мұнай қорының өсімі 39,9 млн тоннаны құрады.

Геологиялық барлау бойынша жаңа жобалар

2021 жылы Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасының (МЖҚББ) тізімінде компанияға екі жаңа жоба бекітілді («Әл-Фараби», «Торғай Палеозой»). Жақын арада МЖҚББ тізбесіне үш қосымша жобаны қосу жоспарлануда, «Қаратон-Сарықамыс», «Тайсойған» және «Өзен-Қарамандыбас».

Оңтүстік Торғай бассейні шегінде палеозой шөгінділерін барлаудың жаңа жобасы бассейндік модельдеуді пайдалану және өңірдің терең геологиялық құрылымының жалпы қабылданған тұжырымдамасын өзгерту арқылы кешенді тәсілдің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда Торғай палеозой жобасын ҚМГ инвестициялық комитеті (ҚМГ ИК) мақұлдады, енді барлау ұңғымасын бұрғылауға рұқсат алу жұмыстары корпоративтік рәсімдерден өтуде.

«Өзен-Қарамандыбас», «Тайсойған», «Қаратон-Сарықамыс» учаскелерінде бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін стратегиялық әріптестерді тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Виртуалды датарум (Virtual Data Room) шеңберінде шөгінді бассейндерді бірлесіп зерделеу, қолданыстағы активтерді бірлесіп барлау және әзірлеу үшін серіктестерді тарту және МЖҚББ жобаларына тарту жүргізіледі. Әлеуетті серіктестер үшін 10-нан астам датарум өткізілді, олардың нәтижелері бойынша «Татнефть» ЖАҚ, China National Petroleum Corp. (CNPC), «Зарубежнефть» АҚ және басқалармен ықтимал ынтымақтастық бойынша келіссөздер жүргізілуде. «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ-пен бірлесіп зерттеу келісімі аясында жұмыстар жалғасуда.

Жаңа технологияларды енгізу, геологиялық барлауды оңтайландыру, тиімділікті арттыру

2017 жылдан бастап Қаламқас, Өзен, Жетібай ірі кен орындарында, сондай-ақ Асар, Бұрмаша, Оңтүстік Жетібай, Шығыс Жетібай және т.б. кен орындарында ЖКБ 3D технологиясы сәтті енгізілді.

Қолданыстағы активтер бойынша геологиялық міндеттерді шешу үшін 2D және 3D (3D Multiple, SWIM, FWI және басқалары) сейсмикалық деректерді өңдеу саласындағы ең жаңа әлемдік геофизикалық технологияларды тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, сейсмикалық деректерді интерпретациялау технологиясы енгізілуде (ResOP, нейрондық желілерді пайдалану болжамы, сейсмикалық деректерді инверсиялық талдау).

геологиялық барлау жұмыстары 2019 2020 2021
2D-сейсмикалық-барлау, қума км 240 1 099
3D- сейсмикалық-барлау, км2 6 928 347 2 982
Бұрғыланған ұңғымалар саны, бірл. 39 19 15

Серіктестік жобаларды кеңейту

«Әл-Фараби» жобасы

Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы «Әл-Фараби Оперейтинг» ЖШС болып табылады:

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – «Әл-Фараби Оперейтинг» ЖШС БК-дегі үлесі 50,01%;
  • «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ – «Әл-Фараби Оперейтинг» ЖШС БК-дегі үлесі 49,99%

Кен орнын игеру жобасы бекітілгенге дейін барлау кезеңінде қаржыландыруды «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Эни Исатай Б. В.» компаниясы арасындағы 2021 жылғы 11 қарашадағы қаржыландыру туралы келісімнің шарттарына сәйкес кэрри-қаржыландыру қағидаты бойынша жоба бойынша шығыстардың 100%-ы мөлшерінде жүзеге асырады.

«Жеңіс» жобасы

Жобаға қатысушылар:

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – жер қойнауын пайдалану құқығы 50%;
  • «ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим» ЖШС – жер қойнауын пайдалану құқығы 50%.

Жоба операторы «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС болып табылады.

Барлау кезеңінде қаржыландыруды «ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим»ЖШС арасындағы қаржыландыру туралы келісімнің шарттарына сәйкес кэрри-қаржыландыру қағидаты бойынша жоба бойынша шығыстардың 100%-ы мөлшерінде жүзеге асырады.

"Исатай" жобасы

Жобаға қатысушылар:

  • "ҚазМұнайГаз " ҰК АҚ – жер қойнауын пайдалану құқығы 50% ;
  • "Эни Исатай Б.В." – жер қойнауын пайдалану құқығы 50%.

Жобаның операторы "Исатай Оперейтинг Компани" ЖШС болып табылады.

Барлау кезеңінде қаржыландыруды "Эни Исатай Б.В." компаниясы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен "Эни Исатай Б. В." компаниясы арасындағы қаржыландыру туралы келісімнің шарттарына сәйкес кэрри-қаржыландыру қағидаты бойынша жоба бойынша шығыстардың 100%-ы мөлшерінде жүзеге асырады.

"Абай" жобасы

Жобаға қатысушылар:

  • "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ – жер қойнауын пайдалану құқығы 50%;
  • "Эни Исатай Б.В." – жер қойнауын пайдалану құқығы 50%.

Жобаның операторы "Исатай Оперейтинг Компани" ЖШС болып табылады.

Кен орнын игеру жобасы бекітілгенге дейін барлау кезеңінде қаржыландыруды "Эни Исатай Б.В." компаниясы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен "Эни Исатай Б. В."компаниясы арасындағы Қаржыландыру туралы келісімнің шарттарына сәйкес кэрри-қаржыландыру қағидаты бойынша жоба бойынша шығыстардың 100%-ы мөлшерінде жүзеге асырады.

"Шығыс Бектұрлы" жобасы

Жобаға қатысушылар:

  • "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ - жер қойнауын пайдалану құқығы 50%;
  • "Көкел Мұнай" ЖШС - жер қойнауын пайдалану құқығы 50%.

Жобаның операторы "Beсturly Energy Operating" ЖШС болып табылады.

Барлау кезеңінде қаржыландыруды "Көкел Мұнай" ЖШС кэрри-қаржыландыру қағидаты бойынша жоба бойынша шығыстардан 100% мөлшерінде жүзеге асырады.

"Торғай" жобасы

Жобаға қатысушылар:

  • "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ – 100%.

Осы кезеңде "Торғай" жобасы ҚМГ-ның өз күшімен және ҚМГжеке қаражаты есебінен іске асырылады деп болжанып отыр.

"Хвалынское" жобасы

2005 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының уәкілетті ұйымдары - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "ЛУКОЙЛ" ЖАҚ өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылғаннан кейін "Хвалынское" жобасы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы ресімделетін "Каспий мұнай-газ компаниясы" ЖШҚ-ның 50%/50% бірлескен кәсіпорнын құрды.

Жобаны қаржыландыруды "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "ЛУКОЙЛ" ЖАҚ тепе-теңдік негізде проценттік қарыздар беру арқылы жүзеге асырады

"Орталық" жобасы

Жобаға қатысушылар:

  • "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ - 50%;
  • "ЦентрКаспнефтегаз" ЖШҚ – 50% (50%/50% "Лукойл" ЖАҚ және "Газпром" ЖАҚ-ның бірлескен кәсіпорны).

Оператор және жер қойнауын пайдаланушы Ресей Федерациясында тіркелген "Центральная мұнай-газ компаниясы" ЖШҚ болып табылады.

Барлау кезеңінде қаржыландыруды «ЦентрКаспнефтегаз» ЖШҚ кэрри-қаржыландыру қағидаты бойынша жоба бойынша шығыстардың 100% мөлшерінде жүзеге асырады.

«Құрманғазы» жобасы

Жобаға қатысушылар:

  • «ҚазМұнайГаз» ТМК АҚ - ӨБК-дегі үлесі 50%;
  • «РН-Эксплорейшн» ЖШҚ («Роснефть» ЖАҚ-ның 100% еншілес ұйымы) - ӨБК-дегі үлесі 50%.

Жобаның операторы «Құрманғазы Петролеум» ЖШС болып табылады – «Құрманғазы Петролеум» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% үлес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға тиесілі.

Жобаны қаржыландыруды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «РН-Эксплорейшн» ЖШҚ тепе-тең негізде - шығыстардың 50%-нан жүзеге асырады.

Халықаралық компаниялармен ғылыми-техникалық ынтымақтастық